Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қағаздан ыдыс- аяқ жасау. -

Қағаздан ыдыс- аяқ жасау.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2476 | Размер: | Автор: гость
. №122 Ақжар жалпы орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі
Бекбаева Гүлжан Жарылқасыновна.
Сабақ тақырыбы: Қағаздан ыдыс- аяқ жасау.
Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға ыдыс- аяқ жасалу технологиясы туралы ақпарат бере отырып түсінік қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін артыра отырып, әрбір жеке тұлғаның ақыл- ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай- жасау.
ә) Меңгерген білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге, кәсіби іскерлікке, шығармашылық белсенділігіне дағдыландыру, адамгершілік тәрбиесін беру.
Сабақ көрнекілігі: қағаздар немесе газет: 50 мл су, екі ас қасық ұн, қағаз немесе газет, өзіңе ұнаған кез келген ыдыс, қайшы.
Сабақтың түрі: теориялық практикалық :
1 Ұйымдастыру кезеңі:
2 Үй тапсырмасы
3 Жаңа сабақ
4 Қортынды
Оқушылармен амандасу. Өткен сабақтарға қайталау жасау.
1) Металл ыдыстың қаай түрлерін білесіңдер?
2) Тамқтық дәмі, түсі, исі бұзылмау үшін қандай ыдыстарды пайданған дұрыс?
3) Шыны және пластмасса ыдыстардың қандай айырмашылығы бар?
Сандарды ретімен қойып, жасырған сөзді тап:
2314 53214 3124 21354
Еске қбата ншыы ақсқы
Папье-маше қағаз массасынан желім, гипс араластырылып жасалынған қатты нағыз бұйым. Ол француз тілінен аударғанда «жыртып немесе қиып алынған қағаз» деген мағына білдіреді. Папье-машеден бұйым жасау аса қиын емес, алайда ол ұқыптылық пен шыдамдылықты талап етеді. Материалды кептіру де ұзақ уақытты алады. Бірақ өз қолымен жасаған бұйымның нәтижесін көргенде, уақыттың босқа кетпегеніне көзің жетеді.
Папье машеден әр түрлі қобдиша, маска, ойыншықтар жасауға болады.
Жұмыстың орындалу реті:
1.Ыдыс жасауға қажет болатындай газет парағын қиып аламыз.
2.50 мл суға 2 ас қасық ұн салып, араластырып, желім дайындап аламыз.
3.Таңдаған ыдысыңызды төңкеріп қойып, ыдысқа газет қиындылары жабысып қалмау үшін вазелин майын жағамыз.
4.Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып, ыдысты айналдыра желімдейміз.
5.Осылайша 4-5 рет қабаттап газет қиындысын жабыстырып, ыдысты бөлме температурасында кептіреміз.
6.Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз.
7.Дайын ою- өрнект түсті қағаздан қиып алып желімдейміз немесе акварель бояуымен алуан түрлі гүлдердің суретін салып безендіреміз.
Бағалау:
Оқушылардың өзара жасаған жұмыстарын салыстыра отырып, жұмыстың ұқыптылығына, сапасына, әдемілігіне салыстыра отырып бағалау.
Қорытынды:
Сабақты қорытындылау келе осы жасаған жұмысымызды қандай өнер түріне жатқызамыз.Папье – машенің жасалу жолы қандай?
Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау, кез-келген ыдысты пайдаланып, папье-маше жасау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.