Меню
Назад » » »
А.Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан, һәм Шаян»
загрузка...

загрузка...
Күні:
Сыныбы: 6 орыс
Пәні : қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан, һәм Шаян»
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: А.Байтұрсынұлының өлеңін оқыта отырып, ақын және аудармашы- сыншылығын таныту, дәлелдеу. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу. Мысал жанры туралы ұғым қалыптастыру.
Ә) тәрбиелік: Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты ынтымақ, бірлік, адамгершілік қасиетке үйрету.
Б) дамытушылық : Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау дағдыларын дамыту.
Әдісі: БЛУМ өлшемі, СТО стратегиялары, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс, «Ой қозғау», «Миға шабуыл»
Көрнекілігі: электронды оқулық, оқулық, бағалау бетшесі, түрлі түсті бояу, плакаттар, постер, смайликтер.
Оқу нәтижесі: оқушылар жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады, өз ойларын еркін білдіреді, сын тұрғыдан ойлайды, өзгенің пікірін тыңдауға үйренеді, бағалауды үйренеді.
Сабақтың жүрісі:
Кезең-
дері мақсаты Түрткі сұрақтар, тапсырма Күтілетін нәтиже Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Формативті бағалау
критерий дескриптор
Білу Өткен тақырыпты еске түсіріп, білімін жаңарту «Ой қозғау»әдісі: «Нені білеміз?»
1.А.Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келген?
2. Абай жастарды неге шақырды?
3. Ғылым сөзін қалай түсінесің?
4. Шәкәрім нешінші жылы, қай жерде дүниеге келген?
5. Ақынның «Адамдық борышың» өлеңі не туралы?
6. Шәкәрім «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, мәңгілік өлмейсің»дейді.
Неге?Қалай түсінеміз?
7. Елің мен ата- ана алдындағы міндет пен борыш дегенді қалай түсінесіңдер?
Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
өлеңін мәнерлеп оқыту.
Ш.Құдайбердіұлы
туралы білімдерін тереңдетеді. «Ой қозғау»әдісі арқылы топтарға сұрақтар қою. Жылы лебіз айту. Жұптық жұмыс. «Үш арыс» есіміне байланысты топқа бөліну. Топ мүшесі қызметін бөлісу.
«Нені білеміз?» айдары арқылы сұрақтарға жауап береді. Әдебиет туралы толық меңгеруі. Толық меңгерді-3. Жартылай меңгерді-2. Меңгере алмады -1
Түсіну Жаңа тақырыпты оқушылар-дың өз бетімен меңгеруіне ықпал жасау А.Байтұрсынұлының
өмірі мен шығармашылығы туралы
бейнебаян.
«Миға шабуыл» әдісі:
- Бейнебаян кім туралы?
-А.Байтұрсынұлы кім?
- Ол қайда, қашан дүниеге келген?
- Ең алғаш сауатын кімнен ашқан?
- Қандай оқу орындарында білім алады?
-Кімнің мысалдарын қазақ тіліне аударған?
- Қандай жинақтары шыққан?
- Крыловтың қай шығармаларын қазақ тіліне аударған?
Оқулықпен жұмыс
Сөздікпен жұмыс
«Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалын мәнерлеп оқыту.
Мысал- қызықты да қысқа шығарма. Мысал өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Мысал кейіпкері болып тек адамдар ғана емес, сонымен қатар аңдар да, жәндіктер де,хайуанат
тар да әрекет жасайды.
Мысалда автор жануарларды, құстарды, өсімдіктерді суреттеген
де оларға адамға тән
қасиеттерді дарытады,
себебі сол арқылы адам
дардағы жаман
қылықтарды , кемшілік
терді сынайды, мінді
күлкіге айналдырып,
асыл қасиеттер мен адамгершілікті , жақсылықты дәріптейді. Диалог әдісімен сұраққа жауап береді, мәнерлеп оқиды, сөздіктегі қиын сөздердің мән- мағынасын ажыратады. Бейнебаян көрсету.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімдерін бекіту.
Сауатты оқуға дағдыландырады. Оқушылар талқылауға барлығы дерлік бірдей қатыса алады, эксперт оқушылар тақырыпты түсіндіреді. А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінгендерін әдеби тілмен жеткізе білу шеберлігі. Ойын толық жеткізе алды-3.
Жартылай жеткізді-2.
Жеткізе алмады-1.
Қолдану Жаңа білімді өткен тақырыппен байла-ныстырып қолдану. 1- топ
Ақын шығармашылығына арналған тірек сызба жасаңдар.
2- топ
Мысал қандай шығарма?(топтастыру)
3-топ
А.Байтұрсынұлының аудармасын И.А.Крыловтың орыс тіліндегі баламасымен
салыстырыңдар. Ақын
ның қосқан жаңалығын
табуға тырысыңдар.

Топ мүшелері ақын шығармашылығы туралы тірек сызба
жасап, қорғайды.
Мысал туралы
өз білгендерін ортаға салады.
Бір- бірімен пікір алмасады,өз шешімдері арқылы өзгелердің сыни ойлауына жол ашады. Топ мүшелеріне тапсырма бойынша бағыт береді. Венн диаграммасы арқылы салыстырады, постер және диалог құру арқылы топпен
ақылдаса отырып, тапсырмаларды орындайды. Игерілген тақырып бойынша сыни ойлауын өткен шығармамен салыстырып, дәлелдеп, қолдану. Қолдана білді-3.
Жартылай қолданды-2.
Қолдана алмады-1.
Талдау Жаңа тақырып
саралау Мысал мазмұны бойынша:
. Аққу, Шортан, Шаян
қандай істі қолға алды?
. Жүкті олар қалай тартты?
. Неге жүк орнынан қозғалмады?
. Мысалдан қандай ғиб-
рат аламыз?
. Мысал қандай болуға
үйретеді?
. Мысалдың түйіні қай
жолдарда берілген?
. Мысал мазмұнын ашатын қандай мақал-
мақалдерді білесіңдер? Мысал мазмұны бойынша сыни тұрғыдан ойланады, тақырыпты меңгеруге машықтанады. Тақырып бойынша бағыт- бағдар сілтеу. Топ мүшелері тапсырмаға талдау жасайды, өз ойларын ортаға салады. Әдеби теориялық ұғымдарды практикада дәлелдеуі. Әдеби теориялық ұғымдарды меңгерді-3.
Жартылай меңгерді-2.
Меңгермеді-1.

Жинақ-
тау Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау. Өз ойларын әдеби тілмен жеткізу. Блиц- турнир сұрақтары:
А.Байтұрсынұлы-............
Ол..................туған.
Әкесі ...,........,..........
1886- 1891жылдары........
1909жылы..........
1911 жылы.........
.......,......,......,....аударған.
.........мысалдарын........ Блиц- турнир сұрақтарына жауап береді. Оқушылардың шығармашылық ізденістеріне бағыт көрсетеді. Өзара ой бөлісіп, қорытынды жасай отырып, толғанысын әдеби тілмен баяндайды. Өз толғанысын әдеби тілмен жеткізе білуі, көзқарасын өзіндік пікірмен дәлелдей алуы. Әдеби тілмен жеткізе алды-3.
Жартылай жеткізді-2.
Жеткізе алмады-1.
бағалау Бұған дейінгі айтылған ойларды тұжы-рымдау. А.Байтұрсынұлы мысалдары арқылы
нені үйрендім? Өзіндік көзқарастарын шығармашылықпен жеткізеді.Қорытын
ды жасайды. Сабақты бүгінгі өмірмен байланыстырып, қорытындылауға әсер етеді. Пікір айтады, өзін-өзі және топ басшысы формативті, критерий арқылы бағалайды. Рефлексия. Қорытынды жасайды, бүгінгі сабақтағы әсерін жазады, смайликтермен бағалайды.
Үйге тапсырма: А.Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм Шаян» (мәнер. оқу) (105-111 бет.) Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему А.Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан, һәм Шаян» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 353 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar