Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
5 саны және цифры. Бесбұрыш -

5 саны және цифры. Бесбұрыш

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1341 | Размер: | Автор: гость
. Нұрпейісова Пернекүл,
А.Үсенов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры. Бесбұрыш

Сабақтың мақсаты: Білімділік: 5 санымен, цифрымен таныстыру, дұрыс жазуды меңгерту, бесбұрышпен танысып, ерекшелігін білу.
Дамытушылық: шығармашылық қабілетін, танымын дамыту, ауызша
жылдам есептеуге үйретіп, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: нақтылыққа, дәлдікке, тапқырлыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, кеспе цифрлар, слайд, интербелсенді тақта,
геометриялық фигуралар.
Әдісі: СТО, сұрақ-жауап, «Неше рет» ойыны, топтық, жұптық жұмыс.
Күтілетін нәтиже: балалар шапшаң, нақты, дәл жауап беруді үйренеді.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (Психологиялық дайындық.)
Ынтымақтастық атмосферасы.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, әркім өзіне өз есімінің бас әрпінен келетін мақтау сөз айтады. Мысалы: Асылзат-ақылды.
Бұдан соң оқушылар үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш бойынша 3 топқа бөлінеді.

ІІ. Өткен сабақты қорыту.
Үй тапсырмасы «Жылдам тап!» ойыны арқылы ойналады. Әр топқа екі-екіден сурет көрсетіледі.
Шарты: суреттегі затты көрсетіп мұғалім қол шапалақтағанда оқушылар сол заттың санына сәйкес келетін цифр жазылған кеспені көрсетеді.
Мақсаты: заттарды санау мен санның жазылуын білу.

Сергіту сәті. Оқушылар интербелсенді тақтадан көрген қимылдарын қайталай отырып, жаттығулар жасайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сұрақ-жауап. Балаларға сипаттау арқылы 5 санын жұмбақтау.
- Адамның бір қолындағы саусақ саны онымен дәл келеді.
- Оқушылар оны алса қуанады.
- Сыныптағы партаның қатар санына сәйкес келеді.
- Бүгін бізде сонша сабақ болады.
- Ол жақсы баға .
- Балабақша аптасына осынша күн жұмыс істейді.

Жарайсыңдар, балалар, сендер дәл таптыңдар. Бұл 5 саны. Олай болса өзіміз жаттаған өлеңімізге кезек берейік:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске бесті қосқанда,
Болып шықты он саусақ.

Шаблондары пайдалана отырып, балаларға заттың нешеу екендігін санатып, анықтау. Санның тақ, я жұп екендігін балаларға дәлелдету. Бұл арқылы баланың танымы кеңейеді.
4+1=5 2+3=5
1+4=5 3+2=5
5-4=1 5-3=2
5-1=4 5-2=3
Дәптермен жұмыс.
Балалар дәптерлеріне екі қатар етіп 5 санын жазады.

Танымдық жаттығу. Жұптық жұмыс

Балаларға 1 см-ден 5 см-ге дейінгі ұзындықтағы кесіндіні сызу тапсырылады. Сызудағы ерекшелік-сызғышты пайдаланбай көз мөлшерімен сызу қажет. Тапсырманы орындап болған соң жұбымен алмасып, кесіндіні сызғышпен өлшейді. Дұрыс сызған оқушы жеңімпаз атанады.


№ 2. Сандардың құрамын анықтайды.


№ 3. Сандарды тура және кері санау. Мұнда балалар шапшаңдыққа, дәлдікке үйренеді.

1 2 3 4 5
5 4 3 2 1

Шығармашылық тапсырма.
Баланың ойын, логикасын дамытуға берілген тапсырма.

«Үшбұрыш» тобы «Шеңбер» тобы «Төртбұрыш» тобы

5- =1 3+ =5 5-3=
2+3= 5-1= 1+4=

№ 4. Геометриялық фигуралармен жұмыс. Бұрыштарын, қабырғаларын санап, анықтау, дәлелдеу.

Топтық жұмыс. Балалар 4 санының құрамын табады.

«Үшбұрыш» тобы «Шеңбер» тобы «Төртбұрыш» тобы



ІҮ. Қорытынды. Жаңа сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылап, оқушыларды мадақтаймын. Слайдтан бесбұрышты тапқызып, басқа
фигуралардың ерекшелігін айтқызу.
.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, мақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.