Меню
Назад » » »
3-санымен танысу
загрузка...

загрузка...
Мерзімі: 11-ақпан 2015
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық,
әлеуметтік орта, денсаулық
Білім беру бөлімі: Қарапайым математика
Тақырыбы: 3-санымен танысу
Мақсаты: 3 санымен таныстыру, сан есімдерді ретімен айта білуге үйрету, заттардың көлемін, түсін ажырата білуге, үшбұрыштарды тани білуге үйрету.Логикалық ойлауын дамыту.
М.Монтессори әдістемі арқылы саусақ моторикасын дамыту.

Көрнекіліктер: Слайд, Бағдаршам суреті, логикалық ойлауға арналған суреттер, көлемі үш түрлі, үш түсті үшбұрыштар,
Іс-әрекет кезең-дері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Моти-вациялық қозғаушы

Ұйым-дастыр-ушы-лық-іздену-шілік Қайырлы күн балалар
Балалар өздерің бүгін неткен әсем, әдемі , ажарланап кеткенсіңдер?!
Балалар сендер білесіңдер ме бір жылда неше мезгіл бар екенін?
Қандай мезгіл кәне кім айтады маған?
Ал қәзір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі екенін біз қалай білеміз?
Адамдар жылы киініп алады, анамыз үйде от жағады.
Ал біз қыста қандай ойындар ойнаймыз және аспаннан не жауады?
Жарайсыңдар!
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізді бастамас бұрын бәріміз шеңбер болып тұрып шаттық шеңберін жасап алайық.

Шаттық шеңбері
Біз әдепті баламыз
Біз ерекше боламыз
Үйге қонақ келгенде:
«Сәлеметсіз бе!»,-деп,
Амандасып аламыз.
Балалар біз өткен сабақта 1,2 сандарымен таныстық ал бүгінгі жаңадан танысатын санымыз ол 3 саны және үш түспен, үшбұрышпен танысымыз.
3 санымен таныстыру
Жұмбақ:
Үш көзді батыр.
Жол көрсетер батыл.
Үш көзі үш түрлі.
Қызыл,сары,жасыл. Бұл не?
-Бағдаршам қайда болады?
-Бағдаршам не үшін керек?
-Бағдаршамда неше шам бар?
Санайықшы
Шамдарының түстері қандай?
Ал бұл балалар үшбұрыш деген фигура.
Түсі қандай?
Ал келесі фигураның пішіні қандай?
Түсі ше?
Ал келесі фигураның пішінімен түсі қандай екен?
Үш түсті үш фигураны бір бірімен салыстырып көрейікші?
Үлкен, орта, кіші.
Міне балалар бүгінгі өтетін санымыз осы 3-саны
Кіне бәріміз бірге санайықшы.

Логикалық ойын

Бағдаршамның көзін тап?

Балалар қазір біз топқа бөлініп бүгінгі өткен үш санымызды, түстерімізді,үшбұрыштарымызды оқу партамызға отырып тапсырманы орындаймыз.
Қайсы топ тапсырманы жақсы орындаса сол топты жақсы бағалармен бағалаймын.
1-Топқа тапсырма
Кедір бүдірмен үш санын жазу.
2-Топқа тапсырма
Моншақтарды түстерімен сәйкестендіріп таяқшаға кіргізу.
3-Топқа тапсырма
Бағдаршам белгіленген қиынды парақшаларды дәлме дәл етіп желіммен ақпараққа жабыстыру.
4-Топқа тапсырма
Үш саны ойылып қиылған парақшаның үстіне гуаштың көмегін пайдалана отырып саусағымен бояу керек.
Сергіту сәті

Қайырлы күн апай.
Рахмет!

4-мезгіл
Бір бала тұрып айтып береді

Қыс мезгілі
Балалар зейін қойып тыңдап сұрақтарға жауап береді.

Балалар қандай ойын ойнайтынын айтады.

Қар

Балалар шеңбер болып тұрып шаттық шеңберін жасайды.

Бағдаршам
Қалада
Жол көрсетеді
Біреу,екеу,үшеу.

Қызыл,сары,жасыл.


Жасыл

Сары
Қызыл
Үшбұрыш
Сары
Үшбұрыш, қызыл

1,2,3.

Балалар белсене атсалысып тапсырманы орындайды.
Сергіту сәтін көңілдене орындайды.
Рефлек-сифті-коррек-циялау-шы: -Балалар. Біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай санмен таныстық, ал қандай түспен, қандай фигурамен таныстық..
Қорытынды жасау
Тапсырманы өте жақсы орындаған балаларды жұлдызшамен, жақсыны төртбұрышпен, қанағаттанарлықты үшбұрышпен бағалау.
Балаларды мақтап-мадақтау
Балалар алған бағаларына тән риза болады

Күтілетін нәтиже :
Білуі керек: 3 санын, үшбұрышты, түстерді білуі.
Қолданады: түстерді ажырата білуі.
Жасайды: техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып еркін
жұмыс жасайды. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему 3-санымен танысу можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 330 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar