Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
7 санын қосу және азайту -

7 санын қосу және азайту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 961 | Размер: | Автор: гость
. Джуманова Карамат Шамухсиновна,
№109 жалпы орта ектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: 7 - ні қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылығы: логикалық, есте сақтау қабілеттерін, бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге, өзіндік талдау және шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тез шешім қабылдауға үйрету. Халықтық болжам, қағидалардың мағынасын түсінуге, 7 санының қасиетті сан екенін білуге үйрету.
Түрі: аралас сабақ.
Типі: жаңа сабақ.
Әдісі: жеке, сұрақ - жауап, түсіндіру, бақылау, қорытынды шығару. Пәнаралық байланыс: халық ауыз әдебиеті, дүниетану.
Көрнекілігі: тірек-сызбалар, суреттер, сөзжұмбақ, кесте.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
 Оқушылармен сәлемдесу
 Оқушыларды түгендеу
 Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Дүкеннен бір сабын алдым
Тағы екі қабын алдым.
Екі дәптер бір қарындаш
Өшіргішті тағы алдым. Есепте? (...)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, өткен сабақта біз қандай санмен таныстық?
Слайдтан 6 - санына байланысты қосу; азайту амалдары беріледі.
А) 5+1= 6 - 4=
ә) Сандарды салыстыру
4+2= 5 - 1= 47*45 34*84 47*87
12 - 6= 7+6= 55*65 10*100 13*30
Сұраққа жауап алу
- Санды немен белгілейміз ? (цифрмен)
- Цифрды біз не істейміз? (көреміз, жазамыз)
- Кесіндіні немен өлшейміз? (см)
- Қандай геометриялық фигураны білесіңдер?
- Қосудың компоненттерін ата?
- Азайтудың компоненттерін ата?
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білесің?

«Сиқырлы сандар». Ауызша есептеу.

«Ғажайып жеті санына» саяхат жасау арқылы 7 санының киелі екенін айту.
Оқушыларды үш топқа бөлу.
1 – топ «Үшбұрыш»
2 – топ «Төртбұрыш»
3 – топ «Шеңбер»

ІІІ. Жаңа сабақ.
1 «Математикалық диктант» жүргізу арқылы, жаңа тақырып аты көрсетіледі.
10 мен 0-дің, 4 пен 5-тің, 1 мен 5-тің; қосындысын табу.
10 мен 5-тің, 9 бен 5-тің, 7 мен 4-тің; айырмасын табу.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
1. Кестені жаз және жатта.
+ 7 = - 7 =
2. Барлығы 6 кәмпит бар еді. 2 кәмпит тәрелкенің ішінде, қалғандары сауыттың ішінде жатыр. Сауыт ішінде неше кәмпит бар?




Шешуі: 6 – 2 = 4 (к)
Жауабы: Сауыт ішінде 4 кәмпит бар.
V. Сергіту сәті.
Бір дегенім – байлық, бақыт бастауы,
Екі дегенім – еңбек, ұмтылыс дәл қасы.
Үш дегенім –үміт, үлгіге жетелеу,
Төрт дегенім – табиғат шынайылық мақсаты.
Бес дегенім – береке, бірлік үйімде.
Алты дегенім – алатау асқар белінде,
Жеті дегенім – жоғары өрле биікке.
Топпен жұмыс.
Әр топ жеке қағаздар суырып, берілген тапсырманы орындаймыз.
1 – тапсырма: Қосылғыштарының бірі: 7 болатын қосындыны жазу, мәнін табу.
1+ 7
2 + 7
2 + 7
7 + 0
2– тапсырма: Азайғышы 7 болатын айырмаларды жазу, мәнін табу.
7 – 6
7 – 5
7 – 2
7 – 4
7 – 3
7 – 1

3– тапсырма: «Топ баларалары»

Бір топ баларалары ұшып барады.

Олардың барлығы бесеу.

Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады? ( 5 – 1 = 4)

4 – тапсырма : «Салыстыру»
2+5*1+5
10-1*9-2+
4+3*3+4
8+2*5+5
5 – тапсырма: Сәйкестік тап.
5+1 ------5
7 – 3 ---- 2
4-2------- 6
7-2 ------4

V. Қорытындылау.
Шығырмақ болып кеше есеп,
Жиналды жеті есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (7-3=4)

Он асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (10-3=7)

Бесбайда бар бес іні,
Елтайда бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні,
Нешеуі болар шешуі? (5+2=7)

Жетіден бірді алайық,
Қанша бала қарайық.
Қарайық та санайық
Санайық та табайық. (7-1=6)

VI. «Жүректен жүрекке» (Музыка әуенімен оқушылардың өз тілектері)
VII. Үйге тапсырма. №4. Кестені жатқа айту.
VIII. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.