Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
23+7, 30-7 түріндегі қосу және азайту -

23+7, 30-7 түріндегі қосу және азайту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1158 | Размер: | Автор: гость
. 2 сынып, математика. Сабақтың тақырыбы: 23+7, 30-7 түріндегі қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 23 + 7, 30 - 7 түріндегі ауызша қосу және азайту тәсілдерін қалыптастыру
Міндеттері:
Білімділік:
Бірліктерді қосу және азайтуға келтіру арқылы орындалатын есептеу тәсілдерін енгізу, сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсетіп, екі амалмен шығарылатын есепті шығаруды пысықтау. Геометриялық фигураларды ажырату және ұзындықты өлшеуді қайталау. Оқулықпен жұмыс істеу.
Дамытушылық:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы ойды дұрыс жеткізе білу дағдыларын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, дамыту; есептеу машықтарын жетілдіру, өздігімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз пікірін еркін айтуға,өзгенің пікірін тыңдауға баулу; адамгершілігін арттыру, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: дамытушылық
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, «Баяндама», «Білімдар», «Тірек мәтін» әдістері
Сабақтың формасы: жеке,топтық
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивтік тақтадан:
1. Сызбалар
2.Жұмыс дәптері(деңгейлік тапсырмалар)
3.Аққала
I – кезең. (5-7 мин)
а)Ұйымдастыру кезеңі. Балалар математика сабағымызды бастайық, оқу-құралдарымызды түгендеп, әдемі болып отырайық. Бүгін бізде ашық сабақ, сабағымызға көптеген қонақтарымыз келіп отыр.
Психологиялық дайындық
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастайық.
ІІ. Үй жұмыстарын тексеру: (өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар үйге берілген болатын) тексеріледі. Өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді.
ІІІ. Өткенге шолу
1.топ Ойлан тап.
Әлібектің түстері қызыл, көк және жасыл доптары бар. Қызыл доп көк доптан үлкен, ал көк доп жасыл доптан үлкен. Ең үлкен доптың түсі қандай? Ең кіші доптың түсі қандай?

2.топ "Ой қорыту
а) Қандай геометриялық фигуралармен таныстық (сызбаларды атау)
• • • •
нүкте сәуле кесінді сүйір бұрыш

тік бұрыш доғал бұрыш төртбұрыш үшбұрыш
шаршы тік төртбұрыш
3.топ Үлестірме қағазбен жұмыс
9 + 4 =? 6 + 7 =? 13 – 7 =?
12 – 8 =? 13 – 4 =?
ІV. Жаңа сабақ 23 + 7 ; 30 – 7 . Топқа бөлу: ( балаларға көбелектер тарату арқылы оларды 3 топқа бөлемін)

№1 тапсырма.
а) Жолақтарды пайдалана отырып, қосу, азайту тәсілдерін орындау.
23 + 7 2 0 + ( 3 + 7) = 30 30 - 7 20 + (10 – 7) = 23
20 3 20 10
V.Дәптермен жұмыс ә) Түсіндіре отырып, тақтада шығарту. (оқулықпен жұмыс)
1 - топ
42 + 8 40 + (2+8) = 50 50 - 8
40 2 40+ (10-8) = 42 40 10
2 - топ
64+6 60 + ( 4 + 6) = 70 70-6 40 + (10 – 8) = 42
60 4 60 10
3 - топ
87+3 80 + ( 7 + 6) = 90 90-3 80 + (10 – 3) = 87
80 7 80 10

№2 тапсырма.

Ауызша орындау. Бос торларға теңдеулердің шешімдері болатын сандар қойылады.

VІ. Сергіту сәті: «Демалыс» ойыны
Кіші көршім оң жақта,
Үлкен көршім сол жақта,
Қайда кеткен жан-жаққа?
Мына сандардың «Көршілерін тап».
•••30••• •••29••• •••15•••
•••27••• •••25••• •••9•••
•••8••• •••10•••
VІІ. ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР (Жеке жұмыс)
I – нұсқа
І деңгей
• 39 + 1 = 80 – 4 =
• 100 – 8 = 45 + 5 =
• 92 + 8 = 30 - 7 =
ІІ деңгей
Ұл бала – 36
Қыз бала – ? 4-еуі артық
ІІІ деңгей
• Шығармашылық тапсырма
Қиялменен, арманды
Жалғастырып самғаймыз.
Болашақты армандап,
Үміт отын жалғаймыз
ІІ - нұсқа І деңгей
• 23 + 7 = 40 - 1 =
• 50 – 5 = 95 + 5 =
• 76 + 4 = 100 - 5 =
ІІ деңгей
Қыз балалар – 30 кітап
Ұл бала – ? 3 кітап кем

ІІІ деңгей
• Шығармашылық тапсырма
Қиялменен, арманды
Жалғастырып самғаймыз.
Болашақты армандап,
Үміт отын жалғайм

Сергіту сәтін орындау
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық
VІІІ.Шығармашылық тапсырма
«Балапанға көмектесу»
( 8 4 ) = 3
ІX. Қорытынды.
- Балалар бүгін біз қандай тақырып өттік?
(Қосу және азайту 23 + 7, 30 – 7.)
- Сабақ сендерге ұнады ма?
X. Рефлексия Оқушыларға көбелек тарату арқылы бүгінгі сабақтың ұнағаны, ұнамағаны туралы өз ойларын жазып, гулге жабыстыру
XІ. Бағалау. Бағалау критерийлері. (Әр дұрыс жауап -1 ұпай)
7-8 ұпай – “3”
8-10 ұпай – “4”
10-12 ұпай – “5”
XІІ. Үйге тапсырма. Оқулықтағы 115 бет, №3 есеп.
Бағалау парағы
№ Оқушының аты-жөні Тапсырмалар реті Жалпы ұпай баға
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.