Меню
Назад » » »
8наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
загрузка...

загрузка...
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Рабат елді-мекені, Қ.Абдалиев атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Шертимова Гүлмейрам Тасболатқызы

Ашық тәрбие сағаты
10 «А» сынып

8наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
Анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, мейірімді бола білуге үйрету. Көрнекілігі нақыл сөздер, шарлар, гүлдермен зал безендірілген.
Барысы
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті аналар, ұстаздар және қонақтар!
2-жүргізуші: Бүгінгі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Анашым – ақылшым, ботагөй - данашым!» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
1-жүр: Ана деген - өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,
Ана деген - тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген - тендесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
2-жүр: Дүниенің жарық күні - анамыз,
Жарық күннен қуат алған санамыз.
Ұлы болсақ - анаменен ұлымыз,
Дана болсақ - анаменен данамыз.
Өмірге мына бізді алып келген,
Дүние қымбат екен анаменен.
1-жүр: Иә,бүгін мақтасақ - барлығын жеңетін тіршіліктің бұлағы әйел-ананы мақтайық.
2-жүр: Бізге қажымас қайрат беретін әйел-анаға мың алғыс. Аристотель, Фирдоуси, Жәнібек пен Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан, Мұқағали, Нұрсұлтан мен Тоқтар - сол әйелдердің ұлдары, бәрі ананың ақ сүтінен нәр алған.
1-жүр: Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, тарихтағы Домалақ ана, Айша бибі, Абайды туған Ұлжан, ел билеген Айғаным, Қол бастаған Бопай, ел қорғаған Гәуһар ана, бәрі бір ғана атқа ие, ол «АНА». Ендеше сол аналарды мадақтайық.

Анашым
(Ф.Оңғарсынова)
Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктемде
Мінекей менде ер жеттім
Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын,
Аяулым сенсің анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
Мен үшін бірақ данасың...
Мейірім төккен бір жүзің,
Тұрғандай сезем жанымда
«Адал бол - деуші ең - жұлдызым»
Сақталды сөзің жадымда.
«Игі еңбек түбі осы-ау»деп,
Көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай мәңгі жасай бер,
Мәңгілік Күндей, Анашым!

Анашым
(К.Ибрагимова)
Жыласам тербетіп, талай таң аттырған
Ер жетті ұл-қызың, азапқа батырған.
Дәл бүгін ұқсайды, сен үшін атқан таң,
Дем алсын дагендей, көңілді барлық таң.

Ән саламын, саған арнап анашым,
Жүрегіммен бірге соғып тұрасың.
Жан бар ма екен сағынбайтын алыста,
Алыстағы, үйіндегі анасын.

Алыста жүргенде, ана деп жүрегім,
Тезірек көрсем-деп сағынып жүремін.
Анамды әрқашан, жүректе сақтаймын,
Сүтіңді анажан еңбекпен ақтаймын.

Анама
(Б.Қасымов)
Келмей жатса хатым менің кешігіп,
Ұзақ түнді өткізесің көз ілмей.
Кім бар шіркін ағат кетсем кешіріп,
Ақыл айтып аймалайтын өзіңдей.
Мойымадың, ана жаным көтердің,
Өмір саған салса да бар салмағын.
Шексіз сүйіп жырға бөлеп өтермін,
Сені, сені жан тең келмес, ардағым!

Ана
(Ұ.Шотбай)
Жан ана, асыл ана, ару ана,
Өмірдегі бар ақылшым өзің ғана.
Қиналсамда, жыласамда қашанда,
Табыласың тез жанымнан сен ғана.

Айым - ана, жырым - ана, күнім - ана,
Арналады барлықжырым саған ғана.
Дала гүлі, күннің нұры, құстың жыры,
Теңеспейді бір өзіңмен, жан ана!

Күнім дейсің, гүлім дейсің, жырым дейсің,
Анасыз еш өмірді ұғынбайсың.
Періште, пәк көңілді аналарды,
Қалайша әнге қоса жырламайсың!

2-жүр: Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының, бақыттың керегі жоқ.
Көз керек - ананың өнерін, парасатын көруге,
Көз керек - арудың, әйелдің, ананың сұлулығын көруге.
Көз керек - ұйқысыз түндер мен уайымды күндер салған,
Әжімдердің сырын ұғуға,
Мейірім мен жылылыққа толы ана алақанындағы,
Ықыласты қолмен ұстап сезінуге,
Көз керек - бесік жыры мен ана әлдйінің құдіретін
Толық біліп ұғынуға!
Сөз керек - ару, әйел, ананың сұлулығын айтып жеткізуге,
Сөз керек - дүниенің алтын діңгегі
Әйел екенін әйгілеуге.
Сөз керек - анаға деген махаббат пен құдіретті
Тіл ұшына үйіруге,
Сөз керек - жылына бір рет болсада
Ана мен әйелдің көкіректі кернеген
Сезім мен көңіл күйін білдіруге.

Ана
(Н.Алдан )
Дариядай көңілің
Кең пейіл қазақ даласындай.
Ұзақ болсын өмірің
Таусылмас өзен ағысындай.
Жақсы өмір сүрсін деп баласын,
Қамқоршым өзіңсің жан анашым.
Түсінген құрметтесін анасын,
Бақытты етер мені тек сен ғанасың.
Тоғыз ай көтердің,
Қаяу бір салмай көңілге.
Парызымды өтермін.
Алла берген өмірде.
Жылулық сеземін тек қана өзіңнен
Сана да, өмір де, ақылды бергенсің,
Ақтармын тілекті, өзімдік сеніммен.
Халықтың өз қалауы, данасы бар,
Дананың да сүйген бір анасы бар.
Алдағы мерекемен құттықтаушы,
Ұл - қызың, құрмет тұтқан дәл осылар!

Әже
Әжемнің саясында ержетіп мен,
Аялы ақ бесікте тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды,
Таппаспын айналсам да жер бетінен.
Жүрегімде әжемнің әжімі бар,
Жүрегімде достардың әзілі бар,
Жүрегімде өмірдің қызығы бар,
Жүрегімде жанымның азығы бар.
Ержетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.

1-жүр: О, аналар осындайсың бәрің де ,
Осындайсың жасыңдағы, кәрің де.
Сиынатын болса өмірде құдірет,
Сиынар ем, Ана деген тәңірге.
Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де - Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға.
Елін, жерін сүйетін, ей, адамдар!
Алдымен ананы аялаңдар!
Ана - алып бәйтерек.!
Бәйтеректің бауырына топтасып саялаңдар!
2-жүр: Аяулы да, ардақты ұстаз-аналарға Алдан Нұрдаулеттің жүрек жарды өлеңдерің арнаймыз.
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз,қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйретіп ең әр әріпті.

Қоссаңдар бірді екіге үш болады-
Деуші едің - білімменен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, ұстамды бол,
Ақылмен іс істесең, іс болады...

Беруші ең бізге айтып өлең - тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай әлі күнге келем сақтап.

Сипап қойып басынан,
Кетпей жүрген қасынан
Құрбы - құрдастарыммен,
Достастырған асыл жан.

Сырына көз тастаған,
Ізгілікке бастаған,
Көбейсе де шәкірті,
Қиындықтан қашпаған.

Оқушылар тарабы
Оны гүлге орады,
Ұстаздардың ішінде,
Оның орны жоғары.

Мұғалім - ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың...
Өмірде сенің алар орыныңды
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

Өткізіп өз алдыңнан талай бала ,
Бойына құйдың ақыл ой мен сана.
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы тәрбиеші болдың аға.

Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп,
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын: «Ұстазым!» деп басымды иіп.

1-жүр: Бүгінгі айтылатын ақтілек, күмбірлеген күй, шырқалатын ән Сіздерге арналмақ!
1-жүр: ән «Анама» орындайтын Әлім Ермек
2-жүр: би «Ата толғауы» орныдайтын Бахыт Ұлбосын
1-жүр: ән «Ана» орындайтын Сейсен Жеңіс
2-жүр: күй «Көңіл ашар» орындайтын Қашымжаннемересі Балнұр
1-жүр: ән «Ана» орындайтындар Оразалы Ажар, Жолдас Назым
2-жүр: хор «Ана туралы жыр»

1-жүр: Халқымызға билік айтар даналар,
Данамыздың өзі анадан жаралар.
Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма, аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

2-жүр: Туған небір дананы,
Туған нелер алыпты
Қадірлейік ананы,
Қастерлейік халықты.
Ананың құт - береке әр адымы,
Сезілер әр ісінен даналығы.
Ана - өмір, Ана - бақыт, Ана - жүрек,
Тіршіліктің ғұмырлық даналығы.

1-жүр: Аналарды қорғайық,
Аналарды қолдайық.
Сол бақытты аналар үшін,
Қанеки, қол соғайық!!!
2-жүр: Дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему 8наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 289 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar