Меню
Назад » » »
«Ақ шаш» В.А. Сухомлинский . «Ана» Ғали Орманов.
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: «Ақ шаш» В.А. Сухомлинский . «Ана» Ғали Орманов. Мақсаты: В. А. Сухомлинский , Ғали Орманов жайлы мәлімет беру. «Ақ шаш», «Ана» мәтін мен өлеңніің мазмұнын ұғындыру. Міндеті: «Ақ шаш», «Ана» мәтін мен өлеңніің мазмұнын түсінеді. Мәтін мен өлеңге байланысты мақал – мәтелдер айтып, ой бөлісе алады. Сабақтың түрі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабағы. Әдісі: «Болжау» стратегиясы,» «Екі жақты күнделік» старегиясы, «Топтастыру» стратегиясы, «Әдебиет үйірмесі», «Бес жолды өлең» стратегиясы. Сабақ барысы: 1. Шаттық шеңбері - Әрбір адам? - Туысым, досым. – Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдық . - Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.
Үй жұмысын бекіту – Өткен шығарманы өттік? - Осы мәтіннен ұлттық әдеп туралы не білдік? - Шоқанның бойынан қандай қасиетті көрдік?
Мағынаны ашу - Олай болса балалар, біз бүгін мына өлеңді тыңдай отырып, бүгінгі сабақта тағы да мейірімді жан туралы білетін боламыз.
Ы. Алтынсарин. Бұл кім? «Бала, бала» деп Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп. Түнде бесік таянған. - Бұл кім? (Ана) Кіріспе сөз: Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен? Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін сомдаймын деп суретші ойланады.

«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы – өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді жазушы Ғ. Мүсірепов.

«Әлемде өзгермейтін үш – ақ зат бар, ол ананың сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі» - дейді орыс жазушысы М. Горький. - Сонымен ана дегеніміз – төзімділік пен адамгершіліктің тәңірісі. 4. Қазір сіздермен «Ана» сөзінің мағынасын ашып алайық. Топқа бөлу «Ана» сөзінің мағынасын ашу. 1 – топ «Ана тілі « 2 – топ «Отан ана» 3 - топ «Жер ана»
1 – топ. «Ана тілі» деп неге айтамыз? 2 – топ. «Отан ана» деп неге айтамыз? 3 – топ. «Жер ана» деп неге айтамыз?
5. Міне, бүгін бәрімізге ортақ Анаға байланысты оқулығымызда тамаша шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі.

В.А. Сухомлинский Украина Республикасында дүниеге келген. Украина халқының атақты ұстазы, жазушысы 3. Жаңа сабақ 6. Оқулықпен жұмыс. «Болжау» стратегиясы. а) Балалардың алдына әңгімеден үзінді беру, оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойымен жеткізеді. ә) Оқулықтағы мәтінді оқып беру. б) Сұрақ – жауап: - Мишаның байқампаздығын қалай аңғардың? - Анасының алғашқы жауабы қандай болды? 7. «Екі жақты күнделік» стратегиясы 1 - топ. Мәтіннен өздеріңе әсер етіп, ойыңда қалған үзіндіні жаз. Сұрақ: - Ананың жүрегі қай кезде ауырады? ( бірдеңеге қапаланғанда, ренжігенде, уайымдағанда) 2 - топ. Мишаның келесі сұрағыңа анасы не деп жауап берді ойлайсың? Сұрақ: - Ананың жүрегі қай кезде толқиды? (қуанғанда, шаттанғанда) 3 - топ. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген мақалдың мәтінге қандай қатысы бар? Дәлелдеу. Ана үнемі баласын ойлап жүреді, ал балалар кейде анасының ол үшін қиналатынын , оның жүрегі ауыратынын ұмытып кетеді. Сұрақ: - - Ана жүрегі қандай?
Мұғалім : - Мәтіндегі негізгі ой не? - Осы ана махаббаты туралы біз тағы да бір шығармамен танысайық. Ол ақын Ғали Ормановтың «Ана» өлеңі.

Ғали Орманов 1907 жылы қазіргі Талдықорған облысының Аксу ауданында Ешкіөлмес т ауының бауырында туған. Онға толар-толмаста әке-шесінен бірдей жетім қалып, туысқандарының қолында тәрбиеленеді. 1978 жылы өмірден өтті.
а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру. ә) Оқушыларға тізбектеп оқыту Сұрақ – жауап: - Өлең де кім туралы айтылған? - Өлеңдегі ана қандай ана?
9. «Әдебиет үйірмесі» 1- топ. Шағын әңгіме жазу. «Менің анам» 2 – топ. Өлеңді толықтыр ... сыйлаймын ... аламын ... тыңдаймын ... баламын.
3 – топ. «Бес жолды өлең» стратегиясы 1) Зат есім ( 1 сөз) ( Ана). 2) Сын есім (2 сөз) (Мейірімді, ақылды) 3) Етістік (3 сөз) (Жұбатады, уайымдайды, қуанады). 4) Қорытынды ой ( 4 сөз) (Ана - ардақты асыл жан). 11. Қорытынды. Слайд көрсету Ана дүниеге жарық сыйлаушы ғана емес, бүгінгі таңда ана – жұмысшы, ана - ақын, ана – жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана – мұғалім, ғалым т.б салада қызмет етуде. Жүректен жүрекке (Оқушыларға жүрек қима қағаз таратып, соған өз аналарына деген тілек жаздырып тақтаға ілгізу).

Ойымды аяқта. – Үйдің алтын қазығы кім? - Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? - Ананың алақаны қандай?
Бағалау. Топ басшыларына бағалату. Үйге: Мәтінді түсініп оқу. Өлеңді жаттау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Ақ шаш» В.А. Сухомлинский . «Ана» Ғали Орманов. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 295 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar