Меню
Назад » » »
8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні
загрузка...

загрузка...
Қымбатты қонақтар, аналар, әжелер, бала бақша ұжымының апайлары. Жыл мезгіліндегі ең тамаша, ең шуақты мерекелеріңіздің бірі 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!!!
Балаларымыздың сіздерге дайындаған «Ана-өмір шуағы» атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар.
Көңілді әуенмен балалар жарты жеңбер болып тұрады.
Амангелді:Бүгін бізде мереке кеш қалмайды ешкімде
Аманжол:Босқа тұрма сен енді,безендір тез бөлмені
Амангелді:Айттым әне сендерге үлгермейміз біз енді
Аманжол:Тыныш,тыныш қыздар келіп қалар.
Балалар шеңбер болып жүріп шығып кетіп қыздарды алып келіп вальс билейді.
Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей,
Иісін жұрап анқытқан
Бұл кім?
Бәрі: – Ана.
Ана, Ана, Ана… Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?!
Ән: «Апа туған күніңмен»
Жүргізуші. Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүрініз.-деп аналарға арналған тақпақтар
Ислам: Әр сөзінді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам

Жанби: Түнде сергіп жатпаған
Күндіз тыным таппаған
Бізсіз тамақ татпаған
Айналайын ақ мамам

Әнел: Аналады сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз

Санжар: Ананың біз гүліміз
Ана-біздің күніміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүрініз

Айзере: Мерекесі бүгін
Алтын анамның
Сыйлайыншы гүлін
Жарқын даламның
Күлімдеген көзі
Күннің нұрындай
Қызым деген сөзі
Ақын жырындай
Ән:Құттықтаймын мама
Балалардың тақпақтары (Жәдігер,Нұрхан,Ықылас)
Амангелді: Жүре берсен қасымда
Айбат анам,ай анам
Ботам деген даусыннан
Мен мәз болып оянам
Айналайын ақ мамам
Жүргізуші: Қар мұз еріп,
Су көбейіп
Сай-салада ағады
Бүршік шашып
Жапырық ашып
Жер гүл шашақ тағады
Балалар,айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Көктем)
Жүргізуші:Көктем келді сағынған.
Жасыл көктем, сен көктем.
Гүлді гүлмен өрнекпен.
Ел бақытты, мейірлі,
Балалары әндеткен.
Төрлет көктем жоғары.
Көктем билеп кіреді: (Вальс музыкасымен)
Көктем: Үстім жасыл түк басқан
Көктем келдім нық басып.
Жылғаларға жылыстап
Кете берді қыс қашып.
Сәлеменсіңдерме балалар,қонақтар метекелеріңізбен.
Ақ жаулықты әжелер,ардақты аналар,ару қыздар.
Жүргізуші: Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз, бірге көңіл көтеріңіз.
(Балалардың тақпағы айтылады)
Алібек: Дала нетен кең еді
Құстар әуен төгеді
Көптен күткен көктемнің
Көп болсыншы берері
Бекарыс: Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Анел: Бар табиғат нәр алып
Шыға келер жаңарып,
Қызғалдақ болып құлпырған
Көктем біздің балалық
Би: «Үнді биі».
Көктем:Тамаша,өнерлі екенсіндер.Ал балалар,сендер үйде ата-аналарына көмектесесіңдерме?Шындықтарынды айтыңдар!Қазір мен аналарыңнан сұрайын.Күні бойы ойнай беретін,ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма?
Аналар:жоқ,жоқ!
Көктем:Ал таңертең ерте тұрып,балабақшаға өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналар:Бар,Бар.
Көктем ойын ойнатады Ата-аналармен балалар арасында 3-4 ата-ана шығады.
Ойын: «Кім жылдам?»
Жүргізуші: Балалар! Мерекеге аналарымыз ғана емес әжелерімізде қонаққа келіпті.
Жүргізуші: Әжем деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Ән: «Жақсы көрем»
(Балалардың тақпақтары)

Аяулым: Қайырымды, қасиетті.
Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті.
Баға жетпес ақ әжем.

Хафиза: О халайық жараңдар
Әжемді кім жамандар
Ақ тістері маржандай
Сенбесеңдер қараңдар
Келбетіне көз салсаң
Көктемнің нұрлы шуағындай

Мадина: Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит әкеп береді.
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді

Гаухар: Менің-әжем жыр әжем
Шуағы мол –нұр әжем
Ақ орамалды тағып ап
Аман-есен жүр әжем

Аружан: Мен әжемді сүйемін
Кимімді өзім киемін
Ақылына көнемін
Өлең айтып беремін
Ойнап келсем «күнім» деп
Қарсы алады күлімдеп
Мен сабақты оқимын
Әжем кілем тоқиды.
Әжелердің құрметіне Би: «Бипыл»
Жүргізуші:Ендігі кезекте балаларымыздың орыс тіліндегі тақпақтарды қабыл алынызар.
Элдар: Маму я свою люблю
Ей подарок подарю
Я подарок сделал сам
Из бумаги с красками
Маме я его отдам
Обнимая ласково

Жүгізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы қыздан сұлу алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп ұлдардың тақпақтарын қабыл алыңыздар
Аманжол Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз

Мұхаметали:Біздің қыздар әдемі,
Өздері сондай сүйкімді.
Біз оларды сыйлаймыз,
Шаштарынан жұлмаймыз.
Ән. «Ел жатқанда жатпаған»
Балалар көктем сендерге сыйлыққа көп гүлдер алып келіпті.Қазір біз «Гүл теру »ойынын ойнаймыз.
- балалар, Мен сендерге өте қуаныштымын.Көктем балалармен қоштасып шығып кетеді
Жүргізуші:
Ал, қане балалар орнымыздан тұрайық.
Аялы да, алтын нұрлы анашым.
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың- деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет Енді балалар аналарымызға арнап жапсырып жасаған тілек жазылған сыйлықтарымызды тарту етеміз. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 270 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar