Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
7 санын қосу және азайту -

7 санын қосу және азайту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1064 | Размер: | Автор: гость
. Алтынбекова Меруерт Султановна,
«Басбұлақ» бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО.Созақ ауданы
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік мақсаты :7санының құрамын оқушыларға түсіндіре отырып, 7 санын қосу ,азайту тәсілдерін түсіндіру,7 санының қасиеттілігін ұғындыру ;
ә) дамытушылық мақсаты: ауызша есептеу қабілетін ,ұлттық дүниетанымын , логикалық ойлау дағдыларын дамыту;ұшқыр ойлап,тез жауап беруге қалыптастыру;
б)тәрбиелік мақсаты : оқушыларды Отанын сүюге,ұқыптылыққа , ұйымшылықпен жұмыс істеуге ,адамгершілікке,ұлттық әдет-ғұрыптарды сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
1.Оқушылардың білім-білік дағдыларын арттыру.
2.Ойлау ,есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
3.Оқушыларды шапшаң ,сауатты есептеуге баулу.
Көрнекілігі:Түрлі кестелер,7саны мен цифры,7санының қасиеті жайлы дайындалған түрлі суреттер.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақ типі:дәстүрлі
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер:интербелсенді әдіс,INSERT-жаңа мәліметті игерудің интербелсенді тәсілі,ТРИЗ-ӨТТШТ технологиясы,Кейс –стади әдісі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Бір,екі,үш
Сынып іші тып-тыныш.
Тыныштықты сақтаймыз,
Біз сабақты бастаймыз.
Мұғалім:
Ғылымның сырын ұғына ,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізсін сіздей өренді,
Математика сырына.
Оқушылар:
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға басамыз.
Есептерді шығарып,
Білімді шәкірт боламыз.
II.Өтілген сабақты еске түсіру:
Оқушылардың алдыңғы сабақтарды қалай меңгергендігін тексереміз.
1ден 6-ға дейінгі сандарды тура және кері санату.
Қызығушылығын ояту.
Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп бесеуін,
Тағы да алдым екеуін
Алдым сонда нешеуін? (7)
Табақта бар 5алма,қолымда бар 2 алма.
Қосып едім барлығы,болып шықты неше алма? (7)
III Жаңа сабақты хабарлау
Балалар біз осыған дейін 1,2,3,4,5,6 сандарын қосу және азайтуды өттік.Бүгінгі тақырыбымыз 7санын қосу және азайту.
Қане ойланайықшы,7 қандай сандардың қосындысы?
1+6 2+5 3+4 6+1 4+3 5+2
Ендеше
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу болып отырып,
Көркем етіп жазайық.
Күннің жадын және тақырыпты жазамыз.
7 санының таңбасымен таныстыру.
7 цифры неге ұқсайды? (шалғыға)
«Жетілік» -өткір шалғы ғой,
Шалғыңды ал да ора ғой.
Дәптермен жұмыс.Көркем жазу.
7 7 7 7 7 7 7 7 (оқушылар дәптерге 7 санын көркем етіп жазады)
Ұзындығы 7см кесінді сызу.
Мұғалім:7-саны қазақта киелі,қасиетті сан.7санына байланысты не білеміз,қане ортаға салайық.
Ой қозғау.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.


7 ата.Әке,ата, баба,немере,шөбере,шөпшек,немене.







Дәптермен жұмыс.
7санын қосу және азайту кестесін жазу.
+7= - =7 7+ =
Есептер шығару (тақтамен жұмыс)
Тәрелкеде -2кәмпит >6 шешімі:6-2 =4
Сауытта-? кәмпит Жауабы: 4кәмпит
Сергіту сәті: «Кім тез есептейді?» Логикалық есеп.
Он асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (7)
Берікте бар бес іні,
Ерікте бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні ,
Неше болар шешуі? (7)
Ойын. Суретті пайдалана отырып кірпіге саңырауқұлақ теріп беру арқылы тапсырмаларды орындау.
7+1 = 8 7-5= 2
7+2 = 9 7-6=1
7+3 = 10 7-7=0
Математикалық диктант жазу.
2+3=5 5+4=9 5+2=7
5-4 =1 3-2= 1 7-5=2
7-7 =0 6+0 =6 5+5=10
Жасырын сөзді тап:
7-2-1 = л 4-1-2= о 3+4-2 = ы
5-4+1= қ 2+2+2 = қ 4-3+2= у
1 2 3 4 5 6


Сабақты бекіту
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге балалар.
Не үйрендік,не білдік?
Қане ортаға салайық.

Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдері қортындыланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.