Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
23+7,  30-7 түріндегі қосу және азайту -

23+7, 30-7 түріндегі қосу және азайту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1865 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы, Арал қаласы №260 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Толеубаева Базаркуль Умирбаевна

1. «23+7, 30-7 түріндегі қосу және азайту» Математика. 2 сынып.
2. «Көбейту және бөлу 32*5; 160:15» Математика. 3 сынып.
3. «Ғылым таппай мақтанба» Ана тілі. 2 сынып.

2 сынып, математика. Сабақтың тақырыбы: 23+7, 30-7 түріндегі қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға 23 + 7, 30 - 7 түріндегі ауызша қосу және азайту тәсілдерін қалыптастыру
Міндеттері:
Білімділік:
Бірліктерді қосу және азайтуға келтіру арқылы орындалатын есептеу тәсілдерін енгізу, сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсетіп, екі амалмен шығарылатын есепті шығаруды пысықтау. Геометриялық фигураларды ажырату және ұзындықты өлшеуді қайталау. Оқулықпен жұмыс істеу.
Дамытушылық:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы ойды дұрыс жеткізе білу дағдыларын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, дамыту; есептеу машықтарын жетілдіру, өздігімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз пікірін еркін айтуға,өзгенің пікірін тыңдауға баулу; адамгершілігін арттыру, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі:дамытушылық
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, «Баяндама», «Білімдар», «Тірек мәтін» әдістері
Сабақтың формасы: жеке,топтық
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивтік тақтадан:
1. Сызбалар
2.Жұмыс дәптері(деңгейлік тапсырмалар)
3.Аққала
I – кезең. (5-7 мин)
а)Ұйымдастыру кезеңі. Балалар математика сабағымызды бастайық, оқу-құралдарымызды түгендеп, әдемі болып отырайық. Бүгін бізде ашық сабақ, сабағымызға көптеген қонақтарымыз келіп отыр.
Психологиялық дайындық
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастайық.
ІІ. Үй жұмыстарын тексеру:(өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар үйге берілген болатын) тексеріледі. Өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді.
ІІІ. Өткенге шолу
1.топ Ойлан тап.
Әлібектің түстері қызыл, көк және жасыл доптары бар. Қызыл доп көк доптан үлкен, ал көк доп жасыл доптан үлкен. Ең үлкен доптың түсі қандай? Ең кіші доптың түсі қандай?

2.топ "Ой қорыту
а) Қандай геометриялық фигуралармен таныстық (сызбаларды атау)
• • • •
нүкте сәуле кесінді сүйір бұрыш

тік бұрыш доғал бұрыш төртбұрыш үшбұрыш
шаршы тік төртбұрыш
3.топ Үлестірме қағазбен жұмыс
9 + 4 =? 6 + 7 =? 13 – 7 =?
12 – 8 =? 13 – 4 =?
ІV. Жаңа сабақ23 + 7 ; 30 – 7 . Топқа бөлу: ( балаларға көбелектер тарату арқылы оларды 3 топқа бөлемін)

№1 тапсырма.
а) Жолақтарды пайдалана отырып, қосу, азайту тәсілдерін орындау.
23 + 7 2 0 + ( 3 + 7) = 30 30 - 7 20 + (10 – 7) = 23
20 3 20 10
V.Дәптермен жұмыс ә) Түсіндіре отырып, тақтада шығарту. (оқулықпен жұмыс)
1 - топ
42 + 8 40 + (2+8) = 50 50 - 8
40 2 40+ (10-8) = 42 40 10
2 - топ
64+6 60 + ( 4 + 6) = 70 70-6 40 + (10 – 8) = 42
60 4 60 10
3 - топ
87+3 80 + ( 7 + 6) = 90 90-3 80 + (10 – 3) = 87
80 7 80 10

№2 тапсырма.

Ауызша орындау. Бос торларға теңдеулердің шешімдері болатын сандар қойылады.

VІ. Сергіту сәті:«Демалыс» ойыны
Кіші көршім оң жақта,
Үлкен көршім сол жақта,
Қайда кеткен жан-жаққа?
Мына сандардың «Көршілерін тап».
•••30••• •••29••• •••15•••
•••27••• •••25••• •••9•••
•••8••• •••10•••
VІІ. ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР (Жеке жұмыс)
I – нұсқа
І деңгей
• 39 + 1 = 80 – 4 =
• 100 – 8 = 45 + 5 =
• 92 + 8 = 30 - 7 =
ІІ деңгей
Ұл бала – 36
Қыз бала – ? 4-еуі артық
ІІІ деңгей
• Шығармашылық тапсырма
Қиялменен, арманды
Жалғастырып самғаймыз.
Болашақты армандап,
Үміт отын жалғаймыз
ІІ - нұсқа І деңгей
• 23 + 7 = 40 - 1 =
• 50 – 5 = 95 + 5 =
• 76 + 4 = 100 - 5 =
ІІ деңгей
Қыз балалар – 30 кітап
Ұл бала – ? 3 кітап кем

ІІІ деңгей
• Шығармашылық тапсырма
Қиялменен, арманды
Жалғастырып самғаймыз.
Болашақты армандап,
Үміт отын жалғайм

Сергіту сәтін орындау
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық
VІІІ.Шығармашылық тапсырма
«Балапанға көмектесу»
( 8 4 ) = 3
ІX. Қорытынды.
- Балалар бүгін біз қандай тақырып өттік?
(Қосу және азайту 23 + 7, 30 – 7.)
- Сабақ сендерге ұнады ма?
X. Рефлексия Оқушыларға көбелек тарату арқылы бүгінгі сабақтың ұнағаны, ұнамағаны туралы өз ойларын жазып, гулге жабыстыру
XІ. Бағалау. Бағалау критерийлері.(Әр дұрыс жауап -1 ұпай)
7-8 ұпай – “3”
8-10 ұпай – “4”
10-12 ұпай – “5”
XІІ. Үйге тапсырма.Оқулықтағы 115 бет, №3 есеп.
Бағалау парағы
№ Оқушының аты-жөні Тапсырмалар реті Жалпы ұпай баға
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15







Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу 32*5; 160:5
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 32*5 ; 160:5 түріндегі көбейту және бөлуді түсіндіру, білім дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы сабақта әр түрлі тәсілмен мысалдар шығаруға көңіл бөлу.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеп, шығармашылық қабілетін дамыту, өз беттерінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға алғашқы экономикалық білім беруге бағыт беру, нарықтық қатынастарға байланысты экономикалық дамыған іскер адамдарды тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: Қиықшалар, тірек сызба, сурет, интериактивті тақта
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру 1 мин
. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Оқушыларды төрт топқа бөлемін.
Математика сабағын хабарлау.
1-топ. 1 дегенім білім, білім жарық күнің..
2 дегенім еңбек, еңбек бәрін жеңбек.
3 дегенім үміт, үмітсіз жоқ жігіт.
4 дегенім талап, талмайтын қанат.
5 дегенім бірлік, бірліксіз жоқ тірлік.

2-топ. Өмірдегі заттардың,
Есептейміз бәрін біз.
4 амалды қолданған.
Математиак пәнімін.

3-топ. Математика толған тәртіп, мағына мен мән,
Математика толған тамаша заңдылық пен сән.
4-топ. Математика толып жатқан терең сыр,
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.
2. Білімді тиянақтау
а) Кел, ойнайық! «Кім жылдам?»
ә) «Математикалық – білім бәйтерегін» құрастырамыз.Ол үшін мына тапсырмаларды орындаймыз.
1. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не?
2. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
3. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
4. Кубтың көлемін қалай табуға болады?
3. Сабақтың мақсатымен таныстырып, ситуациялық (жағдаяттар) қараудан бастау 4 мин
1 - ситуация. Баяғыда бір қарақшы болыпты. Ол жолда байлар мен шаруалардың қалаға апара жатқан азық - түліктерін ұрып - соғып тартып алып отырады. Сөйтіп оның байлығы аса береді.
Сендер бұған қалай қарайсындар?
Осындай жолмен баюды дұрыс деп ойлайсыңдарма?
2 – ситуация. Еңбексүйгіш атаның шалқаны үлкен болып өсіпті. Бұл енді атасына да, әжесіне де, немересіне де тіпті сатуға да жетті. Атасы осыдан бай бола бастады.
Бұл байлық қандай жолмен келді?
Екі жағдайды салыстыру.
№1 слайд
Еңбектің өзін тапқан
Байлықтың көзін табады.
4. Жаңа сабаққа даярлық 5мин
Ауызша есептеу.
Мына сандардың әрқайсысын 5-ке бөлінетіндей етіп қосылғыштарға жікте. 25, 40, 95, 60, 55.
5. Жаңа тақырыпты пысықтау 4мин
1-тапсырма
а) Өрнекті оқы: 32*5
1-қадам. Разрядтық қосылғыштарға жікте: 32 → (  + )
2-қадам. Көбейтіндіні жаз: (  + )*5
3-қадам. Әр көбейткішті 5-ке көбейт.
4-қадам. Көбейтінділердің мәндерін қос.
ә) Өрнекті оқы: 160:5
1-қадам. Қолайлы (5-ке бөлгенде бөлінді мәнінің ондықтары мен бірліктерін анықтау мүмкін болатындай) қосылғыштарға жікте.
2-қадам. Бөліндіні жаз.
3-қадам. Әр қосылғышты 5-ке бөл.
4-қадам. Бөлінділердің мәндерін қос.
6. Алғашқы бекіту. 5мин
Оқулықпен жұмыс. 2-есеп.
- Барлық оқушы өз бетімен оқып шығады.
1 оқушыға оқыту.
Есепті талдау
- Есеп нелер туралы?
– Темір жол төсеушілері туралы.
- Олар не істеді?
- Неше күн жол төседі?
№ 2 слайд
1- күні – 60 км
2-күні - ? км, ↑ 27 км кем
3-күні - ? км 2 күнде төселген жолдың ⅓-гі
Шешуі: ( 60 – 27 + 60) : 3 = 31
Жауабы: 3- күнде 31 км жол төсед
№3 слайд
Шу каналы – 82 км
Шыршық каналы – 70 км
Лепсі каналы - ? км, 2 каналдың ұзындықтарынан 4 есе қысқа
Шешуі: (82 + 70) : 4 = 38
Жауабы: Лепсі каналы 38 км
7. Сергіту сәті.
8. 3- тапсырма. Түсіндіре отырып, шығар.
№4 слайд
42 * 5 95 * 2 35 * 4 75 * 6
210 : 5 190 : 2 140 : 4 450 : 6
9. 4- тапсырма. Периметрі 12 см болатын екі тік төртбұрыш сыз. Олардың қабырғаларын қалай таңдап алдың? Осы берілгендер бойынша басқа да тік төртбұрыш салуды орындауға бола ма?

10. Топпен жұмыс. 5-тапсырма
№5 слайд
І – топ. Дециметрмен өрнекте : 1/ 2 м , 1/10 м ;
ІІ – топ. Сантиметрмен өрнекте: 1/5 м, 1/10 м;
ІІІ – топ. 3 кесінді сыз: біріншісінің ұзындығы 6 см, бұл екінші кесіндінің ұзындығының ½ -ін құрайды. Үшіншісінің ұзындығы екінші кесіндінің ұзындығының 1/3 бөлігіндей.
№ 6 слайд
Өзіндік жұмыс
Үй тапсырмасы
6-тапсырманы орындау. Теңдеулерді шешу.
11. БИНГО Ұтыс Шығармашылық тапсырманы орындау.
12. Рефлексия.
13. Оқушыларды бағалау.

А н а т і л і
( 2 сынып )
Тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба»
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өмірімен танысу, Абайдың ұрпағына, жалпы адамзатқа қалдырған өсиеті толыққанды адам болудағы 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, жаман әдеттен аулақ болып, бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, ақын шығармаларын оқып, үйренуге баулу.
Дамытушылығы: Мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік
қорын байыту, дүниеге көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Абай портреті, тірек сызбалар, плакаттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт.
- Армысың, алтын күн! Армысың, асыл жыр! Армысың көк аспан! Армысың , жан досым! Жылуыма – жылу қос! Мен менің қолым!
2.Өткен сабақты қорыту. Өткен «Асыл сөз» тарауын тест сұрақтары арқылы қорыту.
3.Жаңа сабақ.
- Оқушылар бүгін біз «Асыл сөз» тарауын аяқтап, жаңа тарауды бастағалы отырмыз. Бұл тарауды қазақ халқының ұлы ақыны, ақындардың пайғамбары, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай атамыздың өлеңімен бастаймыз. Ендеше жаңа тақырып «Ғылым таппай мақтанба».
Автор туралы түсінік беру: Абай 1845 жылы Семей облысы, Шыңғыс болысында дүниеге келді. Шын есімі Ибрагим. Әжесі еркелетіп Абай деп атаған. Абай 10- 12 жас аралығында мұсылманша оқып хат таныған. 4 жылдық медресе 3 айлық орыс мектебін оқиды. 15 жасында би етіп сайланады.


Әжесі Зере Әкесі Құнанбай


4.Өлеңмен танысу. Тақырыпты, күннің жадын тақтаға жазу. Оқушылар дәптерге жазады. Өлеңді оқып беру. Шумақтап оқи отырып түсіндіру.
I. 5 жақсы қасиеттерді талдау, сұрау. Бұл қасиеттердің мағынасын ашу.
1. «Талап – талмас қанат». Талаптанған адам қандай қиын істі де орындайды.
2. Еңбек –«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей».
3. Терең ой. Адамның хайуаннан артықшылығы әріден терең ойлай алады.
4. Қанағат –қарын тойғызады.
5. Рақым – бұл мейірімді болу.





5 – дұшпан:
1. «Өсек өрге бастырмайды» бұл біреудің сыртынан сыпсыңдап жамандап айтылған сөз
2. Мақтаншақ-жаман қылық
3. Еріншек – «Еріншектің ертеңі таусылмайды.
4. Бекер мал шашпақ.
5. Өтірік – «Өтіріктің құйрығы бір тұтам».

Өсек Өтірік

Мақтаншақ Жаман Еріншек

Бекер мал
шашпақ
Қорыта айтқанда осы айтылған жаман қылықтардан аулақ болып,жоғарыда
айтылған жақсы қылықтарға ұмтылсақ, болашақта мейірімді, Отан
сүйер азамат болып шығасыңдар.
Сабақтың сәті: « Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді.
5.Дәптермен жұмыс. Ғылым – оқу білім, Ғалым- ақылды адам.
6.Оқулықпен жұмыс. Өлеңді іштей оқып шығу.Дауыстап оқу.Сұрақ тапсырмаларымен жұмыс.
-Сонымен бірге Абай атамыз сазгер болған. Оның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяк» сиякты өлеңдері бар.Ол-лирик. Жыл мезгілдері туралы өлеңдер жазды. «Жаз», «Күз», «Қыс» , «Жазғытұрым». Абай –аудармашы. Орыс ақын жазушыларының шығамаларын қазақ тіліне аударған.
Ол-данышпан. Келер ұрпаққа өсиет қалдырған. Оның өлендері мен қара сөздері жол сілтейді. Абайдын 45 қара сөзі бар.

Лирик

Данышпан Абай Аудармашы

Сазгер

Салыстыру арқылы Венн диаграммасын құру.

Ақылды,адал,инабатты, Еріншек,білімсіз,ұятсыз,
білімді,енбекқор,парасатты надан,залым,куншіл,
терең қанағатсыз.

Данышпан ақын атамыздың әрбір өлеңі бір-бір құнды дүние деуге болады. «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ»-деп елбасымыз айтқандай, жаман, әдеттен аулақ болып, жақсы қасиеттерге ұмтылсақ, онда бізден халық қамын ойлаған, Отанымыздың нағыз ұл-қыздары шығады
7.Үйге тапсырма.
Мақтау-мадақтау арқылы бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.