Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
4 саның қосу және азайту -

4 саның қосу және азайту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1031 | Размер: | Автор: гость
. Ташходжаева Ш.
№ 114 «Сайрам» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: 4 саның қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: 4 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіре отырып, жаңа тақырыпты жүйелі түрде, ғылыми негізінде меңгере білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сыни тұрғыдан ойланып өз ойларын еркін жеткізе білуге машықтандыру, ой-өрісін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілік, асыл қасиеттерге баулу, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін бойына сіңіру, топпен жұмыс жасау барысында ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Миға шабуыл, БББ стратегиясы, СТО, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: тест тапсырмалары, перфокарта, геометрик фигуралар, түрлі-түсті суреттер, үлестірме материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Амандасу, кезекшінің міндетін тексеру.
б) Оқушылар суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.
«Алғырлар», «Тапқырлар» тобы
Психологиялық дайындық:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.

ІІ. Өткенді қайталау:
а) Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау
б) бір уақыттың ішінде
2 оқушыға перфокарта, 2 оқушыға тест таратылады.
2 оқушы фигура жақтарын өлшейді
2 оқушы тақтада есеп шығарады 1+2=32+1=3
4 оқушыға ауызша есептер беремін. 3+0=3 1+1=2
Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір қай мезгіл? Бүгін аптаның қай күні? Жақында қандай мерекені тойлаймыз? Елбасымыз кім?


ІІІ. Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Жинап алып күш.
Жалқаулықты тастаймыз
Жаңа сабақ бастаймыз.

IV. Жаңа сабақ: қызығушылығын ояту: 4 саны мен цифры

Мен «4» деген цифрмын
Екі-екіден тұрамын.
Болса екі жұп ортақ
Төртеу болар сол уақыт.
Аттың бар төрт аяғы,
Жақын болар ұзағы.
Бір жылда 4 мезгіл
Бір-бірінен әдемі.
Жазуға да жаттықтық
Бір аяқты сатыны.

Үш санынан соң келеді,
Бұрыш пайда болады.

Негізгі бөлім: 4 санының баспаша түрі – 4
4 санының жазбаша түрі - 4
Сандардың тарихы: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 ежелде бұл таңбалар мұндай жазылмаған. Ұлы үнді ғалымдары өзгерістер енгізген. Әрбір санда мысалы: 1 санда 1 бұрыш, 2 санда 2 бұрыш, 3 санында 3 бұрыш, 4 санында 4 бұрыш...
4 санын ауада жазамыз. Жоғарғы сызықты жаз / оны сызық ортасына алып бар // өзің сызықты жаз///
4 саны үш элементтен тұрады.
Барлық оқушылар 1 ден 4 ке дейін болған сандарды ауызша айтады.
Екі қатар 4 санын дәптерлеріне жаздырамын.

1. Топтық жұмыс: Амалдарды шешу
«Алғырлар» тобы «Тапқырлар» тобы

2. Топтық жұмыс: Салыстыру

3. «Миға шабуыл» әдісі
Аулада 4 қоян бар. Біреуін Илясханға бердім. Аулада қояндардың нешеуі қалды?
Шарты: Қ – 4
И – 1 Шешуі: 4-1=3
Қ - ? Жауабы: 3
- Балалар, қоян қандай аң?
- Ол немен қоректенеді?
- Терісінен не жасалады?

Аквариумда балықтар
Жүзеді ол жақ бұл жаққа.
Нешеу екен балықтар?
Санап көрші балалар?

Оқушыларға сандарды қатыстыра отырып жұмбақ жасыру.
Өзі біреу, құлағы төртеу. (қазан)
Төрт әріптен тұратын сандарды ата (төрт, алты, жеті)

Сандар қатысқан мақалдар айтқызу.
Жеті өлшеп, бір кес.
Бірді кессең, онды ек.

Ойлан, ізден, тап!(Логикалық сұрақтар)
1. Жансыз, тірі не? (ағаш)
2. 4 кг мақта ауыр ма, 4 кг темір ауыр ма? (екеуі де тең)
3. Жыл мезгілдерін ата. (қыс, көктем, жаз, күз)
4. Адам өмірі үшін ең қажетті 4 нәрсені айтыңыз (су, ауа, топырақ, от)
5. Оқу жылында неше тоқсан бар? (4 тоқсан)
6. 4 әріптен тұратын ұзындық өлшем бірлігін ата. (метр)
7. Суретте неше үшбұрыш бар?

8. Қажетті сандарды қой.

1 2 3 4

9. Сандардың көршілерін тап.

Екі топтан «ең жақсы» оқушыны таңдап алу мақсатында «Сиқырлы квадрат» ойынын ұйымдастыру.
Көп ойлан, әр жақтан есептегенде бұл квадратты әр жақтан есептегенде
4 саны шығатын болсын. 5 саны шығатын болсын.

10. 4см кеспе сызу. 3см кеспе сызу

V. Ойын .
«Менің орным қай жерде?» ойыны арқылы 1-ден 10-ға дейінгі сандардың «Алғырлар» тобы тақ сандарын, «Тапқырлар» тобы жұп сандарын беру. Оқушылар тез өз орындарын табады. Осы сандардың орысшасын, қазақшасын айтқызу.

VI. Пысықтау.
А)Топтастыру стратегиясы арқылы жаңа сабақты пысықтау.

Б)Тесттік жұмыс:
Суретте неше шаршы бар? Суретте неше тік төртбұрыш бар?

А) 4 Ә) 3 Б) 2 А) 2 Ә) 4 Б) 3

VII. Сабақты қорыту: ауызша сұрақ-жауап, үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттерге байланысты есеп шештіру арқылы жаңа сабақты пысықтау.

VIII. Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

IX. Үй тапсырмасы: 4 таңбалы санын төрт қатарға жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.