Меню
Назад » » »
А.Құнанбаев «Жаз»
загрузка...

загрузка...
Ана тілі 3 сынып

Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы
Құтарыс ауылы
№30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Жусипова Сандуғаш Жақсылыковна
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Жаз»
Жалпы мақсаты:
- Оқушылардың Абай туралы түсініктерін кеңейту. «Жаз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
- Сөздік қорын танымдылық қызығушылығын дамыту, шығармашылыққа баулу.
- Имандылыққа, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
- бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, ауыз екі тілде қолдана біледі;
- жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады, сыни тұрғыдан баға бере біледі;
- табиғаттың сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды,Абай шығармаларын оқуға қызығушылығы артады.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сөздік, сұрақ - жауап, кубизм
Дереккөздері: Абай суреті, Жаз мезгілінің суреті,слайд.фишкалар,маркер, стикер
Пәнаралық байланыс; дүниетану, бейнелеу, музыка

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің
іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Бағалау
I.Қызығушылықты
ояту 1.Ұйымдастырады
а).Психологиялық дайындық
Қазақ тілім - өз тілім,дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым ана тілім.
ә).Топ ережесі
-Бүгінгі сабақта ұстаздың сөзін мұқият тыңдап, өз біліміңді ортаға салу, өзіңді және өзгені сыйлау, жаңа білімді меңгеруге құштарлық таныту өте қажет.
б).Бағалаумен таныстыру:
-Әрбір дұрыс толық жауапқа бүтін «Күн», толық емес жауапқа «бұлтты Күн» алып отырамыз, сабақ соңында сол бойынша бағалаймыз
2.Үй тапсырмасын тексеру
«Табиғат - менің өз үйім» тарауын қайталап келу.
«Мозаика» әдісі арқылы топқа бөле отырып бөлімді қайталау.
Сұрақтар:
I-топ:
1.Табиғат дегеніміз не?
2.Бөлім кімнің, қандай шығармасымен басталған?
3.Торғайды жыланнан аман алып қалған кім? Бұл оқиға қай шығармада кездеседі?
4.Киіктің ақылдылығы туралы айтылған шығарма кімдікі және ол қалай аталады?
5.Білетін жұмбағыңды жасыр
II-топ:
1.Қандай ертегімен таныстық? Одан не үйрендік?
2.Киіктің жаңа туған лағын қалай атайды?
3. Бөлім неліктен «Табиғат- менің өз үйім» деп аталған? Өз ойыңды білдір
4.«Арқарға үлкен мүйіз неге керек?» екен
5. Жаттаған мақал-мәтелдеріңді айт, мағынасын түсіндір
III-топ:
1.М.Сүндетовтің «Қайырымдылық» әңгімесіндегі Мұхтардың үстін ластап алуының себебі неде?
2. Қандай аңызбен таныстық?
3.Туған жердің табиғатын көркейту үшін сен не істер едің?
4. Б.Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесіндегі Жантасқа мінездеме бер.
5.Табиғатты зерттейтін ғылым саласын ата.
3.Жаңа білімді үйренуге дайындық.
а) Топтық жұмыс:«Кубизм» стратегиясы бойынша .
I- топ: Суреттеңіз: Табиғат құбылыстары туралы айтыңыз.
II-топ:Салыстырыңыз:Жыл мезгілдері туралы айтыңыз,
Ұқсастық пен даралық
III-топ: Саралаңыз: Адамдар қай жыл мезгілін қалайды?
ә) ТСО арқылы сурет көрсету: «Жаз».
б)Сурет бойынша әңгіме құрау.
Тренингке қатысады.

Ережемен танысады, орындайды.
Бағалау түрімен танысады.
Топқа бөлініп, үй тапсырмасы бойынша дайындалған сұрақтарғжауап береді..

Топтық тапсырманы орындауға қатысады.
Ортада қорғайды:

Сурет бойынша әңгіме құрайды. Формативті бағалау
Толық жауап: «КҮН»
Толық емес жауап:
«бұлтты КҮН»

Топ бағалау
II.Мағынаны тану 1. Жаңа білімді түсіндіру, қабылдау
а) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ә) Автор туралы оқушы пікірін тыңдап, толықтырады. Абайдың жыл мезгілдеріне арнап жазған өлеңдерін жатқа айту
б) Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің ретін және тақырыпты жазып аламыз.
в) Мұғалімнің «Жаз» өлеңін мәнерлеп оқуы.
Мағынаны ашу.
г) Сөздік жұмысы:
көгорай шалғын – көк шөп
күркіреп – өзен ағысы,жаңғыра гүрсілдеп
шұрқырап – оқырына кісінеген
жоны - арқасы
ыңқылдап – тойынғанның белгісі
ғ) Оқулықпен жұмыс:
іштей оқу, тізбектеліп оқу, шумақтап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу.
д) Өлеңнің құрылысын талдау: шумақ, тармақ, бунақ, буынды, ұйқас.
е) Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

Абай және оның өлеңдері туралы білетінін айтады.

Сөздікпен жұмысжасайды, жазады,есте сақтайды.

Оқулықпен жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәтіне қатысады

Формативті бағалау
Толық жауап: «КҮН»

Толық емес жауап:
«БҰЛТТЫ КҮН»
III.Ой толғаныс 1. Жаңа білімді түсінгенін тексеру
а) Топтық жұмыс:
I-топ: Жаздыгүнгі табиғат
II-топ: Жан-жануарлардың жазғы тіршілігі
III-топ: Жазғы жайлау
ә) «Бес жолды өлең» стратегиясымен жұмыс жасау:
Абай
1.Зат есім Абай
2.Сын есім дана,дара
3.Етістік жазады,аударады, шығаралы
4.Сөйлем Абай - ұлы ақын, сазгер, аудармашы.
5.Синоним тұлға

Топтық жұмысқа қатысады,қорғайды.

Формативті бағалау
Толықжауап: «КҮН»
Толық емес жауап:
«БҰЛТТЫ КҮН»
IV.Қорытынды 2. Жаңа білімді бекіту,қорыту
а) «Көбелек жинау» ойыны арқылы
сұрақ – жауап жүргізу:
1. Қандай тарауды бастадық?
2. Кімнің өлеңімен таныстық?
3. Жаз айларын ата.
4.Жаздың ерекше ыстық айы қалай аталады?
5.Жаз несімен ұнайды?
6. Абай Құнанбаев туралы айтып бер.
б) " Табиғатты аялайық"
Шарты: Суреттерге байланысты мақалдар айту, мағынасын ашу. Плакатқа жапсыру арқылы жаз көрінісін шығару.
Тапсырмасы: «Жаз көрінісін» жапсыру
1. Оқушылар білімін бағалау
.-Кім қанша «Күн» жинады екен? Сол бойынша бағалау, мадақтау. Ризашылық білдіру.
2. Үй тапсырмасын хабарлау, нұсқау айту
Үйден А.Құнанбаевтың «Жаз» өлеңін мәнерлеп жаттап, мазмұны бойынша сурет саламыз
3. Рефлексия "БАҒДАРШАМ"

ТОҚТА! -
(Қандай білімді алдым?)


ДАЙЫНДАЛ! -
(Қандай икемділікті
меңгердім?)

ЖҮР! -
(Қандай қасиеттерді
бойыма сіңірдім?)


Ойынға қатысады, тақырыпты түсіну деңгейін анықтайды, қорытынды жасайды

Ойынға қатысып, жапсырады.

Жинаған фишкалары бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады

Кері байланыс жасайды. Стикерге жазып жапсырады.
Сумативті бағалау
(Жиынтық баға) Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему А.Құнанбаев «Жаз» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 274 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar