Меню
Назад » » »
1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
загрузка...

загрузка...
1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН
«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Байқоңыр «Космос» колледжі білім мекемесінде 1 қыркүйек Білім күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты мереке болып өтті.
Биылғы оқу жылы тарихи маңызы зор айтулы мерекелермен ерекшеленеді: Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы.
Салтанатты жиынымызды колледж басшысы, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қармақшы аудандық маслихатының депутаты, Қазақстан Республикасының Білім Беру Ісінің Үздік Қызметкері Дауленбаев Ануар ағай ашып берді.
Биыл 2015-2016 оқу жылында мемлекеттік грант негізінде «Оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар», «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану», «Туризм», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтарына 100 бала Байқоңыр «Космос» колледжі білім мекемесінің 1-курс студенті атанды.
Білім Күні – оқушылар мен ата-аналардың, өз білім ордасын сүйетін және ұмытпаған барлық адамдардың дәстүрлі мерекесі. Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
Колледжіміздің ұлағатты ұстаздары, әрдайым үлгі-өнеге көрсетуден талмайтын,сүйікті ұстардарымыз ШАКИМОВ САПИУЛЛА САКЕНОВИЧ ПЕН МУАПИКОВА ДАМЕЛІ апай 1 курс студенттеріне сәттілік тілеп, оқуларын жақсы оқуға шақырып, алғашқы білім күнімен құттықтады.
Зейнеткер, Батыр ана АБЖАНОВА КҮЛАЙЫМ ДАРИҚЫЗЫ білім алушы жастарға ақ батасын беріп, Отанымыз-Қазақстанның кемел келешегі үшін білім алып, өз ісінің қас маманы болатындарына сенім артатынын білдірді.
1 қыркүйек Білім күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты мерекеде колледж студенттері Нағымет Қаракөз, Төлебаева Динар, Байбосынова Наргиза, «Сәлем саған, Туған Жер», «Қазақ елі», «Отырар», «Әкеге арнау», «Атамекен» сынды патриоттық әндерді орындап, азаматтық рухымызға қанат бітіріп, шыңырау биікке көтерді.
Салтанатты мерекеден соң әр топта «Мәңгілік ел: бір ел-бір тағдыр» тақырыбында Бейбітшілік және келісім сабағы өткізілді.

«Байқоңыр «Космос» колледжі» білім мекемесінің
«жалпы пәндер» оқытушысы
Акмурзаева Бахыт Сайлаубаевна Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему 1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 383 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar