Меню
Назад » » »
4 санына көбейту және бөлу
загрузка...

загрузка...
Математика Уақыты: 17.11.2015 ж. Кабинет: 3 каб. Мұғалім:Сихинбаева Ш.

Сабақтың тақырыбы 4 санына көбейту және бөлу
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
Жалпы мақсаттар а) білімділік: Оқушыларды 4 - ке көбейту және бөлу кестесімен таныстыру. Көбейту және бөлу арифметикалық амалдардың мәнін ашу. Санды 4 - ке көбейту кестесін құрастыру, 4 - ке бөлу кестесін құрастыру ұстанымын үйрету.
ә) тәрбиелік: Берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Сабақ барысында ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық ойлауын қалыптастыру, математика сабағына қызығуын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: ойындар, логикалық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар
Көрнекілігі: суреттер, көбейту кестесі, фигуралар, оқулық, сызба кестелер
Пәнаралық байланыс: сурет, дүниетану, еңбек, ана тілі
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Шаттық шеңберіне тұрып бір-бірімізге жылы тілектер айтамыз.
- Денсаулығын мықты болсын
- Сабақта жүйрік бол және т.б. Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Үй тапсырмасын сұрау
Клилл әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау. 1, 2, 3 көбейту кестесін айтады.
Қызығушылықты ояту Балалар геометриялық пішіндер арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек атты топтарға бөлінеді.

Үшбұрыш тобына арналған сұрақтар:
1. Қандай арифметикалық амалдарды білесіңдер ?
2. Қосудың компоненттерін атаңдар ( қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні )
3. Төрт қойдың неше аяғы бар (16)

Төртбұрыш тобына арналған сұрақтар:
1. Азайтудың компоненттерін атаңдар (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
2. Көбейтудің компоненттерін атаңдар (көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні)
3. Егер тырна біраяқпен тұрса 3кг болады, алекі аяқпен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)


Дөңгелек тобына арналғансұрақтар:
1. Бөлудің компоненттерін атаңдар (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
2. Кез келген санды өзіне бөлсе қандай сан шығады ?
3. Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады ?
Жаңа сабақты меңгерту:
Тақтаға назар аударайық. Не көріп тұрсыңдар ?
- Дұрыс, алма. Неше алма есептеңдерші



4+4+4+4+4+4=24 Бұл мысалды қысқаша жазуға болады, өйткені біздің қосылғыштарымыз бірдей.
4*6=24 Қараңдаршы, шешімнің неше түрі табылды? Соңымен бірге өмірде көбейту кестесі қажет пе екен ? Дұрыс, кезкелген дүкенге барғанда өздерің жылдам ақшасын есептеп қоюларын керек.
Мен бүгін сендерге жақсы оқу үшін дәрумендер әкелдім. Оны дұрыс бөлу үшін бізге көбейту кестесі қажет. Себеттен алма алып қоям, 24 алма нешеден әрқайсымызға тиеді.
Енді, алған білімдерімізбен оқулықтағы есептерді шығаруға кірісейік.

Оқулықтағы 3 есепті бөліп шығару.
1-есепті үшбұрыш тобы шығарады, 2- төртбұрыш тобы шығарады, 3- дөңгелек тобы шығарады.
..............................
№2 - тапсырма
4 - ке көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндір. 4 - ке көбейту кестесін толықтыр.
4*4=16 ------------- 5*4=4*5 -------------- 5*4=20
4*5=20 ------------- 6*4=4*6 -------------- 6*4=24
4*6=24 ------------- 7*4=4*7 ------------- 7*4=28
.......... 8*4=4*8........
Сергіту сәті Үйшікте мына бір сәулетті
Тұратын қай мықты әулеті?
Мен– тышқан-шиқылдақ,
Мен– қоян-желаяқ,
Мен– түлкі-керіммін,
Мен– қасқыр-серімін.
Бәрімізтұратынкөңілді,
Қажетті сәулетті көр үйді!

Оқушылар сергіп алады
Ой толғаныс 4-ге көбейту кестесін топпен қайталау

Үй тапсырмасы 8-есепті шығару Күнделіктеріне жазады
Бағалау Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

Пәннің аты: әдебиеттік оқу Уақыты:27.11.2015 Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Б. Майлин. Күлпаш.
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Мақсаты мен міндеттер: мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: суреттер
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту 1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру: жоспар бойынша әңгімелеу
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
ассоциация құру, мәнін қалай түсінесіңдер?
Ашаршылық- ассоциация құру, мәнін қалай түсінесіңдер?
Бүгін Б. Майлинның «Күлпаш» шығармасымен танысамыз.
Оқулық бойынша жұмыс 120 бет «Күлпаш»,
- үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
- -тізбек бойынша оқу
- тұтас оқу
- мәтінде не туралы айтылған?
- -ел басынан өткен бұл әңгімеде оқиға қай кезде болған?
- Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтті?
- Олар неге жылады?
- Күлпашты суреттеген жерді тауып оқы
- Мақтымды суреттеген жерді тауып оқы
- Үйлерін суреттеген жерін тауып оқы
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс 122 бет сурет бойынша жұмыс
-суретте кімдер бейнеленген?
-олардың тұрмысы қандай?
-Олар кімді күтіп отыр?
Сурет бойынша әңгіме құра.
Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс4 топ, 2 топ кестенің оң жағы, 2сол жағындағы пікірге ой білдіреді)
1топ 2топ

Әр тотың ойларын ортаға салу, бағалау.
Аштық, кедейлік болмау үшін не істеуге болады деп ойлайсың? Ойыңды дәлелде.
- мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Үйге тапсырма Мәнерлеп оқу,түсінгенін айту Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Математика Уақыты: 27.11.2015 Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Шаршының ауданы
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
Жалпы мақсаттар Шаршының ауданын есептеу.
Сабақтың мақсаты: шаршының ауданының формуласын пайдалана
отырып ауданды таба білуге үйрету.
Деңгейлік, логикалық тапсырмалар арқылы таным қабілеттерін дамыту.
Қазақстан тарихындағы даталы күндердің маңызын білу арқылы елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезім қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: формулар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Сабақтың түрі:дәстүрлі.
Пән аралық байланыс: дүниетану, тарих.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу! Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру
Қызығушылықты ояту Шаршының ауданын қалай табамыз?
Мысалы: Ені - 2см.
Ұзындығы - 5см
Sаудан -?
А=4 В=3 S -?
Келесі тапсырманы орындамас бұрын бүгінгі күн ретін тақырыпты жазайық.
Қарашаның 27-сі
Сыныпта
Шаршының ауданы, шаршының суретін көрсету.
Шаршы дегеніміз не? Ой толғау.
Өздеріне сұрақ қою. Қорыту, яғни, шаршы – төрт қабырғасы
тең фигура екен.
Мысалы: ақ парақ қағаздан шаршы шығарып алайық
Ал енді осыған ұқсас фигура сынып бөлмесінде бар ма?
Олай болса шаршының барлық қабырғасы тең тік төртбұрыш деген қорытындыға келдік.
в= 3 см
1см2
а=3 см
S= 3 см х 3 см = 9 см2 Бұл шаршының ауданы: 9 см2
немесе S=а х а=а2
Дәптерімізге қабырғаларға 3см - ге тең шаршы сызып ауданын табайық.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу Оқулықпен жұмыс.
1-топ №1,2
2-топ №2,3
3-топ 4,5
Сергіту сәті Үйшікте мына бір сәулетті
Тұратын қай мықты әулеті?
Мен– тышқан-шиқылдақ,
Мен– қоян-желаяқ,
Мен– түлкі-керіммін,
Мен– қасқыр-серімін.
Бәрімізтұратынкөңілді,
Қажетті сәулетті көр үйді!

Оқушылар сергіп алады
Ой толғаныс «Теңге ілу» топтық жұмыс
200: 1= 5х40 = 200: 1=5х40
50х7= 170х180= 50х7=170+180
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Күнделіктеріне жазады
Бағалау Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

Пәннің аты: еңбекке баулу Уақыты:27.11.2015 Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Қатырма қағаздан қобдиша жасау. Ақ қағаздан карнавалдық костюм құрастыру
Мақсаты Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:1.Қатырма қағаздар қобдиша жасауды үйрету.
2.Дұрыс сызу ,қию,қайшыны ұстау,дұрыс сызуға дағдыландыру.3.Еңбекке баулумен қатар ұқыптылыққа,әдептілікке баулу
Құрал –жабдықтар, көрнекті құралдар: Қатырма қағаз, жіп, қайшы , клей
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.Сөздік қормен жұмыc:
Сабақ жоспары:Ұйымдастыру .Жаңа сабақ 1.а) Кіріспе. б) Мұғалімнің түсіндіруі, көмегі.2. Пысықтау, оқытушы еңбегі, қорыту
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Жаңа сабақ.а) Кіріспе. Балалар, қалай ойлайсыңдар қобдиша не үшін керек болады? б) Мұғалімнің түсіндіру. Қобдиша ұсақ түйек салу үшін керек. Қобдишаның негізі –қорап.
Пысықтау :Қобдишаның түбін, қабырғаларын түсті қағазбен желімдейміз. Оны сызғышпен, алақанмен тегістейміз. Өстіп, қобдишаның екінші бетін жасаймыз. Біткен соң әшекейлейміз. Оқушы еңбегі және мұғалім көмегі

Сергіту сәті Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Қорыту :Қобдишаны желімдеу ретін айт. Қалай әшекейлейміз. Кімге сыйлайсыңдар?
Бауды немесе таспаны қалай жасайсың? Бүгінгі сабақта не істедік? Қалай? Саған ұнады ма? Ұқыптылық деп қалай түсінесің? Сабақты қорытындылау, бағалау.
Үйге тапсырма Қобдиша жасау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему 4 санына көбейту және бөлу можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 293 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar