Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
27+36  және  63-27  жағдайындағы жазбаша қосу және азайту. -

27+36 және 63-27 жағдайындағы жазбаша қосу және азайту.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2018 | Размер: | Автор: гость
. Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын
Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Укиева Жанар Нагимжановна

Тақырыбы: 27+36 және 63-27 жағдайындағы жазбаша қосу және азайту.
Мақсаттары:
Білімділік:
Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру.
Дамытушылық:
Математикалық ұғымдарды меңгерту: оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойын дамыту.
Тәрбиелік:
Өз әрекетіне саналы көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс
жасай білуге, есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.
Жұым түрі: «Танымдық ойын» сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, пәнаралық байланыс (еңбек,дүниетану), топтық жұмыс,
Сабақтың көрнекілігі: қыстап қалатын құстар туралы қосымша материал, тақырыптың мазмұнына байланысты бейнелі және заттық суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды сабаққа бағыттау.
-Үй жұмысын тексеру;
-Дәптерді ауыстырып күнді,көркем жазуды жаздырту (2-3мин)
ІІ. Ой шақыру кезеңі; (Мұғалім жұмбақ айтып, шешуін балалардан сұрайды . )
Ала шапан киеді
Қыпылықтап жүреді
Секектеп бір тұрмайды
Өреден құрт ұрлайды
Қалдықты жеп тауысқан,
Аты оның... (сауысқан )

Мықты құс бар сондай,
Суықта да тоңбай,
Іздеп жүріп, дән тапқан,
Ұшып - қонған...(торғай)

Қара түстi қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға)

Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап. (Тоқылдақ)
-Бұлар қандай құстар?Олар қалай қоректенеді?Аппақ қағаз бетінде орналасқан отрықшы құстар бейнесіне қарашы, не деуге болады?қандай бейне?(айнала аппақ,жаңа жауған қар ,құстар қоректенетіндей ештеме жоқ)
-Еңбек сабағындағы аппликация тәсілін пайдаланып,отрықшы құстарға қорегін таба алатындай жағдай жасап, білімімізді көрсете отырып, көмектесейік.
Әр орындаған тапсырмамыз біздің көрсеткен көмегіміз....

ІІІ. Қызығушылықты ояту кезеңінде «Доп лақтыру»ойынын ойната отырып ,бұрынғы білетінімізді еске түсіреік...
(Бұл үйрену үрдісі, оқушының бұрыңғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.)
1. 2. 3. 4. 5. 6.
25+13 35-20 25+9 46-15 78-28 49-17
60-4 16+23 24+20 63+24 59+9 16+6
78-70 25+9 78-70 25+9 78-70 25+9
100-20 78-28 100-20 60-4 100-20 60-4
59+9 46-15 59+9 78-70
(аппликация жабыстырылады «ағаштар»)
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:
- Сабақтың тақырыбы: 27+36 63-27
-Мақсатымыз қандай деп ойлайсыңдар?(оқушылар таныстырады). Нені білуіміз керек деп ойлайсыңдар?
Жазбаша қосу және азайту

Ү. Мағынаны түсіну кезеңі. Дәптерге баған түріндегісін көшіріп жазады.
27+36=(20+30)+(7+6) 63-27 =(50-20)+(13-7)
63
27 27
36 36
63
(аппликация жабыстырылады «ағаш»)

Үш қатар бойынша №3 тапсырма баған түрінде +,- ды . «Кім тапқыр?»ойыны арқылы орындайды.Әр қатардан бір оқушы шығып орындайды.Әр қатар өзінікін жазады.
(аппликация жабыстырылады «бұталы өсімдік»)

СЕРГІТУ СӘТІ

Есеп: №5
Ш: Д-3б Ш: (3+7)+6 = 16
Ән-7н
Би-6н
Барлығы-? адам

Ш: Ән-7н Ш: 7+6 = 13
Би-6н
Барлығы-?н
(аппликация жабыстырылады «жемсауыт»)

Шығармашылық тапсырма: «Сиқырлы» шаршылар ойыны
8 16
2
12
11
8
5 9
6

12 22 8



(аппликация жабыстырылады «Ұя»)

ҮІ.Бекіту
Ал, сонымен , құстарға қамқорлықты кімдер жасайды екен?(адамдар)Неге?
-Ққстар біздің досымыз.Олардың пайдасы көп.......
-Олай болса, тағы ненің суретін қоссақ болады?(үйдің)
-Ол үшін №6 тапсыманы жылдам етіп орындайық
(аппликация жабыстырылады «Үй»)

ҮІІ. Қорытынды:
-Бүгінгі сабақта не істедік?
-Кімдерге көмектестіңдер?Қалай?
ҮІІІ.Үйге: 153бет№5
ІХ. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.