Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
2-сыныпқа арналған математикадан Петерсон тапсырмалары (қазақшаға аударылған) -

2-сыныпқа арналған математикадан Петерсон тапсырмалары (қазақшаға аударылған)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5816 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі  Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы

2-сыныпқа арналған математикадан Петерсон тапсырмалары (қазақшаға аударылған)

I бөлім. «ТІЗБЕК»               №1. Мысалдарды шығар. Несімен қызықты?

2+5                   6+4                  3+5              7+3                  4+5                8+2

7-2                   10-6                  8-3              10-7                 9-4                 10-2

№2. Мына сандардан мүмкін болатын барлық өрнектерді құрастыр:

а) 2, 4 және 6;          ә) 3, 15, 18;           б) 21, 35, 56.

Қосындыны қалай табуға болады?         Белгісіз қосылғышты қалай табуға болады?

№3. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10 сандарына «үйшік» құрастыр. Оны пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарына мысалдар құрастыр.

№4. Есептерді оқы. Олар бір-бірінен несімен ерекшеленеді, ұқсастығы қандай?

а) Қаламқас күзде 11 үйеңкі және 4 емен жапырағын кептірді. Қаламқас күзде барлығы қанша жапырақ кептірді?

ә) Қаламқас күзде 11 үйеңкі және одан 4-еуі артық емен жапырағын кептірді. Қаламқас күзде барлығы қанша жапырақ кептірді?

№5*. Белгілі бір заңдылықпен тізбек құрастыр.

№6. Тізбекте қандай қателік бар?

 

№7. Мына   тізбекті шаршы мен үшбұрыштың арасына қой.     

 

№8. Шеңберді мына       тізбекпен алмастыр.       

 

 

№9. «ЫЙ» тізбегін «АЯ» тізбегімен алмастырып, жаңадан сөз құрастыр. Не шықты?                             «СПЕЛЫЙ», «ВЕСЕЛЫЙ», «КРУГЛЫЙ».

№10. Заңдылықтарды сақтай отырып, келесі сандарды жаз және оқы.

а) 10, 30, 50,_____, ______;                             б) 23, 34, 45,______,______;

ә) 9, 29, 49,______, ______;                             в) 18, 15, 12,______, ______;

№11. Сана:           а)14-тен 21-ге дейін;       ә) 62-ден 56-ға дейін;

б) 38-ден 45-ке дейін;                              в) 94-тен 87-ге дейін.

№12. Амалдарды орында. Не байқадың?

10+5                 16-4              26+32                  47-20              78-5

15-10                4+12              58-26                 20+27              78-73

15-5                 16-12              58-32                  47-27              5+73

№13. Схема бойынша есеп құрастыр және шығар:

 

№14. Суретті және жазуларды толықтыр:

 

№15. Кестені толтыр:

а

0

6

9

12

30

41

53

74

85

а+4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

с

12

27

36

49

54

68

75

82

93

с-12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№16. а) Өрнекте 12 дөңгелек, 6 шаршы және 9 тік төртбұрыш бар. Оның 24-і кішкентай фигуралар, ал қалғандары – үлкен фигуралар. Өрнекте барлығы неше үлкен фигура бар?

ә) Мерекеге 25 қызыл және 20 көк, жасыл және сары шарлар сатып алынды. Оқушыларға 32 шар сыйлады, ал қалғандары сынып бөлмесіне  ілінді. Сыныпқа неше шар ілінді?

№17. Өрнекті жалғастыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II бөлім.  «Нүкте. Түзу және қисық сызықтар»

№1. Суретте А, В, С, Д және Е нүктелері бейнеленген. Осылардың қайсысы нүкте ұғымын білдіреді? Тағы екі нүкте белгіле.

 

№2. Алдымен қисық сызықтарды оқы. Содан соң түзу сызықтарды оқы.

 

№3.А нүктесі арқылы неше түзу жүргізілген?А нүктесі арқылы өтетін тағы екі түзу жүргіз.

 

№4. В нүктесін белгіле және осы нүкте арқылы 4 түзу жүргіз.

№5. Оннан аттап қосу және азайту арқылы мысалдарды шығар, суретін сал.

 

ә) Мектепке 22 кішкене парта және 15 үлкен парта әкелінді. Оның 17-сі бірінші сыныпқа, қалғандары екінші сыныпқа қойылды. Екінші сыныпқа неше парта қойылды?

 

№10. Бірінші шахмат тақтасында 11 фигура тұр, оның 4-еуі ақ. Ал екінші шахмат тақтасында 15 фигура, оның 6-ауы ақ.

 

а) Екі тақтадағы барлық фигуралар қанша?   ә) Екі тақтадағы ақ фигуралар қанша?

б) Бірінші тақтадағы қара фигура қанша?   в) Екінші тақтадағы қара фигура қанша?

г) Екі тақтадағы қара фигура қанша? д) Қай тақтада қара фигура көп? Қаншаға көп?

№11. Екі бала екі сағат футбол ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

№12. А және В нүктелері арқылы түзудің қалай жүргізілгенін қара, содан соң С және Д нүктелері арқылы осындай түзу жүргіз.

 

Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?

№13. Анар мен Марат әртүрлі екі нүкте белгіледі және сол нүктелер арқылы түзу жүргізді. Сен олардың жұмысымен келісесің бе? Неге?

 

№14. а) ЕF және МК түзулерін жүргіз. Олардың қиылысу нүктесін О нүктесімен белгіле.

 

ә) Суреттегі а және в түзулерінің қиылысу нүктесін тап және оны Т әрпімен белгіле.

 

б) Түзулер неше нүктеде қиылысады. Әртүрлі екі түзу екі нүктеде қиылыса ала ма?

№15. Суреттегі m және n түзулерін қанша созсаң да қиылыспайды. Бұл параллель түзулер. Айналаңнан параллель түзулерге мысал болатындай заттарды тап.

 

№16. а)Түзу мен кесіндінің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

ә) Ұзындығы 6см кесінді сыз.

№17.              50см=дм          3дм 6см=см           78см=дм см           9дм= см

№18. Амалдарды орында.

1дм 4см+6дм 2см=______________________________________________

45см+2дм=__________________________________________________

8дм7см-12см=____________________________________________

96cм-5дм6см=______________________________________________

№19. а)Бөшкеде 75 л су болды. Бақшаны суарғаннан кейін онда 32 литр су қалды. Бақшаны суару үшін қанша литр су жұмсалды?

ә) Бірінші алма ағашынан 21кг алма жиналды, бұл екінші ағаштан жиналған алмаға қарағанда 14 кг кем. Екі алма ағашынан қанша алма жиналды?

№20

 

III бөлім. Екі таңбалы сандардың қосындысы мен айырмасы.

№1. 36 мен 12 сандарының қосындысы мен айырмасын табуды түсіндір.

а) графикалық модельді пайдаланып:

 

ә) екі таңбалы сандарды қосу және азайтудың жалпы ережесі бойынша:

 

в) бөліктер арқылы қосып және азайтып:

 

Г) сурет бойынша:

ғ) қосу мен азайтудың тың амалдарымен:

 

Қай әдіс саған ұнады?

№2. Қосу мен азайтуға берілген мысалдардың түрлі жазылу тәсілдерін қарастыр. Баған түрінде жазып есептеу несімен ыңғайлы.

 

№3. Баған түрінде жазып есепте.

 

№4. Қатесін тап және жөнде.

 

№5. Дәптерге баған түрінде жазып ,есепте.

54+2                       63-21                    26+13                      47+32                   85-14

54-2                        63+21                   26-13                       47-32                    85+14

№6.    Теңдеуді шеш:        х+8=12                х-6=9               14-х=5

№7.

Гномның бойы 43см, ал Буратиноның бойы 4дм 8см. Кімнің бойы биік: Гномдікі ме,  әлде Буратинонікі ме?

 

Орындыққа балалар отырды. Дюимовочка 1 см, Дымбілмес – 6см, ал дәрігер Пилюлькин – 8см орынды алады. Орындықтың ұзындығы 2дм болса, балалардың барлығы осы орындыққа сыя ма?

№8. а)Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы (периметрі) - 9дм 8см. Оның бір қабырғасы 3дм, екіншісі – 26см.  Үшінші қабырғасын тап.

ә) Үшбұрыштың бір қабырғасы  7см, ал екіншісі – 8 см. Ал үшінші қабырғасы екінші қабырғасынан 4см артық. Үшбұрыштың периметрін тап.

№9 Мына нәрселерді сөрелерге түрлі тәсілдермен орналастыр.

 

№10.Мысалдарды шығар, ұқсастығы неде? Шешім қабылда.

 

№11. Мысалдардың шешу жолын түсіндір.

                  

Түсіндіре отырып шығар:

 

№12. Үлгіге қарап шығар, не байқадың? Келесі мысалды жаз, шығар.

 

№13. а) Есептеудің жаңа тәсілін таңда, шығар.

46+4           21+5         72+8            5+35          67-3         9+51        89-9       63+7

ә) Жаңа есептеу тәсілімен өзің мысал құрастыр және оны түрлі тәсілдермен шығар.

№14. Теңдеуді шығар және тексер.      х-32=8      5+х=14     18-х=9

№15.Ауызша есептеп, жауаптарына сәйкес келетін әріптерді қойып шығып, ертегінің атын анықта. Не байқадың?

 

№16. Схема бойынша есеп құрастыр және шығар.

 

№17.Алма мен алмұрт піскенде Мирас Кәрімді өз бағына шақырды. Мирас 8 алма мен 5 алмұрт, ал Кәрім 3 алма мен 9 алмұрт жұлды. Мирас өзінің жинаған 6 жемісін, ал Кәрім 4жемісін жеді. Жинаған жемістерінің қалғанын әрқайсысы үйлеріне әкетті. Олардың қайсысы үйлеріне көп жеміс әкелді және қаншаға көп әкелді? Тағы нені білуге болады?

 

№18.       Мысалдарды шығар, не байқадың?

76-5                48+2                   53-3

76-50              48+20                 53-30

№19. АВ және СД кесінділерін қиылысатындай етіп жүргіз. Олардың қиылысу нүктесін Е әрпімен белгіле.   Чертежден тағы қандай кесінділерді көріп тұрсың?

№20. * Егер Дінмұхаммед 1 кәмпит сатып алатын болса, онда оның 1 теңгесі артық қалады. Ал егер ол 2 кәмпит алатын болса, онда оның 3 теңгесі жетпей қалады. Кәмпит неше теңге тұрады?

№21. Мысалдарды шығар, ұқсастығы неде? Шешім қабылда

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

№22. Мысалдардың шешу жолын түсіндір.

 

Түсіндіре отырып шығар:

 

№23. Үлгіге қарап шығар, не байқадың? Келесі мысалды жаз, шығар.

 

№24.  Ертегінің атын тап, ол ертегіні кім жазды?

 

Әр бағандағы ертегілер несімен қызықты?

№25. а) Есептеудің жаңа тәсілін таңда, шығар.

34+46           89-19         62+18          56-14

75+12          21+39         45+25         27+53

ә) жаңа есептеу тәсілімен өзің мысал құрастыр және оны түрлі тәсілдермен шығар.

№26. Наурыз айының бітуіне 20 күн қалды. Неше күн өтті?

№27.

Тігінші 8 орам жіпті жұмсағаннан кейін, онда ақ, қара және түрлі түсті 4 орам жіп қалды. Тігіншіде бастапқыда неше орам жіп болған?

 

№28. Суретке қарап есеп құрастыр және шығар.

 

№29.  Бір патшалықта 2 үй бар. Бірінші үйде 7 бала және 6 ересек адам бар. Ал екінші үйде 17 адам, оның 9-ы ересек адам. Мына схема бойынша есеп шартына орай сұрақ қой және оған жауап бер. Тағы қандай сұрақ қоюға болады?

 

№30

            

№31. Тік төртбұрышты үстелдің бір бұрышын арамен кесіп тастағанда қанша бұрыш шығады?

№32. Мысалдарды шығар, ұқсастығы неде? Шешім қабылда

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

№33. Мысалдардың шешу жолын түсіндір.

 

Түсіндіре отырып шығар:

 

№34. Үлгіге қарап шығар, не байқадың? Келесі мысалды жаз, шығар.

 

№35.  Ертегінің атын тап, ол ертегіні кім жазды?

 

Әр бағандағы ертегілер несімен қызықты?

№36. а) Есептеудің жаңа тәсілін таңда, шығар.

20+5                90-40           70-9            40-5        

30-7                 80-6             18-3           60-4

 

ә) жаңа есептеу тәсілімен өзің мысал құрастыр және оны түрлі тәсілдермен шығар.

№37. Схема бойынша есеп құрастыр және шығар:

 

№38.

Сыныптағы оқушылардың 17-сі ән үйірмесіне, ал қалғандары сурет үйірмесіне қатысады. Егер ән үйірмесіне қарағанда сурет үйірмесіне 5 бала кем қатысатын болса, онда бұл  сыныпта барлығы неше оқушы болғаны?

 

 

№39. Фигураларды ата. Берілген фигуралардың өлшемдерімен бірдей етіп, дәптерлеріңе тор көздер бойынша фигураларды салып орналастыр.

 

№40. Мысалдарды шығар, артығын тап.

7+9          5+8            5+6

6+7          8+7            4+9

5+4          6+6            9+9

№41. а) 3 және 7 цифрлары арқылы барлық екі таңбалы сандарды жаз.

ә) Барлығы қанша екі таңбалы сан бар?

№42. Мысалдарды шығар, ұқсастығы неде? Шешім қабылда

 

№43.  Үлгіге қарап шығар. Әрі қарай не жазу керек?

 

№44. Амалдарды орында, не байқадың?

40-6          80-35         60-19         30-7

40-16       90-35         60-49          50-27

№45. Жаңа есептеу тәсілімен мысалды шығар.

86-20               70-26            40+56            38-18         50-35

№46

 

№47. Дөңгелек сандардан азайтуға мысалдар құрастыр және шығар:

А) графикалық   ә) баған түрінде.

№48. «Велогонка» ойыны

 

№49.  Әкесінің сағатында 16 дөңгелек пен 14 бөлшек бар. Ұлы Алдияр сағатты бұзып, қайтадан құрастырғанда, оның корпусына тек 28 дөңгелекшелер мен бөлшектер сыйды. Қанша «артық» деталь қалды?

№50. Пәтердің жөндеу жұмысына 16 орам түсқағаз сатып алынды. Бірінші бөлмеге 5 орам, ал екінші бөлмеге – одан 4 орам артық жұмсалды. Қанша орам тұсқағаз қалды?

 

№51. Есептемей-ақ жауап бер.Шешім шығар.

А) 8+7-7+7-7+7-7+7-7=              ә)  9+12-12+8-8+26-26+35-35=

№52. *  Тура теңдік шығуы үшін жұлдызшаның орнына қандай белгі қою керек?

0*а=а     а*а=0        а+в*в=а              а*0=а         0*0=0         а-в*в=а

№53. а) Натурал сандар қатарында 36, 57, 79 сандарынан кейін келетін сандарды ата.

ә) Санауда 28, 40, 91 сандарының алдында аталатын сандарды ата.

б) Алдыңғы сан мен кейінгі сан әрбір натурал санда бола ала ма?

в) Ең кіші натурал сан, ең үлкен натурал сан бола ма?

г) Ең кіші екі таңбалы сан, ең үлкен екі таңбалы сан бола ма?

 

№54. Мысалдың шешімін түсіндір.

 

№55. Мысалдың шешімін түсіндір.

 

№56. Түсіндіре отырып шығар.

 

 

№57. Түсіндіре отырып шығар.

 

№58.Бөліктер бойынша қосып және азайтып, мысалдарды шеш.

19+51              80-35           40-17            36+24

№59. Теңдеуді шеш және тексер:      х+13=20        50-х=22          х-45=25

№60. Толқын анасымен бірге картоп тазалады. Толқын 6 картоп, ал анасы 2 есе артық тазалады. Екеуі бірігіп неше картоп тазалады?

№61. Бірінші тәрелкеде 9, ал екіншісінде 7 бәліш бар. Бұл тәрелкелерден Дәмелі 2 бәліш, ал Илияс 3 бәліш алды.  Тәрелкелерде қанша бәліш қалды?

 

№62. Мына жасырылған өлең жолдарын тауып оқы. Бұл өлең қай кітаптан алынған? Бұл кітаптан тағы қандай өлеңдерді білесің?

 

№63. А) «ЛОМ», «РОТ», «КОТ», «ЯМА», «ТОК» сөздеріне тән қандай ортақ белгі бар?

«ЯМА» сөзі артық болатындай бір белгі тап.

Ә) «ОКНО», «ИГРА», «ЭХО», «ЯЗЫК», «РАМА» сөздеріне тән қандай ортақ белгі бар?

«ЭХО» сөзі артық болатындай бір белгі тап. Қай белгісі бойынша «РАМА» сөзі артық?

№64. Мысалдарды шығар, ұқсастығы неде? Шешім қабылда

 

№65. Мысалдарды шығар. Соңғы бағанға не жазу керек?

 

№66. Амалдарды орында. Не байқадың?

34+7           45+39        46+6         27+68

34+27        45+9          46+26       37+58

№67. Жаңа есептеу тәсілін қолданып шығар.

16+80        79+19          40-12          57+37

59-7           25+31          68+28         96-8

№67. С.Маршактың өлеңін тап. Өлең ұнай ма?

 

№74. Ауызша есепте.

40+5         45+5           40-5            45-5

45+30       50+30         35-30          40-30

40+35        45+35         40-35          45-35

№68. Торғай балапанын 12 күнде басып шығарады. Ал бөдене одан 9 күнге артық, ақ аист болса – бөдене мен торғай екеуінікін қосқанда қанша болса сонша күн басады. Аист неше күнде балапан басып шығарады?

№69. Ара 18 күнде ересек ара қатарына өтеді. Осы күндердің барлығында ол еңбек етеді. Алғашқы 3 күнде сәл қатайып, ұя тазалайды. Келесі 4 күнде ересек личинкаларды тамақтандырады. Одан кейінгі 5 күнде жас личинкаларды тамақтандырады. Ал қалған күндерін ұяның құрылысына арнайды. Ересек ара қатарына өту мерзімінің неше күнін ұя тұрғызуға жібереді?

 

№70.Есепте                      35+14-26            54-12+28         47-21+63       80-43-17

№71. А) Анель 7 жаста. 5 жылдан соң ол неше жаста болады?

Ә) Ислам 8 жаста. 3 жыл бұрын ол неше жаста болатын?

Б) Бұдан екі жыл бұрын Перизат 6 жаста болды. 4 жылдан соң перизат нешеге толады?

№72. Толқын мен Самат математикалық саяхатқа аттанды. Олардың кесте-чемодандарына қызыл шеңбер, жасыл шаршы және сары үшбұрышты орналастыруға көмектес. Фигуралар баған бойынша да, қатар бойынша да қайталанбайтын болсын.

 

№73  «ПОДРУЖКА», «ДОРОЖКА», «НОЖКА» сөздеріне «ЕНЬ» тізбегін «Ж» және «К» әріптерінің арасына орналастыр.

№74. Мысалдың шығарылу жолын түсіндір.

 

Түсіндіре отырып шығар.

 

 

№75. Бөліктер бойынша қосып, мысалдарды шығар. 78+6        46+37        54+18        29+32

№76. Ертегінің атын тап. Мағынасы қандай?

 

№77. Баған түрінде жазып есепте.

5+28          34+29         58+17       47+36

28+45        59+34         17+18       6+47

Есепте  14-8+5         26+12-8          95-72+40

              9+3-7            78-4+16          50-35+18

              20-4-9           81+9-57          46+7-24

№78. Қорапта 25 қызыл түсті, 13 жасыл түсті және 10 көк түсті қағаз бар. Мына амалдарды орындай отырып, нені анықтауға болады?   25+13    13+10     25+10+13   25-10

№79. Есептерді оқы, ұқсастығы, айырмашылығы неде? Бұл есептерге схема құрастыр

А) Самат пен Ғани бақта алма жинауға көмектесті. Самат 28кг, Ғани 15кг алма жинады. Екеуі бірігіп қанша алма жинады?

Ә) Самат пен Ғани бақта алма жинауға көмектесті. Самат 28кг, ал Ғани одан 15кг артық алма жинады. Екеуі бірігіп қанша алма жинады?

№80. Мүмкін болса, салыстыр:

23кг*5кг        18л*37л        68см*86см      51дм*57дм        3дм*16см      7м*8кг

№81. Әрбір қатардан артық сөзді тап.

А) окно, волк, коза, бежать, береза        ә) гора, холм, река, лес, трамвай, поле;

Б) трамвай, такси, автобус, сиыр, жүк машинасы. 

В) книга, тетрадь, арбуз, ластик, велосипед.

           
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.