Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
32+45,77-32 түріндегі қосу және азайту -

32+45,77-32 түріндегі қосу және азайту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3442 | Размер: | Автор: гость
. Бакишева Бактыгул Кармысовна Қараой мектеп-балабақшасы бастауыш сынып мұғалімі
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы

Сабақтың тақырыбы: 32+45,77-32 түріндегі қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: а/ разрядтан аттамай қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерімен
таныстыру
б/ оқушыларды шапшаңдыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа тәрбиелеу
в/ оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін, шығармашылығын,
қиялын дамыту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, кестелер, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеміз біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: оқушылар тапсырманың жауаптарын оқиды, тексереді.
ІІІ.«Қызығушылықты ояту»
«Математика» сөзіне ассоциация құрату (сөздік қорларын анықтау)
«Ой қозғау» (жұмбақ)
1.Өзі геометриялық фигуралардан тұрады.
2.Онда адамдар мекен етеді.
3.Ол бәрімізде бар және бәрімізге қажет.
4.Оның іші жарық әрі жылы. (үй)
-Ал, балалар біз бүгін үй құрастырып көрейік
-Үй салу үшін не керек? (құрылыс материалдары)
-Үй салу оңай ма?
-Ол нені қажет етеді? (шыдамдылықты, төзімділікті, еңбекті)
-Ендеше бәріміз аянбай еңбек етуге кірісейік.
-Бірінші үйдің несі қаланады? (іргетасы)
Ауызша жаттығулар орындалады.
25+13; 14+26; 84-62; 78-36; 23+15; 95-45;
Математикалық диктант:
Азайғыш-26, азайтқыш-13. Айырманың мәнін тап.
37 санын 3-ке арттыр.
76 мен 13 сандарының қосындысының мәнін тап.
6.онд. 7 бірліктен тұратын санды жаз. Диктант тексеріледі.
Соңғы жазған сандарыңды жазып шыға қойыңдар.
Тақтадағы сурет бойынша оқушы ауызша қалай есептеу керек екенін түсіндіреді.
-Үйдің іргетасы қаланады.
-Балалар біздер осы уақытқа шейін есептелерді ауызша орындап келдік. Енді мен бүгін сендерге есептеудің жазбаша түрін көрсетемін. Қосындының мәнін тез және тиімді табу үшін сандар ондықтар ондықтардың, бірліктер бірліктердің астында болатындай баған түрінде жазылады. Сандардың сол жағына амал таңбасы қойылады және сандардың астынан сызық түседі, сызықтан кейін нәтиже жазылады. Жазбаша есептеу бірліктерден басталады.
-Енді балалар, үйдің қабырғасын тұрғызуға кірісейік.
Тақтаға жаднама ілінеді.
2-тапсырма тақтада түсіндіріле отырып орындалады.( 3оқушы тақтаға шығады)
Әртүрлі өлшем бірліктерінде өрнектелген шамаларды қосып, азайту кезінде олар ең кіші бірдей шамаларға келтіріледі.
Оқушылар берілген тапсырмаларды түсіндіре отырып орындайды.
-Үйіміздің қабырғасын тұрғыздық.
Сергіту сәті.
-Үйдің шатырын орнату. 3-тапсырма орындалады.
Есеп оқылады, талданады.
-Есеп не туралы?
-Есепте не белгілі?
-Не белгісіз?
-Нені табуымыз керек?
Қонақтап отыр-14 және 12 36
Ұшып келді-?
Шешуі: 36-(14+12)=10 36-14-12=10 36—12-14=10
Жауабы: 10 құс ұшып келді.
Үйдің терезесін орнату.
4-тапсырма: өрнек құрастыру.
a/(c+d)-m ә / (c-d)-b
Үйдің есігін орнату.
5-тапсырма : қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыру, шығару.
а/Болды-85 теңге
Жұмсалды-40 теңгежәне 25 теңге
Қалды-? Теңге
Шешуі: 85-40-25=20
Жауабы: 20 теңге қалды.
ә/
Жұмсалды-40т және25т
Қалды-20т ?
Шешуі: (40+25)+20=85
Жауабы: 85 теңге болды.
б/ Болды-85 т
Жұмсалды-?т және 25т
Қалды-20т
Шешуі: 85-25-20=40
Жауабы: 40 теңгеге дәптер сатып алды.
Үйге кіру үшін не керек? (кілт)
7-тапсырма орындалады.
+8 +8 -12 +6
36 54 62 30 36
Кілт беріледі.
Жарайчыңдар, балалар. Міне біз еңбектеніп әдемі де жайлы үй тұрғыздық.
Өмірде де осылай әр нәрсенің кілтін, шешімін таба біліңдер.
Оқушыларға кілттер табысталады.
Үйге тапсырма: 6,8 тапсырмалар
Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.