Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ақ бұзау» өлеңі. Жуан дауыстылар: А, О, Ұ, Ы. -

«Ақ бұзау» өлеңі. Жуан дауыстылар: А, О, Ұ, Ы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1045 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: «Ақ бұзау» өлеңі. Жуан дауыстылар: А, О, Ұ, Ы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды төрт түлік мал туралы қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтау.
2. Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыта оқыту.
3. Өз ойын еркін , толық жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сиыр – бұзау суреттері, мақал – мәтелдер,компьютер , асық
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік әдістер және топпен жұмыс
Сабақтын барысы: 1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
1. Шаттық шеңбері.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барлық жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

2. (Топқа бөліну). Тәж арқылы.
3. Өткен тақырыпқа шолу жасату.
–Қазақ алфавитінді неше әріп бар. -42
3.-Олар нешеге бөлінеді (дауысты, дауыссыз).
-Ал енді балалар осы дауысты дыбыс 2-ге бөлінеді жуан, жіңішке.
Жаңа сабақ
Сиырдың мөңірегеніне қою.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Төрт түлік туралы айтып өту. Слайд. Сиырлардың әртүрлісі болады. Оның төлі – бұзау. Атасы – Зеңгі баба, оны – «аухау, аухау» деп шақырады. (Ет, сүт, тағамдары)
1. «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқу. Өлең бойынша талдау жүргізу
Жуан дауысты дыбыспен таныстыру. Оларды дауыстап айтқызу.

А, О, Ы, Ұ

2. Алдарына «Ғажайып қапшықтан асық алып сұрақтарға жауап беру» ойыны ойналады.
1. Төрт түлік мал туралы қандай өлең шумақтарын білесің?
2. Төрт түлік жайлы мақал – мәтелдер айту?
3. Төрт түлік малдың пайдасын айту?
4. Төрт түлік туралы жаңылтпаштар айту?
5. Сиырдың атасы қалай аталады?
6. Сиырды қалай шақырады?
7. Сүттен қандай тағамдар жасалады?

- Сүттің құрамында калий, кальций деген адамның денсаулығына пайдалы дәрумендер бар. Сүйектің дұрыс жетілуіне, ағзалармен дұрыс жұмыс жасауы үшін өте пайдалы.
3. Өз төлдерін тапқызу, олардың пайдасы мен аталары жайлы мини- презентация

4.Сергіту сәті «Қара жорға» биі

Тиым сөздер

1.Малды басқа ұрма
2. Малды теппе
3. Малға теріс мінбе

Мақалдар
«Ат-адамның қанаты»
« Сиырдың сүті тілінде»
« Мал өсірсең қой өсір,өнімі оның көл-көсір »

.

Түйе – байлық.
Қой - мырзалық.
Жылқы – сәндік.
Сиыр – ақтық.

Ой қозғау стратегиясы. Суретін ілу.

Сиыр
Адамға пайдалы . Төрт түлік. Күнде су ішеді . Мінезді ірі қара. Үй жануары.


Жұмбақтар:
1. Кезікті бір жануар 2.Біліп жүр ұл мен қыз-ау
Үстінде екі тауы бар (бота) Сиыр баласы... ( бұзау)

3.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар(Қой)
Тақтамен жұмыс:
БОТА, БҰЗАУ деген сөздерді кеспе әріптермен жаздыру
Мұғалім: Өте жақсы , балалар! Сендер бүгін төрт түліктің біреуі сиыр туралы көп тапсырмалар орындадыңдар. Енді балалар бәріміз «шаттық шеңберіне» келеміз. Сонымен бүгін біз не үйреніп, не білдік?
(Оқушылар сабақта не істегендерін, өз ойларын айту)
Сабаққа қорытынды жасау.
Үйге тапсырма беру.
Бағалау. Ұнада . Ұнамады(Стикер арқылы )

Сарытомар орта мектебі

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:
«Ақ бұзау»өлеңі.
Жуан дауыстылар: А,О,Ұ,Ы.

Бастауыш сынып мұғалімі:
Айтимова Сауле Серікқызы

2013 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.