Меню
Назад » » »
Ақ қауырсын
загрузка...

загрузка...
Республикалық «Ақ қауырсын» - 2 байқауы
Ұдайы игі шаралар мен жарқын істерді ұйымдастыруда ерекшеленіп жүретін «ПЛАТОН» Халықаралық дамыту орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен колледж және жоғары оқу орындары студенттері арасында республикалық "Ақ қауырсын"- 2 шығарма байқауы өткізілді. Жас қаламгерлердің шабытын шыңдай түскен бұл байқаудың мақсаты - қазақ елінің салт-дәстүрін, мәдениетін, рәміздерін құрметтейтін, әдебиетке жақын, мәдениетті, өз ойын толық білдіре алатын жастарды қалыптастыру мен олардың Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу болды.
Осы орталықтың барлық өткізген шараларынан сырт қалмайтын оқушыларымыз бұл ретте де қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Байқаудың орта топ қатысушылары арасынан жүлделі I орынды мектебіміздің 7 сынып оқушысы – Байсынов Нұрлан иеленсе, ал II орынды 8 сынып оқушысы – Куандыкова Айдана иеленді. Сондай-ақ жүлделі III орын мектебіміздің 6 сынып оқушысы – Ермаханова Аружанға бұйырды.
Жеңімпаз жас қаламгерлеріміз өз шығармаларында тіл туралы, оның ішінде ана тілі және Елбасымыз жайында өздерінің ізденістерін, ойлары мен көзқарастарын көркемдеп жеткізе білді. Осы орайда осындай оқушыларымыздың бойындағы қаламгерлік қабілеттерін байқап, оларды шығармашылыққа баули білген мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері - Кайнарова Мереке Садуакасовна, Аксункарова Айнур Кажденбековна, Ергалиева Жазира Султангалиевналардың еңбегі ерекше. Барлық жеңімпаздарымыз дипломдармен, ал жетекшілері мадақтамамен марапатталды.

Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы
№272 орта мектептің ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі орынбасары
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ақ қауырсын можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 323 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar