Меню
Назад » » »
8-сынып Сабақтың тақырыбы: «Буырқанған даланың дауылпазы» Т.Әлімқұлов «Қараой» әңгімесі Сабақтың м
загрузка...

загрузка...
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Буырқанған даланың дауылпазы»
Т.Әлімқұлов «Қараой» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жазушының қазақ әдебиетіндегі қадау-қадау тұлғаларды бейнелеудегі
ерекшелігіне тоқталу.Жалынды күрескер,дауылпаз ақын Махамбет тағдырынан хабардар
ету.Әңгіме мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылығы: Тұңғиық тарихымызды таныта отырып дүниетаным шеңберін кеңейту.
«Қараой» әңгімесімен Махамбет өлеңдерінің үндестігін таныту.Бөлімдерге бөліп,ат қоюға
дағдыландыру.
Тәрбиелілігі:Ғазиз ақын,айбынды батырдың жау қолынан қапыда қаза болуын
ұғындыру.Ықыластың опасыз қанішерлік әрекетін әшкерелеу арқылы адалдық пен
жолдастыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі оқу,сұрақ-жауап, білімді ғылыммен ұштастыру,шығармашылыққа
баулу
Пәнаралық байланыс:Тарих , география,бейнелеу,саз өнері
Көрнекілігі: интерактивті тақта.Т.Әлімқұлов,Махамбет портреттері,дәйексөздер,
Атырау облысының картасы
«Абай-даналықтың діңгегі болса,
Махамбет-патриоттық рухтың жалауы» Ф.Оңғарсынова
«Бүкіл 19-ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей жырлағын ақын
болған емес» М.О.Әуезов
«Мен бір шарға ұстаған балта едім-
Шабуымды таппай кетілдім
Қайрасаң тағы жетілдім» Махамбет
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасы: Ж.Молдағалиев «Мен-қазақпын»
3.Жаңа сабақ: Сабақ жоспары:
1) «Махамбет – ерен ерліктің үлгісі» Ішкі Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі туралы
2) «Исатайдан айрылып , Жалғыздықпен болдым дос». «Қараой» әңгімесінің мазмұны
3) «Махамбет-ақберен ақын» «Қараой» әңгімесі мен Махамбет өлеңдерінің үндестігін таныту

1836-1838 жылдары Ішкі Бөкей ордасы мен кіші жүздің батыс бөлігінде ұлт-азаттық көтеріліс болды.Көтерілісті Байұлы беріш руынан шыққан Тайман ұлы Исатай мен Өтеміс ұлы Махамбет басқарды.Олардың мақсаты – Жәңгір ханның халыққа жасап отырған озбырлығына шек қою,шаруалар жағдайын жақсарту,Қарауылқожаны,Балқы Құдайбергеновты биліктен тайдыру,жер мәселесіндегі белгілі бір келісімге келу еді.Көтерілістің басы – 1836 жылы24 наурызда Қарауылқожа-ның 800 адамды бастап Манаш елдімекені маңындағы Исатай ауылын қоршауы болды. Алайда олар 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайға шабуыл жасауға бата алмай кейін қайтады.1837 жылы қыркүйек –қазан айларында Исатай бастаған көтерілісшілер Қарауылқожаның,Балқының ауылдарын
шауып,қолға түскен мал,дүние-мүліктерді шаруаларға таратып береді.1837 жылы подполковник Геке басқарған патша әскері мен көтерілісшілер арасындағы ұрыс Тастөбе деген жерде өтеді.Зеңбіріктің зіркілі ме жарылған оғына шыдай алмай Исатай қолы шегінуге мәжбүр болады.1838 жылы 12 шілдеде 500 сарбазбен келе жатқан Исатай ойламаған жерде Геке мен Баймағамбет бастаған әскермен кездесіп қалады.Исатай осы шайқаста қаза табады. Көтеріліс жеңіліспен аяқталғаннан кейін Махамбет Жем,Жайық,Маңғыстау,Хиуа елдерін сағалайды.Махамбет өмірінің соғңғы жылдарын Атырау облысы Индер ауданына қарасты Қараой жерінде өткізеді.1846 жылы хан ,сұлтандарға сатылған жағымпаз қаныпезерлер қолынан қаза табады.
1) «Қараой» әңгімесіне халқымыздың қайталанбас,біртуар ақыны Махамбет өмірінің ең бір традегиялық тұсы арқау болған.Азаттық жолында ешкімге бас имеген қайсар жан,қайран ақынның өр тұлғасы сомдалған.Ағайынның алауыздығы,сүйекке сінген күндестік ұлт қасреті деңгейінде көрсетілген. Жазушы қанды қол жендеттердің қасиетті ақын шаңырағын қас-қағым сәтте ойрандап, ортасына түсіріп,бір үйлі жанды сорлатып кеткенін көзбен көріп,қолымен ұстағандай етіп,буы кеппеген күйінде дірілдетіп алдына жайып салған.
Т.Әлімқұлов 1918 жылы 27 қыркүйекте Шымкент облысы Созақ ауданында дүниеге келген.1937 жылы Ащысай кенінде жұмысшы жастардың кешкі ектебінде оқиды.Одан кейін 1949 жылы Мәскеудегі Горкий атындағы әдебиет институтында оқиды. «Сапар» , «Жазғы жаңбыр» , «Бозжорға» өлеңдері, «Күрең өзен», «Кертолғау», «Тұлпарлар тағдыры» атты әңгімелер жинақтары бар.
Әңгімені мазмұндау жоспары:
1) Қараой қойнауындағы жалғыз үй
2) Махамбетті мазалаған ойлар
3) Кешіккен Ықылас,ақын күдігі
4) Бесінде келген қонақтар
5) Махамбет пен қонақтар арасындағы келіспеушілік
6) Үй ішіндегі жанжал
7) Қараойдағы қаралы үй
2) Оқушылармен бірлесе отырып «Қараой» әңгімесі мен Махамбет өлеңдерінің үндестігін тапқызу
«Қараой» әңгімесі Махамбет өлеңдері
1.Сирек біткен қызыл изендердің басы аралға ұқсаса Арқаның қызыл изені
Ақ селеулердің үкісі желбіреген желкенді еске түсіреді. Басы күрдек,түбі арал
Қыдырып шалар аруана

2.Әуеде ұшқан қызғыш: «Екеуміздің тағдырымыз бір Ау, қызғыш құс,қызғыш құс,
дегендей» қанатымен бәйек болады. Қанатың қатты ,мойның бос
Исатайдан айрылып
Жалғыздықпен болдым дос

3.Қара шұбар жыланның құйрығын басып,басын Хан емессің ылаңсың,
жаншымай кеткен.Енді өзінің басын мың монетке Қара шұбар жылансың
тіктіріп отыр

4.Балаларының Өтемістен туған ондай ,түгел атқа Өтемістен туған он едік
қонып жасақты қолға айнала алмағаны- орны Онымыз атқа мінгенде,
толмас өкініштей мазалады. Жер қайысқан қол едік

5.Алты малта ас болып,еңку-еңку жер шалған күндер Ереуіл атқа ер салмай,
мен түндер көз алдына елестеді Егеулі қолға найза алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай

Қорыту: 1).Махамбеттің Қараойда жалғыз үйде отыру себебі неде?
2).Махамбетті мазалаған ойлар қандай?
3).Ықыластың келуін неге асыға күтті?
4).Жұмбақ жолаушылар кімдер,олардың мақсаты неде?
5.)Махамбет қалай мерт болды?
Үйге тапсырма: 1.Әңгімені мазмұндау
2.Әңгіме мәтініне талдау жасау
3.Әңгіме бойынша сурет салу
Бағалау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему 8-сынып Сабақтың тақырыбы: «Буырқанған даланың дауылпазы» Т.Әлімқұлов «Қараой» әңгімесі Сабақтың м можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 447 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar