Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
5-6 сынып оқушыларының математика сабақтарында логикалық ойлау қабілетін жетілдіру жолдары -

5-6 сынып оқушыларының математика сабақтарында логикалық ойлау қабілетін жетілдіру жолдары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1630 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы ,Түркістан қаласы,
№16 Т. Бегельдинов атындағы жалпы орта
мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Бегиева Гулсара Шариповна

5-6 сынып оқушыларының математика сабақтарында логикалық ойлау қабілетін жетілдіру жолдары

Бүгінгі мектептің негізгі міндеті баланың жеке басының қалыптасуын, оның қабілетінің ашылуын, оқуға деген қызығушылықтарын қамтуы болып табылады. Бұның барлығы ойлаудың дамуынсыз мүмкін емес.
Әрине, ойлауға үйрету – мұғалімнің, ал ойлауға үйрену – оқушының ең қиын міндеті. Бұл мәселе оқуға деген қызығушылық қалыптаспай шешілмейді. С.Соловейчик «мектептегі ыңғайсыздықтан, оқуға мойын ұсынбаудың бәрі көбіне – көп оқушылардың ойлау білмеуінен немесе ойлай білгісі келмегендіктен болыпжатады, өйткені ойлау қиынға түседі. Ой еңбегі дене еңбегінен ауырырақ, адам тез шаршайды, нәтижелері дәйім көз алдына келе бермейді. Әр жас , әр сынып үшін қиыншылықтың өз маңызы бар. Бірақ кейбір балалар осы шағын салмақты да көтере алмайды, қатты қиналмай жатып-ақ ойлауды, ой еңбегімен жұмыс істеуді біртіндеп қояды.Олар мектепке бос барып, бірнәрсеге жауап береді, бірнәрсе істегенсіп жүреді, бірақ ой еңбегіне күш түскен кезде олар тайқып шығады, есепті көшіріп алады, әйтеуір амалын табады. Олар бірте-бірте ойлауды мүлдем қояды,міне осыдан бастап оқу нағыз азап, тозақ бола түседі. Ой еңбегінсіз, ынтасыз, ойланбай оқу мүмкін емес.Педагогика ғылымының көрнекті өкілі М.И.Махмұтов «Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін алдымен оны өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек»- дейді. Егер бала әрбір оқу жұмысын не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өз әрекетін қадағалауға, бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор.
Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Баланың ақыл-ой қабілетін тәрбиелеу оқу жұмысының басты міндеттерінің бірі. Мұғалім бала ойының қалай болса, солай дамуына жол бермеу үшін мына жайттар ескеріледі: өз ойын дәлелдеп айта білуге үйрету, ой тізбегінің дұрыс логикалық жолмен құрылуын қадағалау, баланың ой жұмысын тәртіпке салып отыру, оның өз бетімен ойлау қабілетін дамыту үшін сабақ үстінде белсенді ақыл-ой жұмысын ұйымдастырып, тапқырлығына жол беріп отыру.
Ақыл-ой даму дәрежесі оқушының тиісті фактілердің, құбылыстардың мазмұны мен маңызын дұрыс ұғынып, оларды бұрыннан қалыптасқан негізінде түсіндіре білу, оқу жұмысының әр түрлі жағдайында әр алуан жағдайында өздігінен іздену мен белсенділік көрсете білу мүмкіндігінен байқалады. Баланың бүкіл тәрбие жұмысында білім алуда, дағдыларды қалыптастыруда, оқуда ынтасын қалыптастыруда белсенді түрде жүреді. Олай болса, мектеп оқушыларының ақыл-ойын дамыту, оқыту мазмұны мен оқу жұмысын дұрыс жолға қою арқылы жүзеге асырылады. Орта буындағы сынып – оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Орта буындағы сыныпта балалардың ойлары нақты-бейнеліден абстрактылы - логикалық ойлауға қарай дамиды.Мектептің алғашқы сатысының міндеті – бала интеллектісін себеп – салдарлы байланыстарды түсіну деңгейіне дейін дамыту. Орта буындағы мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру.Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».Оқу материалы балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, белсенділігін,саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын,олардың іскерлігін дамытатындай болу ксрск. Оларды қиындыкты жеңе білуге, төзімділікке баулу мұғалімнің басты міндеті.«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде ғалымдар А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектерінде нақты анықтама берілді. Авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту;
Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кету керек. Логика - (грек тілінен алынған logic - сөз, ой,ойлау, ақыл-ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым. Объективті пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде, әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау,ойлау заңдылықтарын немесе былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым- логиканың көмегі мен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз. Логикалық тұжырым теориясының ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған. Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асырылады. Талдау – бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу, қарапайым формадағы талдау әрқандай затты практикалық қажеттілікке орай құрама бөлшектерге ажырату. Мысалы балаларды қандай да бір өсімдіктермен таныстыруда оның құрамын көрсетуден бастаймыз. (тамыры,сабағы,жапырағы). Талдау тәжірибелік және теориялық болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда айтылған ой операцяларына ұштаспаса,онда қате, механикалық сипат алады. Мұндай талдау элементтері жас балаларда көптеп кездеседі. Біріктіру –бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттермен әрекет қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру.Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі, бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек,элементтер тобы ретінде қарастырылады. Логика - ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым
Логикалық жаттығулар:
1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім? (Шешуі: Айжан-Мұраттың, Маржан-Асқардың қызы.)
2.Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады? (Шешуі: 8 аралық)
3. Екінші сыныптың өқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші жұп болды, ал артынан санағанда төртінші жұп болды.Сыныпта қанша оқушы бар? (Шешуі: 20 оқушы)
4. Үш ағайынды. Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі класта оқиды.Абзал арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені ортаншысы,кішісі кім? (Ең үлкені Аян,ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.)
5. Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Қосқұдықтан, екіншісі -Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден. Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, Бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегенділігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген? (Еркін- Қосқұдықтан, Әділет- Көктөбеден, Ерлік –үш төбеден.)
Қорта келгенде Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықталып беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген екен. Сондықтан мен әр баланың жан-дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп,біліп алған соң,олардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, талдап, қолданамын. Тапсырмаларды деңгейлеп беремін. Оқулықтағы шығармашылық жаттығулар оқушылардан тек қана математикадан білім емес, күделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты білімді талап ететін тапсырмалар. Бұлар негізінен оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Бұл - өте қиын, аса жауапты, бірақ игілігі мол ардақты жұмыс. Ендеше логикалық ойлауды дамыта оқытуды негіздеу үшін логикалық ойлау ұғымын терең түсіну керек. Біз бұл ұғым және олармен байланысты мәселелер бойынша психолошиялық, педагогикалық оқу әдістемелік әдебиеттерді және ғылыми зерттеу жұмыстарын қарап шығып, логикалық ойлауды дамыту ұғымы ойлауды дамыту ұғымын қамтиды деген пікірге келдік. «Ойлау - логиканың заңдылықтарымен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» дейді В.Кириллова. Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы,бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң,бірі баяу,енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы,ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.

Пайдаланған әдебиеттер:
Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы, 2002. – 415 бет.
Ильина Т.А. Педагогика. – Алматы, 1977 – 454 бет.
Қазақстан Республикасы орта буындағы білімінің мемлекеттік стандарты. – Алматы, 2010. - 135 бет.
Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. – Алматы, 2005. - 72 бет.
Глазырина Л.Л.Математика пәні бойынша орта буындағы сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы (2,3,4 сыныптар).
«Келешек - 2030»ЖШС, 2010.
Ерешова К.,Ыдырысова Ш.,Әбенова Г.Логика әлемі. 2 сынып .Алматы
«Өлке» 2010. Ерешова К,Омарғазинова Г., Логика әлемі. 4 сынып.Алматы
«Өлке» 2011. Қосанов Б.М.Математикадан сыныптан тыс жұмстарда оқушыларға экономикалық тәрбие беру. – Алматы, 1998. – 54 бет.
Т.Мейірманқұлова «Білім берудегі инновациялық технологиялар», Алматы, 2000 ж. Д.Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ, 1998ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.