Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Ақтөбе — Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы.
Халық саны — 387 945 адам (1 қаңтар 2015). Ақтөбе Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы, Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша бесінші орында орналасқан. Ақтөбеде көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Саны жағынан ең көп таралған ұлт — қазақтар. Олар қала халқының 76,30 % құрайды. Үлесі бойынша екінші орынды меленген орыстар қала халқының 16,89 % құрайды. Негізгі діни топтар — мұсылмандар (негізінен — сүнни) менхристиандар (негізінен — православтар). Ақтөбе — дамып келе жатқан Ақтөбе агломерациясының орталығы (халық саны — 541 мың адам). Қаланың ауданы — 297,39 км². 1997 жылы таратылған Ақтөбе ауданының территориясы қала әкімшілігінің құзырына берілгеннен кейін әкімдік қарамағындағы жердің жалпы ауданы 2 338 км² дейін ұлғайды.
Қаланың негізі Ресей империясының қарулы жасағымен Ақтөбе бекінісі (орыс. Ак-Тюбе) ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, оң жағынан Қарғалы өзені құятын тұсында қаланған. 1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе Торғай облысы құрамындағы уездік қала мәртебесін иеленіп, орысша атауы Актюбинск болып өзгертілді. Ресейдегі азаматтық соғыстың кезінде қала кезекпен ақ гвардиялықтар мен большевиктердің қолына өтті. 1919 жылы қалада біржолата Кеңес өкіметі орнап, 1920—1925 жылдары Ақтөбе Ресей КФСР-ның қоластындағы Қырғыз АСКР-ның құрамында болды. 1921 жылы қала жаңадан құрылған Ақтөбе губерниясының әкімшілік орталығы болды, 1925—1936 жылдары Қазақ АКСР-ның құрамында болды (1928 жылы Ақтөбе губерниясы таратылғаннан кейін Ақтөбе округының орталығы, 1932 жылдан бастап жаңадан құрылған Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы). 1936 жылы қала РКФСР қоластынан бөлініп шыққан Қазақ КСР-ның құрамына кірді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамында.
Қазіргі Ақтөбе — Қазақстанның ірі өнеркәсіп, шаруашылық және мәдениет орталықтарының бірі. Қалада ферроқорытпалар, хром қоспаларын, ауыл шаруашылық техникасын, рентген аппараттарын шығаратын зауыттар орналасқан. Химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыған.
Атауы
Қала атауының қазіргі Ақтөбе түріндегі жазылуы 1940 жылы қазақ тіліне кирил әріптерінің негізінде құралған әліпби қабылданған кезден бастап қолданыста. 1929— 1940 жылдары қала атауы латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиімен Aqtɵbe деп[1], одан бұрын араб-парсы әріптерін қолданған әліпбимен اقتوبە‎ түрінде жазылған[2].Қытай және Таяу Шығыстағы қазақтар аудиториясына арнап шығарылатын басылым беттерінде қаланың араб әріптерімен жазылған нұсқасы осы күнге шейін қолданылады[3][4][5].
1891 жылы Ақтөбе бекінісі (Акъ-Тюбе) Ресей империясының уездік қалаларының біріне айналғаннан бастап 1999 жылға дейін қаланың орыс тіліндегі атауы «Актю́бинск» (Актюбинскъ) түрінде қолданылып келді. 1999 жылдың 11 наурыз күні жарияланған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қаулысына сәйкес қала атауының орыс транскрипциясы «Актобе́» болып өзгертілді[6]. Орыс тіліндегі жаңа атау Ресейдің мемлекеттік тіркеу, кадастр және картография Федаралдық қызметімен ресми түрде мойындалды[7].
Қаланың қазақша атауы орыс тілінде «белый холм» мағынасын білдіргендіктен, кейде Ақтөбені орысша «Город на белом холме»[8] немесе «Беловершинск»[9] деп те атайды. «Ақтөбе» және осыған ұқсас елді мекен атаулары Қазақстан мен Ресейде (орыс. Ахтуба, Актюба) кең таралған.
Елтаңба
Ақтөбенің ең алғаш елтаңбасы (авторы: С. Т. Симонов) 1968 жылдың 18 қараша күні бекітілді. 20 жыл өткен соң, 1988 жылдың 24 желтоқсан күні халық депутаттарының қалалық Кеңесі суретші М. Ф. Луцинның жобасы бойынша жаңа елтаңбаны қабылдады.
1998 жылы алдағы келе жатқан Ақтөбе қаласының 130 жылдық мерейтойының қарсаңында қала әкімшілігі жаңа елтаңбаға сайыс жариялады. Ғалымдар, архитекторлар және бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдері құрамына кірген жюри 50 конкурстық жұмыстың арасынан үздік деп ақтөбелік суретші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Сағынтай Әлімбетовтың эскизін таңдады. Елтаңба ресми түрде 1998 жылдың 24 шілде күні қалалық Мәслихаттың 23-ші сессиясында қабылданды.
Ақтөбе елтаңбасы «мәңгіліктің нышаны» болып саналатын дөңгелек пішінінде жасалған. Қала атауы «тазалық» пен «қасиеттілікті» білдіретін ақ түспен жазылған, көк түсті ою-өрнек «табиғаттағы судың мәңгілік қозғалысын», қызыл түсті ою-өрнектер қызғалдақтарды білдіреді (қызғалдақ — Ақтөбенің бейресми символы[10][11]). Елтаңбаның нақ ортасында бүркіт басты, арыстан денелі, арқасында қанаты бар мақұлық (грифон) бейнеленген[12].
Географиялық орналасуы
Қаланың географиялық координаттары — 50°16′00″ с. е. 57°13′00″ ш. б. (G) (O) (Я) [13].
Ақтөбе UTC+05:00 уақыт белдеуінде орналасқан.
Қала Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Жайықтың сағасы Елек өзенінің жағалауында, Қарғалы өзені келіп құятын тұсында[14], биіктігі 250—400 м болатын жазықтық болып келетін Орал асты платосының орталық бөлігінде орналасқан[15].
Өзен-сулары
Қала Елек өзеніне Қарғалы өзені құйып, аңғары 15 км дейін ұлғаятын жерінде орналасқан[16]. Қаланың орталығымен Електің сол жақ сағасы Сазды өзені, солтүстік-батысымен Електің тағы бір сағасы — Жіңішке өзені ағып өтеді. Қаланың оңтүстік жағында Тамды өзенінің төменгі бөліктері орналасқан. Солтүстіктегі Заречный ауданының шетінде Песчанка өзені ағып өтеді, оның ар жағында Қарғалы селосы орналасқан. Кірпішті ауданының батысымен Қарғалының оң жақ сағасы Бұтақ өзені ағып өтеді.
Қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км қашықтықта қала тұрғындарымен «Ақтөбе теңізі» деп аталып кеткен 1988 жылы іске қосылған, сыйымдылығы 245 млн м³ болатын Ақтөбе су қоймасы орналасқан[17]. Оңтүстік-батысқа қарай 8 км қашықтықта қала тұрғындарының дәстүрлі демалыс орнына айналған Сазды су қоймасы орналасқан (1967 жылы тұрғызылған)[18]. Солтүстік-шығысқа қарай 60 км қашықтықта қала маңындағы ең үлкен қолдан жасалған суайдын — сыйымдылығы 280 млн м³[19] тең Қарғалы су қоймасы орналасқан (1975 жылы тұрғызылған)[20].
Азия мен Еуропа шекарасы
2010 жылдың ақпан-мамыр айларында Орыс география қоғамының экспедициясы Еуропа мен Азияның шекарасын Мұғалжар тауларымен, Каспий маңы ойпатыныңшетімен, Шығыс Еуропа жазақтығы аяқталып, Үстірттің батыс кертпештері өтетін жермен (яғни қазіргі кезде қабылданған шекарадан оңтүстікке қарай біршама алшақтықта) жүргізу керек деген тұжырымға келді[21]. Алайда әлі күнге шейін Орыс география қоғамы ғалымдарының пікірі Халықаралық географиялық одақтың талдауынан өткен жоқ.
Осындай пікірге сүйене отырып Ақтөбе облысының батыс бөлігі Еуропада орналасқан деген тұжырым айтылады. Ақтөбе қаласы Қазақстанның Еуропалық бөлігінің қиыр шығысында орналасқан деген кең таралған пікір[22] қате, өйткені Ақтөбеден шығысқа қарай Қазақстанның Еуропалық бөлігінде Алға, Жем, Қандыағаш, Хромтау, Ембісекілді басқа да қалалар орналасқан.
Климаты
Қала Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан едәуір алшақтықта орналасқан, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Ауа райының шұғыл континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның кереғарлығында, Күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады.
Қыс мезгілінде қаланың ауа райы Испания үстіндегі терең циклон (испандық минимум) мен Моңғолия үстіндегі қуатты азиялық антициклонның әсерінде болады. Бұның кесірінен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған үлкен бар градиенттері пайда болады.
Ақтөбедегі жиынтық Күн радиациясы тәулігіне 108 ккал-ға тең, Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші — 2316 сағат.
Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Қысы қоңыр салқын, жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысықараша айында байқалады (31 см). Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны — 174, 148 және 43. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті 5,7 баллға тең. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай — маусым (35 мм), ең аз түсетін ай — қыркүйек (19 мм).
• Орташа жылдық температура — +5,3 C°
• Орташа жылдық жел жылдамдығы — 2,4 м/с
• Орташа жылдық ауа ылғалдылығы — 68 %

Экологиясы
Ақтөбе қаласы экологиялық жағдайы нашар қалалардың бірі[23]. Қала аумағындағы ауа құрамында азот диоксиді мен формальдегидтің шамадан тыс мөлшері байқалған, ал хром қоспалары, ферроқорытпа зауыттары, Ақтөбе ТЭЦ секілді өнеркәсіп мекемелері мен Кірпішті ауылының аймағында көрсеткіштер нормадан үш есе асып түскен екен[24].
2013 жылы сантарлы-эпидемиологиялық бақылау қала ауасын азот диоксиді, күкірт диоксиді, күкіртсутек және тағы да басқа заттарға тексергеннен кейін ауаны басты ластайтын себеп қаланың кәріз жүйесі екені анықталды[25]. 2013 жылы қаладағы автокөлітер саны 178 мыңға жетті. Бұл да қала ауасының ластануына өз үлесін қосады[26].
Көп уақыт бойы қала маңымен ағып өтетін Елек өзені Алға химиялық зауытынан бор қалдықтарымен және Ақтөбе хром қосындылары зауытынан алты валентті хром қалдықтарымен ластанды, бұл өз кезегінде Жайық өзені мен Каспий теңізінің ластануына әкеп соқтырады. Сонымен қатар «Ақбұлақ» акционерлік қоғамы әкімшілік ескірген тазарту құрылғыларының себебінен[27] Елек өзеніне жылына 10 млн м³ дұрыс тазартылмаған ағын су ағызады. Белгіленген мөлшерден ағызғандығы үшін «Ақбұлаққа» әкімшілік шаралар қолданылғанымен, жағдай оңалар емес[28][29].
Тарихы
Ежелгі замандарда
Бұл аймақта өмір сүрген ежелгі тайпалар мал шаруашылығымен айналысып, Солтүстік Қазақстанның тайпаларына жақын болған. Тікбұрышты және доғал қорымдардыңендік бағытталуының мысалы ретінде Ақтөбе маңындағы Сынтас және Бесоба қорымдарын келтіруге болады[30]. Қала маңындағы далада қола дәуіріне жататын сақина тәріздес тас дуалдар мен қорғандар табылған. Ақтөбеге жанындағы Қарғалы өзенінің жағасында орта қола дәуіріне жататын бұйымдар табылған[31].
Ақтөбе бекінісінің қалануы
1869 жылдың мамыр айында Елек пен Қобда өзендерінің аралығына флигель-адъютант граф фон Борг басқарған екі рота жаяу әскер, жүз казак және 14 зеңбіректен тұратын жасақ аттанды. Әскери губернатор Лев Баллюзектің талабымен 15 (28) мамыр күні[32] Елек пен Қарғалы өзендерінің қосылатын жеріндегі екі төбенің үстінде[33]Ақтөбе (орыс. Ак-Тюбе) бекінісінің негізі қаланды. Қарауыл алаңы, гауптвахта, қару-жарақ қоймасы, азық-түлік пен оқ-дәрі сақталатын жертөле салынды[34].
Ақтөбе аумағы Баллюзек өзінің есептемелерінде «сенімсіз» деп сипаттаған табын руынан шыққан Арынғазиевтердің қарамағында болды. Баллюзек жергілікті тұрғындардың бағыныштылығын атап өткеніне қарамастан, орыс жасақтары келгеннен кейін олардың көп бөлігі көршілес Орал облысына көшіп кетті. Қалған қазақтардың арасынде тек Арынғазиев әулетінің сұлтандары мен казактардан жеңіліс тапқаннан кейін қарсыласуды доғарған Айжарық би Бекбауұлының көтерілісшілер жасағы болды[35].
Ақтөбе туралы алғашқы деректер 1871 жылға жатады:
Оренбургская Духовная Консисторiя сообщаетъ къ свѣдѣнiю, что въ оренбургской епархiи, съ разрѣшенiя начальства, производятся нынѣ слѣдующiя постройки: 1. церкви — а) каменныя въ <…> укрѣпленiи Акъ-Тюбя Тургайской области (отъ 14 января 1871 года — на средства жителей)[36].
Алғашқы онжылдықтарда қоныстың тұрмысы көшпенді мал шаруашылығымен айналысаты қазақтармен тығыз байланыста болды. Қаланың алғашқы бас жоспары 1874 жылы әзір болды. Елді мекен бірнеше аудандарға бөлінді: Құрмыш, Татар слободасы, Оторвановка. Ең алғашқы көшелер Гарнизонная, Крепостная, Оренбургская, Илецкая және Георгиевская деп аталды[15].
Уездік қала дәрежесінде
1891 жылдың 25 наурызында шыққан «Далалық облыстарды басқару туралы ережеге» сәйкес, Ақтөбе Қостанай секілді Ресей империясының Торғай облысының уездікқалаларының бірі болып бекітілді[37].
Бастапқы уақытта тез дамымағанымен, Ақтөбе қаласы бірқалыпты өсу қарқынын сақтап, Қостанай секілді құлдырау мен халық санының азаюына душар болған жоқ. 1886 жылдың шілдесіне қарай қаладағы аулалардың саны 177 жетті, бірақ 1891—1892 жылғы ашаршылықтың кесірінен біраз тұрғын қаладан босып кетті. 1893 жылдан бастап халық саны қайтадан өсе бастады. 1895 жылы тұрғындар саны 2263 адамға жетті, оның 1041 православ христиандар, 202 мұсылман болды. 1896 жылы қалаға Кіші Ресейдің губернияларынан 100-ге таман отбасы көшіп келді[38].
1902 жылы қала арқылы Орынбор мен Ташкент арасын жалғастырған Ташкент темір жолы өтіп, Ақтөбе экономикасының әрі қарай дамуына әсер етті. 1905—1907 жылдары қалада бірнеше рет қара халықтың наразылық шерулері мен ереуілдер ұйымдастырылды[39].
Азаматтық соғыс кезінде
Ақтөбе 1918—1919 жылдардағы Азаматтық соғыс кезінде Торғай өлкесінің революциялық күштерінің орталығы болды. 1918 жылдың 8 (21) қаңтарында қалада Кеңес өкіметі орнады[39]. Сол жылдың шілде айында Колчак армиясының Түркістанға жолын жауып тастаған Ақтөбе фронты ашылды[40], бірақ 1919 жылдың сәуір айында Зиновьев пен Фрунзе қызылдарға кері шегінуге бұйрық беріп, аздан кейін қала ақтардың қоластына өтті[41].
1919 жылдың 1 қыркүйегінде Всесвятский ауылы жағынан (қаланың оңтүстік-батысы) қызылдардың Оңтүстік армияның уақытша базасына айналған Ақтөбе қаласына шабуылы басталды. Қалаға зеңбіректерден оқ жаудырылды; аспанан қызылдардың аэропланы бомбалар лақтыра бастады. Үлкен дүрбелең басталды. Тұрғындар оңтүстік-батыс бағытында қаланы тастай жөнеліп еді, алайда тез арада жетіп үлгерген қызылдардың атты әскері қашқындардың бір бөлігін қоршап үлгерді. Тым-тырақай қашқан әскердің ешқандай қарсылық көрсетуге шамасы болмады[42]. 2 қыркүйек күні Ақтөбе қызылдардың қоластына өтті[43].

Кеңес дәуірінде

1930-шы жылдар, Карл Либкнехт көшесі

1942 жылдың мамыры, жұмысшы әйелдер тасымалдаушыға көмір лақтыруда
1920—1925 жылдары Ақтөбе қаласы Ресей КФСР-ның Қырғыз АСКР-ы құрамында болды, 1925 жылы Қазақ АКСР-ның қарамағына өтті, 1936 жылы Ресей КФСР-ның құрамынан бөлініп шыққан Қазақ КСР-на қосылды. Кеңес дәуірінде Ақтөбе қаласы Ақтөбе губерниясы (1921—1928), Ақтөбе ауданы (1921—1922, 1928—1933, 1970—1997), Ақтөбе уезі (1922—1928[44]), Ақтөбе округы (1928—1930) және Ақтөбе облысы (1932 жылдан бастап) сияқты бірнеше әкімшілік-территориалды бірліктердің орталығы болды.
Қазан төңкерісінен кейін Ақтөбе қарқынды дами бастады[45]. 1932 жылдың 10 наурызында қала Қазақ КСР-ның жаңадан құрылған Ақтөбе облысының орталығына айналды[15]. Осыдан кейін қалада ұзындығы 10,5 км болатын алғашқы су құбыры жүргізілді, 25 су колонкасы орнатылды. Облыс орталығы ретіндегі алғашқы онжылдықта қалада 2 электр станциясы салынды, көшелерде 250 жарықтандыру құрылғысы орнатылды. Қаланы жасылдандыру жұмыстары атқарылды, жаяу жүргіншілерге арналған алғашқы жолдар пайда болды[46].
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ақтөбеде 312-ші атқыштар дивизиясы] 101-ші ұлттық атқыштар бригадасы, 129-шы миномет полкы және тағы да басқа әскери жасақтар құрылды. 312-ші атқыштар дивизиясының 11 мың адамының 9,5 мыңы соғыс майданында қаза тапты. Дивизия командирі Александр Наумов «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағының бірінші иегері болды[34]. 29 ақтөбелік Кеңес Одағы батыры атанды[47].
Соғыс кезінде Кеңес Одағының жау басып алған қалаларынан көшірілген кейбір кәсіпорындар Ақтөбеге жөнелтілді. 1941 жылдың тамызында қалаға Запорожьеден ферроқорытпа зауытының жабдықтары келді. Мәскеуден «Электросчетчик» кәсіпорынының, Мәскеу рентген зауытының, № 14 жүн тоқу фабрикасының және тағы да басқа кәсіпорындардың жабдықтары көшірілді[48].
1940—1960 жылдары ферроқорытпа және хром қосындылары, рентген аппаратурасы және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары; ет және сүт комбинаттары; трикотаж, жиһаз және тігін фабрикалары секілді ірі өнеркәсіп мекемелері ашылды. 1962 жылдың 3 мамырында орталығы Ақтөбе қаласында орналасқан, құрамына Ақтөбе, Орал және Гурьев облыстары кіретін Батыс Қазақстан өлкесі құрылды. 1964 жылдың 1 желтоқсанында Батыс Қазақстан өлкесі таратылды. 1977 жылы қала Батыс Қазақстан темір жолының орталығы боп тағайындалды.
Кеңес дәуірінде көптеген кәсіпорындары бар индустриалды қалаға айналды, өнеркәсіп пен мәдениеттің аймақтық орталығы болды[49], және бүгінгі таңда да осындай болып қала береді[47].
Тәуелсіз Қазақстан дәуірі
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық белсенділік Қарағанды мен Шымкент сияқты өнеркәсіп орталықтарынан елдің батысындағы мұнайлы облыстардың орталықтарына (Ақтөбе, Ақтау, Атырау) ауысты[50].
Қазақстанға депортацияланған халықтардың өкілдері мен республикаға 1970—1980-ші жылдары Кеңес Одағының басқа республикаларынан келген мамандардың эмиграциясының кесірінен 1990-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың бастапқы кезеңінде қаладағы халық санының азаюы байқалды.
2000-шы жылдары қаладағы құрылыс саласында үлкен серпіліс орын алды: құрылыстың қарқыны бойынша Ақтөбе қаласы мен облысы ел ордасы Астанадан асып түсті. 2005 жылы 137,1 мың м² тұрғын үй енгізу жоспарланғанымен, жылдың қорытындысы бойынша 289 773 м² тұрғын үй тұрғызылғаны белгілі болды. Жеке құрылыс көрсеткіші жоспарланған мөлшерден бес есе асып түсті. Жалпы алғанда 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2,8 есе артық тұрғын үй қолданысқа берілген екен[51].
2007—2008 жылғы қаржылық дағдарыс пен оның артынан ұласқан Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан Ақтөбедегі жылжымайтын мүлік пен жалға алу құны күрт төмендеп кетті. Қала ішіндегі жер телімдерінің бағасы 30 % кеміді. Қала тұрғындарының жалақы мөлшері төмендеді, кейбір кәсіпорындар медициналық сақтандыруға бөлінетін қаражатты азайтты, тұрмыстық техника мен электроникаға сұраныс азайды. Ақтөбе әуежайындағы жолаушылар тасымалы 13 % бәсеңдеді, ұлттық валюта девальвациясының кесірінен қала автосалондарындағы автокөлік сатылуы кеміді[52].
2010-шы жылдар Батыс Қазақстандағы діни экстремизмнің өршуімен сипатталады[53]. 2011 жылдың 17 мамыр күні Ақтөбе қаласының 25 жасар тұрғыны Рахымжан Мақатов Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің жергілікті Департаментінің алдында жарылыс ұйымдастырып, оның салдарынан өзі қайтыс болды, бірнеше адам жарақттанды. Бір айдан астам уақыт өткен соң, 26 маусым күні қалада тәртіп сақшылары мен қылмыстық іс бойынша күдіктілер арасында қарулы қақтығыс орын алды[54]. Бұл оқиғаларды жұртшылық Темір ауданында бірнеше полиция қызметшілерін қасақана өлтірген діни экстремистердің тобымен байланыстырды. Аз уақыттан кейін қаланың шет ауданындарының бірінде құрылысы аяқталмаған үйдің ішіндегі жарылыстың салдарынан үш адам қаза тапты. Қаза тапқандардың біреуі Ақтөбе облысының Ішкі істер Департаментінің экстремизмге қарсы күресетін басқармасының жедел уәкілі болып шықты[55].
Қала халқының саны 2030 жылға дейін 625 мың адамға, 2040 жылы 1 млн адамға жетеді деп жоспарланып отыр. Бұған дейін қаланың аумағы 29 739 га-дан 72 965 га-ға шейін ұлғаюы тиіс (2003 жылғы бас жоспар бойынша 42 847 га болуы керек еді). Жеке тұрғын үй құрылысы шектетіледі, жаңа бас жоспар бойынша қалада негізінен көпқабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғызылатын болады[56]. Ақтөбе «жаңа» және «ескі қала» болып бөлінетін Қазақстанның жалғыз қаласы. Осы бөліктердің арасын жалғау үшін қаланың Мәскеу ауданында сәйкес инфрақұрылымы бар көпқабатты тұрғын үй массивтерін тұрғызып, қаланы біріктіретін орталыққа айналдыру жоспарланып отыр[57].
Әкімшілік және территориалдық құрылымы
Қала әкімдігі және жергілікті өзін-өзі басқару
Ақтөбе қаласының әкімдігі қала аумағы мен оның қарамағында орналасқан бес ауылдық округтегі атқарушы өкімет қызметін атқарады. Қала әкімшілігінің күйі мен мәртебесі «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ережесімен реттеледі[58]. Әкімшілікті 2001 жылдың 23 қаңтарында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару» заңына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі тағайындайтын қала әкімі басқарады[59]. Қала әкімі қызметін алғашқы боп Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов 1996—2002 жылдары атқарды. 2012 жылдың 17 ақпанында қала әкімі болып Ерхан Болатжанұлы Омаров тағайындалды.
Ақтөбе қаласы Мәслихатының депутаттары қала тұрғындарымен сайланатын жергілікті өкілдік орган қызметін атқарады. 1994 жылдың 24 наурызында Мәслихаттың I шақырылымның 1-ші сессиясы өтті. Алғашқыда мәслихат 43 депутаттан тұрды, мәслихат хатшысы боп Петр Георгиевич Лащенов сайланды. Кейінгі шақырылымдардардағы депутаттардың саны 23 дейін азайды. Соңғы V шақырылымның 1-ші сессиясы 2012 жылдың 20 қаңтарында өткізілді[60]. Қазіргі таңда қалалық Мәслихат хатшысы қызметін Сұлупан Панақызы Шынтасова атқарып жүр[61].
Қала бюджеті
2015 жылы қала бюджетінің кіріс деңгейі 39,55 млрд теңге (213 млн АҚШ доллары[62]), шығын мөлшері 43,08 млрд теңге (231,9 млн доллар) деп белгіленген.
Ақтөбе бюджетінің негізгі табыс көздеріне салық түсімдері (23,7 млрд теңге), трансферт түсімдері (16,1 млрд теңге), салықтық емес түсімдер (2,3 млрд теңге) жәненегізгі капиталды сатудан түскен қаражаттар (2,1 млрд теңге) жатады. Негізгі шығыс баптарына білім беру жүйесі (16,9 млрд теңге), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (11,5 млрд теңге), трансферттер (7,2 млрд теңге), транспорт пен байланыс (5,5 млрд теңге), қарыздарды өтеу (1,9 млрд теңге), әлеуметтік көмек пен қамсыздандыру (1,37 млрд теңге) жатады[63].
Ақтөбе облысының ірі салық төлеушілерінің қатарына негізінен мұнай және газ өндіретін компаниялар кіреді, бірақ олардың арасында Ақтөбе қаласында негізделген бірнеше мекеме де бар: «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Анвар» ЖШС (супермаркеттер мен дүкендер желісі), «Кабиев и К» ЖШС (супер- және гипермаркеттер желісі) және т. б.[64]
Қала аудандары
Қала Ақтөбе төбесінің етегінде орыналасып, темір жол станциясының маңында шоғырланған «Ескі қала» деп аталатын және солтүстік-батыста орналасқан, әкімшілік ғимараттар мен сауда орталықтары орналасқан Әбілқайыр хан даңғылының бойында шоғырланған «Жаңа қала» деп аталатын екі негізгі ауданнан құралған[65][66].
Ескі қаланың аудандарына Құрмыш, Мәскеу (Москва), Татар слободасы (Татарка) және Оторвановка аудандары жатады. Қаланың ескі бөлігі негізінен бір қабатты жеке тұрғын үйлерден тұрады, арасында Ресей империясы заманында тұрғызылған ғимараттар кездеседі. Жаңа қаланың аудандарына Шанхай (Шаңқай), Сазды, Болашақ, Кең Дала аудандары мен мөлтек аудандар жатады.
Аты аталған аудандардан бөлек Жилгородок (Тұрғындар қалашығы), Авиагородок, Сельмаш, Заречный, Қарғалы (Жилянка), Кірпішті (Кирпичный), Жаңақоныс (Новый), Ақжар, Бауырластар, 41-ші разъезд және т. б. аудандар бар. 2000-шы жылдардан бастап қала аумағында 30 астам жаңа аудан пайда болды[67]. 2012 жылдан бастап 5 мөлтек ауданнан құралған, тұрғындар саны болашақта 260 мың адамға жетуі мүмкін Нұр Ақтөбе (бұрынғы Актобе-Сити) ауданының құрылысы жүріп жатыр[68].
Халқы
Халқының ұлттық құрамы сан алуан. Қазақтардың үлестік құрамы — 76,30 %. Біршама орыстар (16,89 %), сонымен қатар украиндар (2,68 %), татарлар (1,53 %),немістер (0,60 %), корейлер (0,28 %), әзірбайжандар (0,20 %), өзбектер (0,17 %), басқалар (1,35 wacko халықтар тұрады. (2015 жылдың 1 Қазаны бойынша).[69]
Қала әкімшілігіне 367 220 саны бар Ақтөбе қаласынан басқан тағы да 5 селолық округтер кіреді. (Благодарның, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды)[70]) жалпы алғанда 22 ауданға ие, сол аудандардағы адам саны 48 368 адам (2012 жылдың 1 Қаңтары бойынша). Қала әкімшілігіне тәуелді территорияда барлығы 415 588 халық тұрады.
Қазіргі уақытта халық саны бойынша Ақтөбе облысында бірінші орын алады және Қазақстандығы бесінші қала болып келеді (Алматы, Астана, Шымкент жәнеҚарағандыдан кейінгі).
Халық санының жылдам өсуіне байланысты үкімет қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жобасын әзірледі. Ақтөбе қаласының миллион халқы бар мәртебесін алу үшін бағытталған бас жобасын ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр.[71]. Проекттіні жүзеге асыру 2011 жыл мен 2040 жыл аралығына есептеліп отыр.
Белгілі тұлғалары
• Әбілқайыр хан - Кіші жүз ханы
• Әйтеке би - Кіші жүз биі, Әйтеке би ауданы
• Мөңке би - қазақтың ұлы биі
• Қазанғап Тілепбергенұлы - қазақтың ұлы музыканты, күйшісі.
• Көтібар батыр - қазақ батыры, Сүйінғар батырдың баласы
• Есет Көтібарұлы - қазақтың ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қоқан ханға қарсы шыққан
• Қобыланды батыр - қазақ ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қобда ауданы, арғы аталары Торғай өзенінің бойында тұрған
• Шығанақ Берсиев - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тары, бидай өсіруден рекордшы,
• Нұрпейіс Байғанин - қазақ күйшісі, қазақтың халық ақыны
• Ахмет Жұбанов - музыкант, дирижер, халық әртісі
• Құдайберген Жұбанов - Алғашқы қазақ тіл зерттеушісі, филолог
• Ғазиза Жұбанова - Белгілі композитор, Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова 1927 жьлдың 2 желтоқсанында заманымыздың заңғар композиторы, академик Жұбанов Ахмет Қуанұлының отбасында дүниеге келді- Мәскеуде білім алды.
• Әлия Молдағұлова - Екінші дүниежүзілік соғысының батыры, снайпер, ефрейтор.
• Марат Оспанов - саясат қайраткері, ҚР Парлементінің спикері болған
• Пацаев Виктор - ұшқыш, космонавт, Кеңес Одағының батыры
• Елена Ксенофонтова - ресейдің театр және кино әртісі
• Лидия Каденова - қазақ және КСРО әртісі
• Жанар Айжанова - қазақ эстрадасының әншісі
• Ғалиб Жапаров - бокстан әлем чемпионы
• Аслан Мусин - Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері. Қазақстан Республикасының бюджетті бақылау туралы есеп комитетінің төрағасы.
• Қажығали Мұхаммедқалиұлы - белгілі жазушы
• Марат Тәжин - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.
• Әбидолла Үмбетжанұлы Биекенов 1911 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы № 19 ауылда дүние келген.Соғыстан кейін 1946 жылы Қазақ ҚСР Жоғарғы Сотының төрағасы болып тағайындалып, 35 жасында қайтыс болады.
• Серік Нокин - ҚР Қурылыс істері және турғын уй-коммуналдық шаруашылығы женіндегі агенттігінің төрағасы.
• Марат Жақсылықұлы Әбиев — қазақстандық кәсіпкер, «Қазақстандық арман» кітабының авторы, ең жас миллионер болып табылады, Forbes Kazakhstan журналының бағалауы бойынша, 2013 жылы қарашадағы Әбиев Мараттың дәулеті 11 млн АҚШ долларына бағаланған.

Мазмұны
[жасыру]
• 1Атауы, рәміздері
o 1.1. Атауы
o 1.2. Елтаңба
• 2Физикалық және географиялық сипаттама
o 2.1. Географиялық орналасуы
o 2.2. Өзен-сулары
o 2.3. Азия мен Еуропа шекарасы
o 2.4. Климаты
o 2.5. Экологиясы
• 3Тарихы
o 3.1. Ежелгі замандарда
o 3.2. Ақтөбе бекінісінің қалануы
o 3.3. Уездік қала дәрежесінде
o 3.4. Азаматтық соғыс кезінде
o 3.5. Кеңес дәуірінде
o 3.6. Тәуелсіз Қазақстан дәуірі
• 4Әкімшілік және территориалдық құрылымы
o 4.1. Қала әкімдігі және жергілікті өзін-өзі басқару
o 4.2. Қала бюджеті
o 4.3. Қала аудандары
• 5. Халқы
• 6. Белгілі тұлғалары
• 7. Бүгінгі Ақтөбе
• 8. Ақтөбе қаласының суреттері
• 9. Тағы қараңыз
• 10. Дереккөздер
• 11. Сыртқы сілтемелер
• 12. Пайдаланылған әдебиет

Пайдаланылған әдебиет
• История Казахской ССР с древнейших времён до наших дней в пяти томыах / А. Н. Нусупбеков (гл. ред.) и др. — Алма-Ата: Наука, 1977. — Т. 1. — 579 б.
• Топонимика Казахстана. Энциклопедический справочник — Алма-Ата: Аруна Ltd., 2010. — 816 б. — ISBN 9965-26-330-2.
• Казахстан. Национальная энциклопедия — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2004. — ISBN 9965-9389-9-7.
• А. А. Кауфман Переселенцы-арендаторы Тургайской области (2-я часть) — СПб: Типография В. Безобразова и Комп., 1897.
• И. Еловскій Голодный поход Оренбургской арміи — Пекин: Типография Успенского монастыря при Русской Духовной миссии, 1921.
• Энциклопедия «Актобе» / Под ред. М. К. Тажибаева — Актобе: Отандастар-Полиграфия, 2002. — 786 б. — 10000 таралым. — ISBN 5-628-02641-7.
• Известные имена / Сост. Е. Ж. Курманбеков — Актобе: ОАО «Полиграфия», 1999. — 270 б. — ISBN 5-7667-9244-1.
• Paul Brummell Kazakhstan: The Bradt Travel Guide — Bradt Travel Guides, 2008. — 408 p. — ISBN 9781841622347.
• Мурзатаева М. Сравнительная характеристика климата Уральска и Актобе. — ЗКГУ им. М. Утемисова, 2014.
• Актюбинская область. Итоги Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 жыла — Астана, 2011 Т. 1.
• Актюбинская область. Итоги Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 жыла — Астана, 2011 Т. 2.
• Актюбинская область. Итоги Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 жыла — Астана, 2011 Т. 3.
• Н. И. Журин Сверяя шаг по Ильичу (коренные преобразования в экономике и культуре Актюбинской области за жылы Советской власти) — Казахстан, 1969. — 206 б.
• Институт географии (Академия наук СССР) Казахская ССР: экономико-географическая характеристика / Ред.: О. Р. Назаревский — Государственное издательство географической литературы, 1957. — 733 б.
• Б. С. Каррыев, М. Б. Айдарханов, Е. К. Балафанов Всемирное Интервидение: Основы информационной культуры

Құмжарған орта мектебі

Ақтөбе қаласының тарихы

Орындаған: Тоқаш Әмір. 9-сынып
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.