Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай  өзін – өзі басқару күні өтті. -

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай өзін – өзі басқару күні өтті.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1192 | Размер: | Автор: гость
. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай
өзін – өзі басқару күні өтті.

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында!
(Н.Ә.Назарбаев)

«Байқоңыр «Космос» колледжі» білім мекемесінде 3 жыл қатарынан
«1 желтоқсан Тұңғыш Президент» күніне орай студенттердің ұйымдастыруымен «Өзін – өзі басқару» күні өткізіліп келеді. Биылғы оқу жылында да жоғары топ студенттері мереке күнінде төменгі топ студенттеріне сабақ өткізді. Колледж директорынан бастап, топ жетекші, пән мұғалімдерінің қызметтерін атқарған студенттер бұл күні ерекше белсенділік танытты.
Колледж директорының міндетін атқарған Қалыбек Бексұлтан мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының қызметін атқарған Жағыпарова Фарида сабақтарды аралап, Баекешова Айгерім сол күнгі «химия», Көшек Ералі «қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушыларын ең үздік мұғалім деп таныды. Себебі, өздерін студенттердің қасында мұғалімдей сезініп, міндеттерін абыроймен аяқтап шықты. Осылайша
Сабақтардың өткізілуі сарапқа салынып, нәтижесінде жақсы белсене қатысқан студенттер алғыс хатпен марапаталды.
Өзін – өзі басқару күнінде студенттер ұстаздықтың қандай қиын мамандық екенін түсінсе, ұстаздар қауымы «45 жыл ұстаздық етсең де, 45 минуттық сабағыңа дайындалып кір» деген ұлағатты сөздің мәніне толық көз жеткізгендей болды. Ең бастысы, бұл күн шәкірттің де, мұғалімнің де көңілінен шыққан керемет күн болды.

«Байқоңыр «Космос» колледжі»
білім мекемесінің
3 курс, «О-131» тобының студенті
Жағыпарова Фарида.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.