Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қаңлылар туралы деректер.  Қаңлы қоғамы -

Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3197 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Исмаилов Ғалымжан
Арыс ауданы, С.Адамбеков атындағы жом тарих пәні мұғалімі
Cабақтың тақырыбы: §18. Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қаңлылар туралы деректер, олардың орналасу территориясы, қоғамдық құрылысы, археологиялық ескерткіштері туралы оқушыларға түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту. Салыстыру, талдау, жұмыстарын жүргізе отырып, шығармашылық ізденіске жетелеу.
Тәрбиелік: Балаларды Отанын сүюге, батылдыққа, ерлікке жетелеу.
Сабақтың көрнекілігі: карталар, суреттер, тірек- сызбалар.
Сабақтың әдісі ; Топтық жұмыс

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Түгелдеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Оқушыларды 3-топқа бөлу

2. Үй тапсырмасын сұрау
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни сенімі
3. Жаңа сабақты меңгерту:

а Фостермен жұмыс
ә картамен жұмыс
б тірек – сөздер жазу.
в тірек-сызбамен жұмыс.
г сөзжұмбақ шешу
4. Қорытынды.

Мұғалім сөзі:
Сабақты бастау үшін мына берілген ребусты шешетін болсақ, бүгінгі тақырыбымыздың аты шығады.


Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбаларында» көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Қытайдың «Цянь ханьшу» атты тарихи деректерінде қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, оның шекарасы, басқа да маңызды мәселелер туралы айтылған.
«Қаңлылардың астанасы Би-Тянь қаласы Чань-Эньнан (бұл Қытайдың сол кездегі астанасы) 6 мың 150 шақырым жерде. Қаңлы аспан асты елімен қарым-қатынас жасамайды. Қаңлы ханның ордасы тігілген жер Би-Тянь қаласынан жеті күндік жері. Жер көлемі 4550 шаршы шақырым, 120 мың отбасы, тұрғандар саны - 600 мың, әскер саны - 120 мың».
Н. Бичурин (Иакинф) Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы. «Аударма» баспасы. Астана -2008 ж. 527 бет

№1 тапсырма
Тақырып бойынша тірек сөздер жазу.
Оқушыларға тақырып бойынша негізгі тірек-сөздер жазу үшін
5 минут уақыт беріледі. Осы тірек -сөздер тақтаға жазылып болғаннан кейін оқушылар тақырып бойынша түсінік айтып шығады.
Қаңлылар; Деректер; «Авеста»; Сыма Цянь; Территориясы; Қоғамдық құрылысы; Битянь; Хан; Шаруашылығы; Археологиялық ескерткіштер

№2 тапсырма: Тірек-сызбамен жұмыс

№3 тапсырма: Тарихи сынақ хат жазу. (Оқушыларға «Археологиялық ескерткіштер» тақырыбында тарихи сынақ хат жаздыру)

Археологиялық ескерткіштер.
Қазірге дейін археологтар қаңлылар мекендеген көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетішар археологиялық мәдениеттері деп атады.
Қауыншы мәдениеті – Ташкент төңірегінде, Отырар-Қаратау Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған. Ал Жетіасар Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр.

ВЕНН ДИАГРАММАСЫН толтыру.



Кәсіпшілік
Аң аулау Құс аулау Металл өңдеу Зергерлік бұйымдар Жүн өңдеу
кәсібі Қолөнер

Елік, таутеке, арқар, киік, марал Қаз, үйрек бірқазан Алтын күміс темір Сырға, алқа, білезік. Сақина, сырға, әшекей бұйымдар Киіз, киім
түрлі
төсеніштер
тоқыған Қанжар, семсер, жебе ұштары, сауыт, қару-жарақ, ат әбзелдері, кетпен, о

Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Қаңлылардың негізгі ата мекендерін көрсет: (Сырдария өзенінің орта ағысы, Арыс, Талас жағалауларында өмір сүрген).
2. Қаңлы елі қандай мемлекеттермен экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасады? (Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерімен).
3. Қаңлылардың астанасы қазіргі қай қаланың маңында болған? (Түркістан).

Бағалау:

Үйге тапсырма: Қаңлылар тарихын оқу.

Сабақтың тақырыбы: §15. Сақтардың мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақтардың мәдени мұралары - «Аң стилі», «Бесшатыр қорымы», «Алтын киімді адам» туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіске жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық талғампаздыққа, әсемдікке, тарихи мұраларды сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: карта, суреттер, тірек-сызбалар, қосымша әдебиет.
Пәнаралық байланыс: География, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақты меңгерту:
А) Қосымша әдебиетпен жұмыс
Ә) Тірек-сызбамен жұмыс.
4. Қорытынды
Сабақтың мазмұны: Сақтардан көптеген ескерткіштер қалды. Олар Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендерінің бойында, Алатау бөктерінде Қырғызстан жерлерінде кездеседі.
Археологтар Қызылордадан 300 шақырым жерде Шірік-Рабат қаласына қазба жұмыстарын мұнаралары бар қамал (Цитадель) салынған. Цитадель орталығынан қола ұштары жебенің, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар табылды. Олар б.з.б. 4-2 ғасырға жатады.
Антропологтардың анықтауынша, Есік обасында жерленген адам 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына қарап, бұл мәйіт «Алтын киімді адам» деп аталады.
Қосымша әдебиетпен жұмыс.

«Алтын киімді адам» сақ мәдениетінің бірегей үлгісі, жауынгер сақ тайпалары қазақ халқының негізін қалаған.
Алтын адам - Есік 55 обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгері. Жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі қабірде басы батысқа қараталып жатқызылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жерге алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "аң стилімен" жасалған. Бас жағынан жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас биік, шошақ төбелі. Мойнындағы дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылып, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған. Қынаға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Қазақстан жерінде өмір сүрген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскер басы екенін айқын көрсетеді. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Алтын адамдағы тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді. Алматы қаласының Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінде Алтын адам бейнеленген.

Тірек-сызбамен жұмыс

Тірек-сызбамен жұмыс.

Қосымша әдебиетпен жұмыс:

БЕСШАТЫР ЕСКЕРТКІШІ

Бесшатыр - сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Қорым біздің заманымыздан бұрынғы VI - V ғасырларда салынған. Жетісу өңірі Желшағыр тауының бөктерінде орналасқан. Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. 18 оба қазылып зерттелген. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар. Таспен жабылған 21 обаның алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын тізбектер бар. Тізбектердегі көптеген тас плиталардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр сияқты аңдардың суреттері салынған. Үлкен Бесшатыр обасының маңындағы кейбір қоршаудың плиталарына түрлі таңба іспеттес суреттер де түсірілген.
Олардың арасында күн өмізіне жақын түрған немесе қазақтың "көз" таңбасына ұқсас дөңгелек бейнелер кездеседі.
Мұндай тізбектер қорымның тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ діни салт-жоралғылар шерулерін өткізетін ерекше салтанат орны болғанын да көрсетеді.
Бесшатырдағы үлкен обаларға сақ ру басылары мен әскери көсемдерін жерлеген.
Орташа обаларда бұлардан кейінгі әскербасылар мен атақты жауынгерлер жерленсе, кіші обаларда қатардағы жауынгерлер мен қарапайым адамдар жерленген.
Қорымнан көбелек тәрізді өрнегі бар қысқа семсер-ақинақ, жебе ұштары, ағаш қалқан қалдығы, темір тоға, төрт ақық моншақ жөне іші қуыс алтын түйіршіктерден бір-біріне дәнекерленіп жасалған екі моншақ табылған.
Сақ дәуіріндегі сәндік бұйымның бірі - сырғалар әдемілігімен көз тартады. Бұл сырғалар моншақтармен безендіріліп, әдемі сыммен иіліп жасалған.

Тірек-сызбамен жұмыс.

Қосымша әдебиетпен жұмыс

ЕСІК ОБАСЫ

Есік обасы - Қазақстандағы біздің заманымыздағы бұрынғы V - IV асырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Бұл ескерткіш Есік қаласының жанындағы Есік өзенінің сол жақ жағалауында, Алматы қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан. Есік обасына зерттеу жүргізгенде көптеген бұйымдар мен ыдыстар табылды. Ол ыдыстарды атап айтсақ: құмыралар, ағаштан істелген шара аяқтар, өрнек сапты ожау, күміс қасық, алтын жалатқан тостаған, т.б. барлығы - 31 бұйым табылды. Есік обаларынан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған. Есік обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгері мен 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған біздің арғы ата-бабаларымыздың өркениетінің ертеде қалыптасқанын әлем жұртшылығына танытты. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды. Төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді. Тостағандағы жазу Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі болғандығын дәлелдейтін аса құнды жазу болып отыр. Есік обасынан табылған жаңа деректерді талдау қазақ жеріндегі сақтар өмірін жанжақты тануға мүмкіндік береді.

Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан табылған ыдыс. Көне Қазақстан керамикасы. Біздің заманымызға дейінгі VI - IV ғасырлар бұйымы.
Күміс тостағандағы жазулар көне түркі жазуының сақ дөуірінде пайдаланылғанын дәлелдейді.

Есік қорымынан табылған күміс тостаған. Төменде сол тостағандағы жазу айқындалып берілген

Тірек-сызбамен жұмыс.

Бекіту сұрағы:
1. Сақтардың ескерткіштері табылған аймақтарды картадан көрсет?
2. «Аң стилі» деген не?
3. Сақтардың әйгілі археологогиялық ескерткіштерін ата.
Бағалау:

Үйге тапсырма: “Есік қаласына саяхат” тақырыбына әңгіме құрастыру
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.