Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы -

1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2481 | Размер: | Автор: Нартай4540
. 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар мен шақырулы қонақтар!

1-жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын Білім күнің – мерекең!

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата – аналар, қадірменді
қонақтар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы
қоңырау» мерекеңізбен құттықтай отырып, колледж өміріне
дәстүрге айналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты
салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші: Мектебіне шәкірттер ағылады,
Сана, білім сусаған табылады.
Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,
Ұстазына жеткенше сағынады.

2-жүргізуші: Жүректері тұратын лүпіл қағып,
Мұғалімдер оларды күтуде анық.
Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,
Осы шақты аңсайды бүкіл халық.

2-жүргізуші: Колледж, тік тұр! ҚР Мемлекеттік әнұраны
орындалсын!
/ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады/

1-жүргізуші: Абзал жан, биік тұлға байсалды,
Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.
Бүгінгі салтанатты шақта бір
Құттықтайды колледж басшысы баршаңды, – дей келе,
құттықтау сөз колледж директоры Жанекенов Бауыржан
Мақсотұлына беріледі
2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныстыруға рұқсат
етіңіздер: /келген қонақтармен таныстыру/

1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
1- жүргізуші: Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей бүгінгі
студенттердің құрметіне ІІІ курс студенті Кумарова
Кенжегүлдің орындауындағы тамаша әнді қабыл
алыңыздар.

2 -жүргізуші: Ардақты асыл мекен мектебіме,
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарында
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________

1-жүргізуші: Қазақ биі – орындайтын ІІІ курс студенті Суюншалиева Умит

2-жүргізуші: Колледж табалдырығын аттағалы тұрған І курс студенттері!
Қадамдарыңыз құтты болсын! Сабақтарыңызды жақсы оқып,
үлкен үлкен жетістіктеріңізге жетулеріңе тілектеспіз!

1-жүргізуші: Келесі сөз кезегі І курс ата аналар атынан __________________
беріледі

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі ІІІ курс студенті Джумабеков Тайман және І курс студенті Нұрлыбекова Гүлжан беріледі.
/Қоңырау соғылып жатқан сәтте…/
1-жүргізуші: Қызыл гүл жайнады төрімде,
Қызықты күнім де, кешім де.
Алғашқы қоңырау дауысы,
Қалады мәңгілік есімде.
1-жүргізуші: Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.
2-жүргізуші: Білімнің гүлін ашылған,
Терумен оқып жүр екем.
Бақытқа бізді шақырған,
Қоңырау дауысы жыр екен
1-жүргізуші: Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп
жариялаймыз!

2-жүргізуші: Келесі кездескенше аман сау болайық!

Хабарландыру: Құрметті студенттер және ата аналар, баршаңызды Білім күніне арналған «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тәрбие сағатымызға шақырамыз. Әр топ жетекшісі өз топтарыңызбен бекітілген кабинеттерге баруларыңыз сұралады.
№11 топ жетекшісі Сундетбаев Нұрғали Рахимович,
топ шебері Хайруллин Құбайдолла Мұхамидиярович
№12 топ жетекшісі Елесова Рима Бериковна
топ шебері Рахимова Анара Султангалиевна
№1 топ шебері Сагидуллин Мереке Батырханович
№2 топ кураторы Повытчиков Сергей Валентинович
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.