Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
9 санын қосу және азайту -

9 санын қосу және азайту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1037 | Размер: | Автор: гость
. О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Әділбекова Манзура Қадырәліқызы
Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: а) 9 санын қосу және азайтуда оқушылар білімін бекіту.
б) салыстыру, талдау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Есептеу дағдылары арқылы, білімдік дағдыларын қалыптастыру.
в) ұқыптылыққа, сауаттылыққа, зейіндікке, шығармашы-лыққа тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылықтарын арт-тыру.
Түрі: Аралас тақырыптық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жинақтау, өзін-өзі бағалау.
Көрнекілігі: суреттер, кестелер, Венн диаграммасы, тест.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II. Ой қозғау
Өрнек пен санды салыстыруды,
Азайту, қосу амалдарды,
Үйренеміз қай юсабақта?
- Математика
III. Пысықтау сұрақтары:
1. Санды немен белгілейміз? (цифрмен)
2. Цифрды біз не істейміз? (көреміз, жазамыз)
3. Қанша цифр бар? (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9)
4. Кесіндіні немен өлшейміз? (см, дм)
5. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? (нүкте, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, шаршы, дөңгелек, төртбұрыш)
6. Заттарды біріктіргнеде қандай амал қолданылады? (қоса)
7. Заттарды бір-бірінен алғанда қандай амал қолданылады? (азайту)
8. Қосудың компоненттерін атаңдар?
9. Азайтудың компоненттерін атаңдар?
10. 8 санының құрамдарын табыңдар:

Сабақ тренинг түрінде өтеді.
Ал, енді балалар, бүгінгі жаңа сабағымызды □+9, □-9
№.А) Косылғыштың бірі 9 болатын қосынды жазуға бола ма? 0+9=9
1+9=10 басқа теңдік жазуға болмайды.
Б) Азайтқышы 9 болатын айырмалар жазуға бола ма? 10-9=1
9-9=0 басқа теңдік жазуға болмайды.
Сергіту жаттығулары
Оңға,оңға түзу тұр,
Солға,солға түзу тұр.
Бір қадам алға,
Бір қадам артқа.
Жоғары төмен қараймыз,
Орнымызды табамыз.

№2есеп.3см,4см,10см.
10см-3см=4см+3см. Кесінді сызу (7 см)

Жұмбақ.(Логикалық есеп)
1.Төрт қаз ұшып барады,
Биңктен төмен қарады.
Аяқ нешеу бас нешеу?
Жауабын кңм табады? (4бас,8аяқ)

2.Алма ағашта 5 алма
Қандай жақсы жесе алма.
Бесеуін де жеп қойдым
Қалды сонда неше алма?

№3 есеп
Болды-10 қап
Сатылды -8қап
Ш:10-8=2(қ)
Жауабы:2 қап қалды.
Сергіту сәті.
Кім жылдам?
№4есеп.
3+□=7 4+□=9 6+□=7 1+□=6
□+2=6 □+2=7 □+3=6 □+6=9

Ребусты шешу
Сабақты қорыту.
Минуттық тест алып сабақты қорыту
Үйге тапсырма.
Мадақтау. Жинаған баллдары бойынша бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.