Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА МОДУЛЯЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ -

АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА МОДУЛЯЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1283 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш ауданы
№137 жалпы орта мектебінің
математика пән мұғалімі
Усенова Гульнара Илесовна

АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА МОДУЛЯЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуы, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп жылдам дамып келе жатқан кезінде ақпараттық қоғамдық қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңсітігімен сабақтастыру.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері:
1. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
2. Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
3. Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу.
Ақпараттық технологиялардың қағидалары:
- жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
- білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- жалпы компьютерлік сауаттылық;
- оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Жаңа ақпараттық технологиялық құралдары оқыту құралы қызметін атқарады.

Оларға мыналар жатады:

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндері ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – математика. Ол оқушылардың интеллектік, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға толығымен ықпал жасайды.
Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушының барылығын және әрқайсысын жақсы оқыту болып табылады.

«Балықшыға балық жеуді емес, балық аулауды үйрет» деген қытай даналығының сөзін негізге ала отыра, мен сабағымды ары қарай жалғастырдым. Әсіресе АКТ-ның негізгі көздерімен жұмыс жасайтын математика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Мұғалім сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі.
Жаңа сабақты лекция сабақ болғандықтан АКТ ны пайдаланып, слайд түрінде түсіндіргенді дұрыс деп есептедім. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесін маңызды құрал болып отыр. Жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеяларды қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің педагогикалық аспектісі болып табылады. Білімдердің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөлікетердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады (Shulman 1986). АКТ арқылы сыни ойлатуға, диалогтық қарым –қатынасқа түсіруге болады және бағалауға тиімді, Дарынды және таланты балалармен жұмыстар ұйымдастыруға, білім берудегі жаңа тәсілдерді қолдануға, көшбасшылықты дамытуға болады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар беру керек. Интернет желісін қазіргі балалар ерте жастан пайдаланады, сол себепті оларға түсніксіз мәліметтерді дұрыс қабылдап, дұрыс шешім шығару үшін , топпен талқылап отырған маңызда. Жаңа ақпараттық технология адаманың дамуына дұрыс бағытта жүрсе ол ықпал етеді, ал дұрыс емес бағытта пайдаланса ол адамға кері әсер етеді. Интернет желісінде көптеген ақпараттар бар, соларды сабаққа жас ерекшеліктерін ескере отырып пайдалану керек. Сабақта АКТ қолдану уақыты үнемдеуге тиімді пайдалануға көмектесіді. Болашақта әр бір сабақта АКТ- ны қолданып өтуге тырысамын. Себебі жаңа жаңалық әрдайым адамды алға қарай дамуға жетелейді. Біздің сабақтарымыз сапалы болып шықса, оқушылар сапалы білім алады. Қазіргі заманда сандық технология заманында әр бір оқушы қатардан қалып кетпес үшін, технологияларды түсіне, қолдана білу үшін, мұғалім әрбір сабағында АКТ –ны енгізіп отыру керек деп ойлаймын. Жаңа ақпараттық технология мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде осы технологияны қолдануда интерактивті тақта ерекше орын алады. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы бағдарламамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Математиканы оқытудағы негізгі талап – оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі.
Білім туралы Заңның 41-бабында мұғалімнің міндеттері көрсетілген нормаға сәйкес оқыту нәтижесінде оқушының алатын білімі мемлекеттік білім
стандарты талаптарынан төмен болмауы көрсетілген. Тәжірибе көрсеткендей дәстүрлі оқыту әдістері мұндай нәтижеге қол жеткізуге кепілдік бермейді. Сол себепті қазіргі білім жүйелерінде жаңа технологияларды пайдалану педагогикалық практиканың жаңа болашағына негізгі бағыт деп есептеліп отыр.
«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Менің оқушыларымның арасынан осындай ұстаздар шықса онда менің еңбегімнің жанғаны деп ойлаймын. Сондықтан, өз шәкірттеріме білімімді одан әрі жетілдіре отырып беру, талантты да талапты оқушылар оқытып тәрбиелеу - негізгі мақсатым.

Әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
2. Елбасы Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» атты Жолдауы.
3. Қ.Қанаева «Сабақта деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану»
«Математика және математика» ғылыми-әдістемелік журналы,№1-2008 ж
4. Интернет материалдары №72 «Gooqle» және №65 «Mail.ru» сайттары 2009 ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.