Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
2 саны  және  цифры. -

2 саны және цифры.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1488 | Размер: | Автор: гость
. Математика
Сабақтың тақырыбы : 2 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту. 2 санымен таныстыру. 2 санының пайда болуы және оның құрамымен таныстыру. 2 көлемінде қосу, азайту амалдарын орындау. Есеп құрастыру . 2 цифрын жаза білуге үйрету.
2.Жаңа сөздермен таныстыру арқылы балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, логикалық ойлау қаблеттерін , есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
3. Балалардың сабаққа деген ынтасын арттыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар қазір математика сабағы. Ал енді құрал-жабдықтарымызды түгендеп, түзу жэне тыныш отырайық.
Психологиялық дайындық:

Күннің нұры шуақты,
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.
Дем алу жаттығуы:
1 жаттығу-Бастапқы дене калыпты: тік тұру, басты тік ұстау, аяқ ұшы және өкше бірге, қолы еркін төмен жіберіледі. … Дем алу еркін. 3-4 рет қайталау керек.
2 жаттығу-
3 Қолға, алып шарды,
Үрлеймін мен былай.
Уф-ф-ф,
Үрлеймін деп қатты,
Жарып алдым шарды.
Пах.
Моторикаға арналған жаттығу
«Жұмырдық, қыр , алақан»


Пропедевтика : Білімді еске түсіру.
-1-10 дейін санау , кері санау
-«Жасырын» ойын
Балардың алдында геометриялық фигуралар. Мұғалім жасырын сөзін айтқанда балалар сол геометриялық фигураны жасыру керек.
Мысалы: үшбұрыш жасырын.
-« Жартысын тап»
Жаңа сабаққа біртіндеп көшу.

Жаңа сабақ

Практикалық жүмыс.
1. Магниттік тақтада заттық суреттер қойылған. Мысалы: бір алма, екі алмұрт, екі сәбіз , бір өрік, бір қауын , екі жидек.

2. – Бұл заттарды қанда екі топқа бөлуге болады? (Учащиеся могут предложить различное деление, учитель должен остановиться на делении на группы по количеству предметов.)
3. – Бұл заттарды мына топтарға орналастыр:
1 алма 2 алмұрт
1 өрік 2 сәбіз
1 қауын 2 жидек
( балалар суретті тақтада орналастырады.)
4.– Бірінші топтың заттары туралы не айтуға болады? ( олар бір- бірден)
5. – Екінші топтың заттарының арасында қандай ұқсастық бар? ( олар екі- екіден.)
6. – Енді балар алдарыңдағы суретті карточкалармен бірінші топты толықтырыңдар . Олар екеу болатындай болсын.
Екі санымен таныстыру.
Слайд 1
– Суретте неше бәтеңке бар? ( екеу )
– Неше қолғап ? ( екеу.)
– Суретте неше етекше? (екеу.)
– Суретте неше шұлық ? (екеу)
Балар бұл суреттерде барлығы екі- екіден.
– Екі санын қалай жазуға болады? ( 2 цифрының көмегімен.)
Екі цифрымен таныстыру және 2 цифрын жазу.
Слайд 2
Слайдта 2 цифрының үлкейтілген үлгісі шығарылады.
– Екі цифры сендердің ойларыңа нені түсіреді? Ол неге ұқсайды?
Слайд 3
Аққудың мойнына
Балар енді 2 цифрын дәптерімізге жазып көрейікші. Жазбастан бұрын сергіту сәтін жасап алайық.
Сергіту сәті
1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс
- Балаларға екі цифрының жазылуын түсіндіру.
- Баларға ауада жазуды ұсыну.
- Екі цифрын тесілген қағаздардан жазу
Дәптерге 12 цифрының екі жолын жазу.
Сан мен цифрдың арақатынасына арналған тапсырмалар
Слайд 4
– Суретте неше құс бар? (екеу.)
– екі цифрын бояңдар
– Суретте неше қоян бар? ( біреу)
– 1 цифрын бояңдар.
Оқулықпен жұмыс
65 бет
Өзіндік жұмыс.
корректуралық сынама
2 цифрын табу
Тапсырмаларды дәптерде жасайды.
– екі дөңгелек салыңдар.
– бір тіктөртбұрыш салыңдар.
– бір үлкен дөңгелек, екі кішкентай дөңгелек салыңдар
Бірін-бірі тексеру.
Сабақты қорыту:

Бағалау: сабақта белсенділік көрсетіп, жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.