Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
1 мамыр Ынтымақтастық күніне орай өткізілген іс-шаралар  туралы ақпарлама -

1 мамыр Ынтымақтастық күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпарлама

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 6847 | Размер: | Автор: Публикатор
. Мұнайлы ауданы №7 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сыныптар аралығында 1 мамыр Ынтымақтастық күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпарлама
Бастауыш сыныптарда 28.04 - 03.05 аралығында 1 мамыр Ынтымақтастық күніне орай ашық сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатардың мақсаты ортақ, яғни оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу болды. "Халықтар достығы бірлікте","Бірлігі жарасқан тәуелсіз елім бар", "Ақ көгершін", "Ынтымақ-достық кепілі " тақырыптарында ұран сөз тастап, әртүрлі ұлттық киімдер киіп,шарлар мен ақ көгершін, гүлдер ұстап патриоттық сезіммен Қазақстан Республикасының Гимн айтумен бастап, рәміздерімізді мақтаныш етіп, өлең жолдарымен жеткізді. Әртүрлі қырғыз, өзбек, үнді, грузин, тәжік, орыс, украин т.б және өзіміздің ұлттық қазақ киімін киген оқушылар достық сезімдерін өлең шумақтарын айтып, "Дос болайық бәріміз!", "Әрқашан күн сөнбесін!", "Ақ көгершін", "Қазақ елі осындай!" әндерін көтеріңкі көңілмен шырқады. Қыздарымыз басқа ұлтың киімдерімен мың бұралып билеп, ортаға өз өнерлерін салды. Ашық тәрбие сағаттарынан көрініс.
1 сынып бүлдіршіндері барлығы бірігіп"Халықтар достығы бірлікте "тақырыбында мектеп акт. залында кең көлемде концерттік бағдарламасын ұсынды.Онда 1сынып оқушыларының 289 бала қатысыты.


2 "а" сыныбы мен 2"ә" сыныбы бірлесіп "Достығымыз жарасқан" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді, сонымен қатар "Тойбастар" биімен қыздарымыз би билеп, қазақтың ұлттық дастарқанын көрсетіп, оқушылар хормен "Достық әнін шырқайық" әнін орындады.


4"ә"сынып оқушылары "Ынтымақ -достық кепілі" тақырыбында ашық тәрбие сағатында достық, ынтымақ туралы нақыл сөздермен, мақал-мәтелдер айтып, білімділіктерін көрсетті.

4"ғ" сынып оқушылары "Ынтымақ достық кепілі" тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатында "Бірлік бар жерде-бақыт бар", "Бірлігі күшті - ел озады" деп "Қырғыз бен грузин айтысы" көрнісін көрсетіп, "Атамекен" әнімен аяқтады. Сынып жетекшісі әр ұлттың ұлттық тамағын көрсетіп, оқушыларға олардың ерекшеліктерімен таныстырып өтті.

3 "в" сыныбында "Халықтар достығы бірлікте" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар бірлік, достық туралы өлеңдерімен бірге "Асыл көгершін", "Шағала" әніне би билеп, "Бала тілегі" әнін хормен орындап, аяқтады.

3 "к" сыныбында "Ақ көгершін" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мұғалім ынтымақ, бірлік, достық туралы, біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұратынын айтып, олар бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп жатқандығы туралы мағлұмат беріп, "Қаражорға" биін билеп, "Ақ көгершін" әнімен аяқтады.

4 "б" сыныбы да"Халықтар достығы бірлікте" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Туыстық, тыныштық, бейбітшілік туралы өлең-шумақтарын оқып, тақырыпқа сай "Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?"(тыныштық), "Тыныштық деген сөздің мағынасын білесіңдер ме?" деген сияқты т.б. сұрақ-жауаптар арқылы білімдерін толықтырды. "Бейбітшілік, Еңбек, Мамыр жасасын!" деп ұрандап, хормен "Әрқашан күн сөнбесін!" әнуы імен аяқтады.

Бейнелеу пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастырылуымен 4 сынып оқушыларымен "Мен бейбітшілікті сүйемін!" тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы өткізілді. Оқушылар көтеріңкі көңілмен, өз ішкі сезімдерін достық, бейбітшілікті сүйетіндерін қызығушылықпен белсенділік көрсетіп, шеберліктері мен өнерлерін ортаға салды.


Мұнайлы ауданы №7 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сыныптар аралығында өткізілген іс-шаралар

Наурыз мерекесінен көрініс "Бесікке салу" рәсімі



Сынып жетекшілер жиналысы

Үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен Тураева Гулнара өз тәжірибесін мұғалімдермен бөлісуде




«Біз мектепке барамыз» атты іс – шаралардан көрініс
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.