Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы -

А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2258 | Размер: | Автор: гость
. Утегалиева Айгүл Жасұланқызы
Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал ауданы
Сатыбалды ауылы
«Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебі»
мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Сабақтың мақсаты: білімділік – Оқушыларға «Ескендір» поэмасының мазмұнын меңгерту, идеясын ашу, поэмадағы кейіпкерлерге талдау жұмысын жүргізу, шығарма астарындағы тарихи шындықты таныту.дамытушылық - әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту;тәрбиелік – оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке, имандылыққа баулу, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі-өнеге алып,оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: 1. Абай шығармашылығына талдау жасай отырып, білімдері толығады.
2. Поэманы өз беттерімен оқып талдау жасайды.
3. Шығарманы композициясына, поэтикалық тіліне талдауға жаттығады.
Не арқылы бағаланады?
1. «Ассоциация», «Екі бетті күнделік»
2. Сатылай кешенді талдау
3. «Ойлаудың алты қалпағы»
Көрнекілігі: тақтада «Даналықты іздесең,Абайды оқы,ерінбе» деген эпиграф және Абайдың портреті,қанатты сөздер жазылған плакаттар,үлестірмелі кәртішкелер, буклет,журналдар.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас, шығармашылық ізденіс.
Сабақтың өту әдісі: баяндау,сұрақ-жауап, интерактивті оқыту, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бірінші тақтадағы эпиграфты оқып,бүгінгі сабақтың ерекшелігі туралы,яғни Абай поэмасынан сабақ, алып даналықты тере отырып талдау жүргізілетіні айтылады.Ол үшін өтілген материалды қайталай отырып еске түсіру керектігі айтылады.
Үй тапсырмасы: Абайдың қарасөздері, «Жазғытұры» өлеңі мәнерлеп оқу, үзінді жаттау, қарасөздерінен түсінгенін айту.
Үй тапсырмасын бекіту:«Екі бетті түсініктеме күнделігі»

Шығарманың әсер еткен тұсы
Өз пікірім
Жетінші сөзі«Жас бала ата-анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады»...Он тоғызыншы сөз«Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды»...Отыз бірінші сөзіЕстіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар...

«Жазғытұры» өлеңінің поэтикалық тіліне талдау / кесте бойынша /
Теңеу Кейіптеу Өлеңнің құрылысы
Ата-анадай елжірер күннің көзі... Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп...
6-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған

Жаңа сабақ: А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
I Ой қозғау.
а)/Оқушылар түрлі түсті стикерлер арқылы топқа бөлінеді. Жасыл түсті стикерде «Көзімнің қарасы», қызыл түсті стикерде «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындап барып топқа бөлініп төмендегі тапсырманы орындайды./ «Жақсылық», «Жамандық» кластер толтыру/оқушылар/
ә) Кіріспе.«Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деп Абай айтқандай, Ескендір туралы оқушылардың не біліп, не білмейтінін анықтау. Ескендір Зұлқарнайын жайлы мәліметтер келтіру.Бұл тақырыпты әлем қаламгерлері де қозғаған. Әлем әдебиетінен: Фирдоуси-«Шахнама»; Низами –«Ескендір-нама»; Жәми-«Ескендірдің даналық кітабын» жазды.Кинорежиссер Оливер Стоун 2004ж. кино түсірген. Ескендір ролінде- Джаред Летон ойнаған. Ескендір Зұлқарнайын немесе ІІІ Ұлы Александр 20 шілде б.з.б. 356 ж.ш. — 10 маусым б.з.б. 323 ж.ш.) — Аргеадтар (Теменидтер) әулетінен шыққан б.з.б. 336 жылдан бастап Ежелгі Македонияның патшасы, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі.Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта жазылған.
б) Топтастыру: Ескендір, Аристотель жайлы мәліметтер келтіру.



II Мағынаны таныту.
а) «Ескендір» дастанын мәнерлеп оқу.
б) «СКТ» (сатылай- кешенді талдау) технологиясы бойынша талдау жүргізу. /Оқушылар түрлі түсті стикерлер арқылы топқа бөлінеді. Жасыл түсті стикерде «Қыс», қызыл түсті стикерде «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінен үзінді оқып барып топқа бөлініп келесі тапсырмаларды орындайды./
1. Авторы-Абай Құнанбайұлы
2. Тақырыбы- Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.
3. Жанр түрі-поэма (дастан)
4. Негізгі идеясы-ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
5. Шумақ саны-42
6.Тармақ саны-168
7.Буын саны-3 бунақты
8.Ұйқас түрі-қара өлең ұйқасы (ааба)
9.Шығарманың композициялық құрылысы:Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім-талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі. Шиеленісуі. Алтын қорған «Бұл-Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый. Шарықтау шегі. Алған сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
10. Шығарма кейіпкерлері:Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да , философ та-Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі-Ескендір, екіншісі-Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар.«Ішке» Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам» деп бағалайды.«Сыртқа» Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.
11.Әдеби теориялық ұғымдар:Теңеу- дарияның суындай қандар ақты; таспадай бейне арықтан шыққан құлап. Эпитет-сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, қу өмір, жеміт көз, кәпір көз.
12.Түсіндірме сөздік:Жеміт-қанағатсыз, тойымсыз, озбыр;Араны ашылды-тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау, құнығу; Даңғой-елірме, есер, желікпес;Долы-ыза кернеген, булықпа, ызақор.Ант ұру-айтқанына тұрмайтын тұрлаусыз;
13.Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.Соңғы 4 шумақты оқу. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе-күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Осындай жаман әдеттерден сақ болу. Иманды, қанағатшыл болуға үндеу.
III Ой қорыту:«Ойлаудың алты қалпағы»
«Қызыл қалпақ» -Түйсік
Эмоция: Менің түйсіктік реакциям қандай? Мәтін туралы өз ойыңызды жазыңыз.Ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
«Ақ қалпақ»- Фактілер
Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңыз бар, тарихта болған адам. Данышпан да , философ, Аристотель, грек ғалымы, математик.
«Сары қалпақ»- Позитив
Жағымды тұстары қандай болды?Оның артықшылығы қандай? Аристотельдің құрметті есімі, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам»
«Қара қалпақ»-Жағымсыз
Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз.Ескендір елде алмаған хан қоймады,Алған сайын көңілі бір тоймады.Араны барған сайын қатты ашылып,Жердің жүзін алуға ой ойлады.. Ескендір - Қанішер, қатыгез, тойымсыз, даңғой...
Жасыл қалпақ-Креатив
Менде қандай идеаялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?Ескендір әлемді ақылымен, білімімен, данышпандығымен жауласа болар еді.
«Көк қалпақ» -шолу /үндеу/
Әлемде тек қана бейбітшілік салтанат құрсын!Лаңкестік болмасын!Соғыс болмасын! Адам қаны жазықсыз төгілмесін...
Үйге: «Ескендір дастаны мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.Шығармашылық тапсырма: «Рухани биіктік-ең жоғарғы биіктік» тақырыбына эссе жазу.


Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебі

А. Құнанбаев «Ескендір»
Ашық сабақ 9-сынып

Өткізген: Өтеғалиева А.Ж.
2014-15 о.ж.
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: М. Қабанбай «Бауыр»әңгімесі
Сабақтың мақсаты: білімділік – Оқушыларға «Бауыр» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, идеясын ашу, поэмадағы кейіпкерлерге талдау жұмысын жүргізу, шығарма астарындағы шындықты таныту.
дамытушылық - әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту;
тәрбиелік – оқушыларды ізгілікке, имандылыққа, бауырмалдыққа баулу, шығармаға арқау болған тақырыптан сабақ алып,оқушылардың бойында адами қасиеттерді қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Шығармаға талдау жасай отырып, білімдері толығады.
2. Шығарманы өз беттерімен оқып, ой түйіп үйренеді.
3. Шығарманы композициясына, поэтикалық тіліне талдауға жаттығады.
Не арқылы бағаланады
1. «Ассоциация», «Екі бетті күнделік»
2. Сатылай кешенді талдау
3. «Ойлаудың алты қалпағы»
Көрнекілігі: тақтада «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деген эпиграф және қанатты сөздер жазылған плакаттар,үлестірмелі кәртішкелер, буклет,журналдар.
Сабақтың типі: жаңа сабақСабақтың түрі: аралас, шығармашылық ізденіс.
Сабақтың өту әдісі: баяндау,сұрақ-жауап, интерактивті оқыту, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Бірінші тақтадағы эпиграфты оқып,бүгінгі сабақтың ерекшелігі , яғни, өзектілігі туралы әңгімелеу.Ол үшін өтілген материалды қайталай отырып еске түсіру керектігі айтылады.
Үй тапсырмасы: О. Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
Үй тапсырмасын бекіту:«Екі бетті түсініктеме күнделігі»

Шығарманың әсер еткен тұсы
Өз пікірім

II Мағынаны таныту.
а) «Бауыр» әңгімесінің мазмұнын оқып, түсіндіру.
б) «СКТ» (сатылай- кешенді талдау) технологиясы бойынша талдау жүргізу. /Оқушылар түрлі түсті стикерлер арқылы топқа бөлінеді. Жасыл түсті стикерде «Аман бол, ағаларым», қызыл түсті стикерде «» өлеңдерінен үзінді оқып барып топқа бөлініп келесі тапсырмаларды орындайды./
1. Авторы-Абай Құнанбайұлы
2. Тақырыбы- Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.
3. Жанр түрі-поэма (дастан)
4. Негізгі идеясы-ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
5. Шумақ саны-42
6.Тармақ саны-168
7.Буын саны-3 бунақты
8.Ұйқас түрі-қара өлең ұйқасы (ааба)
9.Шығарманың композициялық құрылысы:Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім-талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі. Шиеленісуі. Алтын қорған «Бұл-Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый. Шарықтау шегі. Алған сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек. Шешімі.Хакім Аристотельдің жауабы:Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
10. Шығарма кейіпкерлері:Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да , философ та-Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі-Ескендір, екіншісі-Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар.

«Ішке»
Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам» деп бағалайды.

«Сыртқа»
Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.
11.Әдеби теориялық ұғымдар:Теңеу- дарияның суындай қандар ақты; таспадай бейне арықтан шыққан құлап. Эпитет-сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, қу өмір, жеміт көз, кәпір көз.
12.Түсіндірме сөздік:Жеміт-қанағатсыз, тойымсыз, озбыр;Араны ашылды-тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау, құнығу;Даңғой-елірме, есер, желікпес;Долы-ыза кернеген, булықпа, ызақор.Ант ұру-айтқанына тұрмайтын тұрлаусыз;
13.Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.Соңғы 4 шумақты оқу. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе-күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Осындай жаман әдеттерден сақ болу. Иманды, қанағатшыл болуға үндеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.