Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды математика сабақтарында  пайдаланудағы тиімділігі -

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды математика сабақтарында пайдаланудағы тиімділігі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1485 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш ауданы №96 «Акжар»
шағын жинақты жалпы орта
мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Аяпбергенов Бегалы Шымбаевич

«Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле
салмайды, немесе тек айтумен ғана
іске аспайды. Оған қол жеткізуге
тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен,
өз күшімен ұмытылуы тиіс» Дистервег
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды математика сабақтарында пайдаланудағы тиімділігі
Математика пәнінде көптеген жаңа технологияларын қолдану тікілей мұғалімдердің шеберлігіне байланысты. Мұндағы мұғалімнің шеберлігі деп тұрғаным яғни жаңа формациядағы мұғалімді нұсқап отырмын. Яғни мұғалім өз сабақтарында оқушылардың қызығушылықтары мен ынтасын арттыру мақсатында оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін қолдана алу. Жаратылыстану пәндерінде жаңа технологиялық әдістерді ендіру қиын деген пікірлер бар. Алайда, біз өз іс тәжірибелерімізді сол технологиялар арқылы оқытып жатқанымызда байқамаймыз. Сабақта да сабақтан тыс қосымша білім беруде де оқушылардың білімге ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, түрлі ізденіс жұмыстарын тиімді қолдану керек.
Өзімнің тәжірибемде, оқыту барысында алдыма қойған мақсатым: оқушының математика пәніне қызығушылығын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Өйткені математика пәнінің оқыту үдерісінде оқушылар арасында құзыреттілігі төмендеп бара жатыр. Қысқаша айтқанда математика пәніне қызығушылықтары төмен.
Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Сондықтан, математика пәнін оқытуда және жаңа технологияны пайдалана білуге үйрету барысында, өз басым компьютерде дұрыс та тез жұмыс жасай білуді меңгертуді басты назарға аламын. Бұл жағдайда баланың компьютерді дұрыс қолдана білуі, яғни жасап отырған жұмысын тездете, дәл орындай алуы көп рөль атқарады. Яғни, уақытты ұтымды әрі тимді пайдалануға мол мүмкіншілік алады.
Ақпараттандырылған қоғамда мұғалім де, оқушы да өз алған білімін тәжірибемен ұштастыра алатын, жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өздігінен шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Осыған байланысты бірнеше технологиялар түріне тоқталып кетким келеді.
Дүние жүзілік білім кеңістігіне ену үшін еліміздің жоғарғы оқу орындары кредиттік технологияға және қашықтықтан оқыту жүйелеріне өтіп жатқаны белгілі. Аталған технологиялар оқушылардың мамандық бойынша терең білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйелері. Қашықтықтан оқытудың технологиялық базасының негізі – компьютер, электрондық оқулықтар, ақпарат таратушы жүйелер.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі құралдарының бірі - компьютерлік дидактикалық бағдарламалар болып табылады. Бүгінгі білім беру саласында компьютерлік дидактикалық бағдарламалардың соңғы жетілдірілген түрі – электрондық оқулықтарды пайдалану қолға алынған. Электрондық оқулық оқу курсын өз бетінше игеруге мүмкіндік беретін бағдарламалық – әдістемелік комплекс. Ол аталған компьютерлік дидактикалық бағдарламалар әмбебаптылығымен және оқытушының оқыту процесіндегі іс – әрекетінің кейбір аспектілерін оқушыға қажет жағдайда, білім деңгейін дұрыс бағалау, тағы сол сияқты жүзеге асыра алатын интеллектуальдылығымен ерекшеленеді.
Білім берудің кез – келген саласында компьютерлік технолгияны пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Оқу материалдары оқушыға компьютер көмегімен тез және жылдам түсіндіріледі. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады және шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сонымен қатар оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Білімді жоғарылатуға компьютерлік технологияның қаншама пайдасы бар.
Есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез – келген салаларында қолдануға байланысты өмір талабы оқыту процесін жан – жақты және жүйелі түрде компьютерлендіруге әкеліп отыр.
Мемлекеттік білім беру стандартында жазылған ережеде: математиканы оқытудың практикалық мақсаты оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке сонымен қатар басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауға бағытталсын делінген. Сондықтан жалпы орта мектепті, жоғары оқу орындарын компьютерлендіруді қамтитын мәселе тек информатика пәнін оқытумен ғана шектеліп қалмай, басқа пәндерді оқытуда компьютерді көрнекі құралы ретінде пайдалана білуді әр мұғалімге міндеттейді.
Біздің елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл оқулықтар қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді. Жұмысымның басты мақсаты - оқушыға терең де тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Мұғалім пәнді өзі жетік терең білуімен қатар, оны оқушыға меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі тиіс. Компьютерді сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда: оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы, оқу процесі қарқынының жоғарылауы, шығармашылық белсенділігінің көтерілуі, оқу сапасының артуы. Компьютерлік технологияны қолдану барысында мұғалімнің әр оқушымен жұмыс жасауға, әр қайсысына әр түрлі тапсырмалар беріп, барлық оқушылардың білімін бағалауға толық мүмкіндігі болады, кімнің қай тақырыпты жақсы меңгергені немесе қай жерде білімінің осал екенін дөп басып көмек көрсете алады. Әр оқушы, өзі еңбек етеді, кейбір жағдайда тақтадан немесе жанындағыдан селқос көшіріп отырмай, есепті өзі шығаруға тырысады. Сабақта компьютерді пайдалану оқушыны шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Оқушы мен мұғалім қызметінде информациялық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар оқушының психикасы мен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану математика пәнінде өте тиімділігін көрсеткен. Әсіресе, математиканың геометрия саласы бойынша баланың мнемоникалық және зейіндік есте сақтау, елестету қабілеттеріне өте тиімді әсер етеді. Математика пәні бойынша оқушылардың үлгерімі бойынша деңгейлері анық көрінеді. Сондықтан мұғалімдердің басым бөлігі өз іс тәжірибелерінде оқушыларды бірін-бірі оқыту немесе бірінің көмегіне жүгіне отырып оқу жолдарын қарастырған. Әрине бұл даму аймағын шағын топтық немесе жұптық тапсырмалар беру арқылы ұйымдастырғанын көрсеткен. Сонымен бірге АКТ-сын пайдалана отырып, математика пәніне қызығушылықтарын арттыру мақсатын түрлі әдістерді пайдалана отырып, даму аймақтарын көрсеткен. Қысқаша тоқталып кететін болсақ, қызықты логикалық тапсырмалар, жұмбақ түріндегі есептер және видео арқылы берілген есептерді пайдаланып оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту жолдарын қарастырады.
“Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар” түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болды.
Математика пәнін оқытуда жаңа коммуникациалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту бағдарламалары, дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді.
Қашықтан оқыту, мультимедия құралдарының дамуы оқушының білім алуын, олардың белсенділігін арттырады.
Есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез – келген салаларында қолдануға байланысты өмір талабы оқыту процесін жан – жақты және жүйелі түрде компьютерлендіруге әкеліп отыр.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.