Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
9 санын қосу және азайту -

9 санын қосу және азайту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1004 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Ондықтан аттап 9 санын қосу мен азайту әдістерімен таныстыру
Сабақтың міндеттері:
1. 9-ды қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу,екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.
2. Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру
3. Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу..
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ауызша есептеу,талдау,өз бетінше жұмыс
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер

Әрекет
түрлері Мұғалімнің әрекеті Оқушының
әрекеті
Дәлелді
түрткі болатын 1-кезең. Психологиялық сәт.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен -
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "9 санын қосу және азайту ". Біз тоғыз өткелден өтіп, білімізді көрсетейік.
(балалардың көңіл- күйін көтеру үшін)


Балалар сөздерін,қимылдарын қайталайды.

Үй тапсырмасын тексеру 2. Операциялық-орындаушылық кезең.
1 - өткел. " Қайталау - білім анасы".
№ 3.Үй тапсырмасын шарты мен шешуін жеке тексеру.

Түсіндіре отырып орындату.
Ауызша шығару.
8+8 7+7 6+6 8+6
9+8 8+7 7+6 9+6
(шешімі тақтадан дыбысы естіледі)


Берілген есептердің мәнін ауызша айтады

Жаңа сабақ 2 - өткел. "Білімді өрге жүзеді"
(Жеке шаршылардың онынан құрастырылған жолақшаны ондықтың баламасы ретінде қолданамыз. Әр шаршы жекелеген бірліктерді білдіреді. Бір жолақша және сегіз жеке шаршы - бір ондық және сегіз бірлікті, яғни он сегіз санын білдіреді.)
9+9 = 18 18-9 =9 (9+1)+8 = 18 (18-9)-1 = 9

3 - өткел. "Білгің келсе,тауып көр".
№1.ә) Өрнекті жаз және мәнін тап.
(9+1)+8 = 18
(18-8)-1 = 9

4 - өткел. "Қасиетті ұғымдар"
9 саны: қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. 9 санының қасиетіне тоқталсақ, ана
құрсағындағы нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында
пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. 9 өмірге адамды әкеледі.Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-
дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. Тоғыз санының негізгі мағынасы – «ұзақ өмір». (тоғыз құмалақ, қалың малға үш тоғыз, т.б.)

5-өткел. "Мағынаны таныту"
№2.
Марғұлан - 10 к.
Арман - сонша
Барлығы - ?
Шешуі:10+10 = 20
Жауабы: Екеуі барлығы 20 кітап сатып алды.

6-өткел. "Ойлана біл!"
№3.
Бар еді - 9
Сыйлады - 9
Қалды - ?
Шешуі: 9-9 = 0
Жауабы: Қаламқаста 0 диск қалды.

Сергіту сәті
Бейне көрініс қояды.

7-өткел. "Бірлік бар жерде ,тірлік бар"
№4
Сатып алды - 20 және тағы сонша
Берді - 50 тг.
Алуы керек - ?
Шешуі: 50-(20+20) = 10
Жауабы: Ол 10 теңге қайтарып алуы керек.

8-өткел. "Ойлан,тап" - өз бетінше жұмыс.
№6
7+6 =13 13-6 = 7
17+6=23 23-6 = 17
27+6=33 33-6 = 27
37+6 = 43 43-6 = 37
47+6 = 53 53-6 = 47
57+6= 63 63-6 =57
67+6 = 73 73-6= 67
77+6 =83 83-6 = 77
87+6 = 93 93-6 = 87

9-өткел. "Сөз құрастыр" ойыны
14-9 12-6 13-5 6+5 7+5 8+5 9+7
5 6 7 11 12 13 16
Қ О Қ И Қ А З

3.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
- Міне,біз де барлықөткелден өтіп,берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.
- Біз бүгін сабақта немен таныстық?
- Сабақта жаңадан нені білдіңдер?



Берілген есепті шығарады

Оқушылар өрнекті жазып және оның мәнін табады.
/Жылжымалы парақшаны жылжыту арқылы, өз есептерінің дұрыстығын тексереді/

Сандарға байланысты бейнекөрініс тамашалайды.

Қайсысы есеп екендігін тауып, оны шығарады.

Қайсысы есеп екендігін тауып, оны шығарады.

Сергіту жаттығуын орындайды

Интербелсенді тақтаға өздері есеп шығарып, жазады.

Жауаптарын тауып орнына қояды.
Рефлекстік коррекциялаушы

4.Үйге тапсырма. 3.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
- Міне,біз де барлық өткелден өтіп, берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.
- Біз бүгін сабақта немен таныстық?
- Сабақта жаңадан нені білдіңдер?

9 санын қосу және азайту. №5. Сұрақтарға толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек : Геометриялық пішіндерді.
Болу керек: Қызығушылық,ынта.
Үйрену: Қоршаған ортадан сол пішіндерге ұқсас заттарды таба білуге.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.