Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
1837-1847 жылдардағы Кенсары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс -

1837-1847 жылдардағы Кенсары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1077 | Размер: | Автор: гость
. Маңқараева Айгүл Оразəліқызы,
№24 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенсары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Сабақ мақсаты:
Білімділік: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің алғы шарттары,
барысы, маңызы, қозғаушы күштері, тарихи маңызына терең
талдау жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында сабақ мазмұнын дамыта отырып тарихи оқиғаларды есте сақтау.
Тәрбиелік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп тағлым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, шығармашылық ізденісті дамыту.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сын тұрғысынан оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан тарихы әдістемесі, № 3, 2006 ж., Электрондық оқулық, 8 сынып, тірек сызбалар, Кенесары Қасымұлы, Н. Назарбаев суреттері, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
• І. Ұйымдастыру кезеңі
• ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
• ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Ой шақыру стратегиясы
2. Көтерілістің алғышарттары
3. Көтерілістің басты мақсаты
4. Кенесары Қасымұлының Ұлы жүзге бет алуы
5. Кенесары құрған феодалдық мемлекеттің құрылымы.
6. Көтерілістің жеңілу себептері.
7. Көтерілістің тарихи маңызы
ІV. Жаңа сабақты бекіту. Венн диаграммасы
V. Үйге тапсырма. VI. Бағалау
Үй тапсырмасын сұрау
1) Сәйкестендіру.
Ұрысқа қатысушылар Алған ордендері
Майлыбайұлы,
Қ.Зыңдағұлұлы
Кутузовтың қолынан орден алған
М.Қолшораұлы
Е.Азаматұлы
Күміс медаль, жасыл ленталы медаль
Б.Шауышбайұлы,
Ы.Әубәкірұлы
Хорунжи шені берілді
2) Тірек сызба
Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуының тарихи маңызы.

Бекіту сұрағы:
1) 1812 жылығы соғыстың басталуы туралы хабарды қазақтар қалай қабылдады?
2) Қазақ жауынгерлерінің негізгі шайқастарға қатысуы

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Ой шақыру стратегиясы

Сүйік Сұлтан Ресей билігін мойындады
Ұлы жүз батырлары Тайшыбек, Саурық, Кенесарыны қолдады
Қоқан езгісіндегі қазақтарды дербестік алуына көмектесу

Кенесары хандығындағы ерекшеліктер


“Кім жылдам” ойыны
1. Кенесары қай жылы хан сайланды?
2. Арғын, қыпшақ, керей, найман қандай жүздің рулары. /орта жүздің/.
3. Кенесарының әпкесінің аты. /Бопай/
4. Кенесары қай ханның немересі, /Абылай хан/
5. Кенесары әскерін басқарған беделді батырлар. /Иман Дулатұлы, Жоламан Тіленшіұлы/
6. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс болған жыл. /1837-1847 жж./
7. Қазақтың ең соңғы ханы. /Кенесары Қасымұлы/
8. Көтерілістің басты қозғаушы күші /шаруалар/
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.