Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ – ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ЖОЛ -

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ – ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ЖОЛ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1524 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
Ж.Жабаев атындағы №82 жалпы орта мектебінің
математика пән мұғалімі
Жассакова Айша Елемесовна

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ – ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ЖОЛ
Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі - жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайдың талабы. Компьютерлік технологиялардың дамуы мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығына тағы бір көрсеткіш, компьютерлік сауаттылық көрсеткішін енгізіп отыр. Яғни бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарылату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, қазақ тілі сабағында да ақпараттық технологияларды тиімді қолдану әр ұстаздың міндетіне айналып келеді. Бірақ бұл технологияларды біз қалай қолдануымыз керек?
Егер біз бұл технологияларды бұрынғы білім беру жүйесіне бұлжытпай кірістірсек, компьютер сабақта тек қана техникалық құрал ретінде қолданылып қала береді. Компьютерді - білім беретін бағдарламалық педагогикалық құрал ретінде қарастыру қажет. Яғни компьютерді тек қана техникалық жағынан қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен сұхбаттасатын таза білім “сақтаушысы” ретінде қарастырған жөн , сонда ол интербелсенді оқытуға ықпал етіп,оқушының өздігінен іздену жұмыстарына жол ашады.
Оқу үдерісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін деген мұғалім алдымен келесі міндеттерге мән беру керек:
1. Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану;
2. Тиімді тәсілдерді анықтау;
3. Ақпараттық технологияларды зерделеу;
4. Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану;
5. Қолданылған тәсілдердің нәтижесін бағалау.
Қазіргі кезде сабақта әдістемелік мақсатқа қарай келесі бағдарламаларды қолдануға болады:
1. Тренажер – бағдарламалар;
2. Бақылаушы - бағдарламалар;
3. Тәлімгерлік бағдарламалар;
4. Көрнекіліктер бағдарламалары;
5. Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар
Педагогикалық компьютерлік бағдарламалық құралдарды (ПКБҚ) құрастырып қолданамын деген мұғалім келесі талаптарды ескеру керек:
1. ПКБҚ базистік курстың бағдарламасын қамту керек;
2. ПКБҚ жүйелі түрде де, эпизодтық түрде де қолданылу керек;
3. ПКБҚ оқыту, бақылау, ізденіс функцияларын орындау керек;
4. ПКБҚ мазмұнының көлемі ресми оқулықтардың көлемінен асып түсу керек;
5. ПКБҚ дидактикалық мазмұнын компьютерсіз оқытуда да қолдану үшін, бағдарлама басып шығаратын өніммен қамтамасыз етілуі керек.
Компьютерлік оқу құралдарының бірі электрондық оқулықтар мен кешендер. Республикалық білім беру жүйесін ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы (РБАО) 6-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін электрондық оқулықтар шығарған. Оқулықтарда 5-6 тақырыптан қарастырылған. Оқулықтар бойынша оқушы өз бетімен сөздердің жазылуын, айтылуын пысықтап, сөздік жұмысын, диктант, мазмұндама жұмыстарын орындай алады.
Бұл оқулықтар қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер мен оқушыларға көп көмек көрсетеді. Бірақ бір кемшілігі: берілген кейбір жұмыс түрлері
сол 6 тақырыптың мазмұнын толық қамтиды. Мысалы бірінші сабақ бойынша «вариант», «мозаика», тест орындаса, тапсырмалары толық алты тақырып бойынша берілген.
Ал тақырыптардың әрқайсысы жеке бір модульге кіреді. Бұл жұмыс түрлері әр тақырып бойынша жүргізілетін бекіту, бақылау жұмыстарының нәтижелілігін жоққа шығарады.
MERITS фирмасынан шыққан электрондық оқулықтар да қазақ тілі сабақтарында кеңінен қолданыла бастады. Бұл оқулықтарда мультимедиялық жүйесінің мүмкіндіктері кеңірек қолданылған. Стандарт талабы бойынша диктант, мазмұндамаларды сауатты жаза алу біліктіліктерін дамытуға, сөйлеу мәдениетін игеруге ерекше көңіл бөлінген.
Жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып пән мұғалімдері бағдарламаға сәйкес өздері де электрондық оқулықтар мен кешендерді шығара алады.
Негізгі оқулықпен аймақтық компонент бойынша құрастырылған электрондық оқулықтың арасында сабақтастық сақталған.
Электрондық оқулық М.М.Жанпеисованың «Модульдік оқыту технологиясының » принциптеріне сәйкес құрастырылған:
 Оқу материалының тұтастығын сақтау принципіне;
 Мазмұнды күрделендіру арқылы оқыту принципіне.
Алдымен толық мәлімет алады, содан кейін тапсырмаларды орындау барысында қосымша деректермен танысып отырады;
 Модуль тақырыбына «кері қайтып отыру» принципіне.
Яғни, негізгі оқулықтағы берілген тақырып материалдарына да, электрондық оқулықтағы оқу материалына да берілген тапсырмаларды орындау мақсатымен кері қайтып отырады.
Электрондық оқулықта лексикалық тақырыптармен бірге негізгі оқулық пен бағдарламаға сәйкес грамматикалық тақырыптар да қарастырылған.
Модульдік технологияның талаптарына сәйкес әр модуль бойынша меңгерген лексикалық және грамматикалық тақырыптарға 3 деңгейлік тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды орындау барысында оқушы бірнеше рет мәтінге, сызбаға, сөздікке қайта оралып отырады.
Электрондық оқулық қазақ тілін оқытуда тек тиімді және жайлы, теориялық материал мен тапсырмалардан құрастырылған оқу құралы ғана болып қалмай, бақылау және бағалау функциясын да атқарады.
Ақпараттық технологияларды білім саласына қарқынды енгізу кезінде қазақ тілінен ЖАТ құралдарының жеткіліксіздігі әсіресе сезіледі. Осы жағдайда ұсынылып отырған өлкетануға арналған электрондық оқулық уақыт талабына сай деуге болады.
Бақылаушы бағдарламаларды қолдана отырып, жеке тақырып, жеке модуль бойынша да электрондық тестер құрастыруға болады. Мысалы,
9-сынып оқушыларының қазақ тілінен білімін тексеруге арналған модуль тақырыптары бойынша тоқсан сұрақтан тұратын үш деңгейлік тест тапсырмаларының үлгісі бар. Бағдарлама үш деңгейдің сұрақтарын үлестіре отырып компьютерге отырған әр оқушыға арнап 30 сұрақтан тұратын тест нұсқасын дайындайды. Соңында тестілеудің қорытындысын шығарады. Мұндай электрондық тестер 9- сыныптың 13- модулі бойынша дайындалған. Жеке тақырып бойынша да оқушының сабақта алған білімін тексеруге арнап 9-10 сұрақтан тұратын бағдарлама дайындауға болады. Мұндай тестілеу бағдарламалары 9-сыныптың оқулығының 23 тақырыбы бойынша құрастырылған.
Үш деңгейлік тестер оқушылардың алған білімдерін қабілеттеріне қарай тексеруге мүмкіндік береді.
ПКБҚ қолдану барысында нәтижеге жетемін деген ұстаз міндетті түрде электрондық, дидактикалық материалдарды жүйеге келтіріп, күнтізбелік- тақырыптық жоспарда белгілеу керек. Мысалы: 9 сыныптың күнтізбелік- тақырыптық жоспарында басқа сиямен қандай электрондық оқулық бойынша қандай тақырып өтілетіні және бақылау, пысықтау электронды түрде ұйымдастырылса да белгілеу қажет .
Бақылаушы бағдарламаларға салынған тесттер СД дисктерінде жинақталып картотека жасалыну керек
Слайд-бағдарламаларды:
• көрнекілік, үлгі, тапсырма беру үшін;
• модуль тақырыбы бойынша оқушылар шығармашылық жұмыстарын қорғауда мақсатында қолданылады.
Қорыта келгенде ақпараттық технологиялар:
• тілді белсенді оқытудың түрлері мен әдіс- тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
• оқушылардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу біліктіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
• оқушының оқуға деген қызығушылығын кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдар арқылы арттырады.

Әдебиеттер тізімі
1. Мұхамбетжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә. Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс – тәсілдері. Алматы, 2008 ж.
2. Жұмажанова Т., Дүйсебаев С., Мамырова Ә., Көпбаева З. «Қазақ әдебиетінің» әдістемесі. Алматы «Білім», 2003 ж.
3. Медешева А. Компьютерлік программаларды оқу-тәрбие жұмысында қолдану. Бастауыш мектеп, №1, 2001 ж.
4. Иманбаева А. Оқу – тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2005 ж.
5. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. Народное образование, 1998 ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.