Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақылдың кені- асыл сөз. Д. Матайқызының -

Ақылдың кені- асыл сөз. Д. Матайқызының

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1337 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің Кітапхана меңгерушісі:
Құсанова Айшолпан Сайынқызы

Тақырыбы: Ақылдың кені- асыл сөз. Д. Матайқызының
«Айналайындарым менің» кітабы бойынша.
Түрі: Ауызша журнал
Мақсаты: Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет-ғұрпын, иба-әдебін, тарихы мен өнерін кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде кітап бетіне түсіріп жүрген Д.Матайқызының туындысын оқушыларға насихаттау.
Сынбы: 7-8 сыныптар.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, слайд, кітап көрмесі. т.б.
Жоспары 1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе сөз
3. Д.Матайқызының өнегелі сөздері жөнідегі оқушылардың пікірі.
4. Аталардан қалған бата.
5. Қорытынды.
Кітапханашы: Құрметті оқырмандар бүгін кітапханада өткізгелі отырған ауызша журналымыздың мақсаты оқушыларға Д.Матайқызының жас ұрпаққа арнаған өсиеттерін насихаттау. Д.Матайқызының бұдан бұрында көптеген кітаптары жарық көріп, оқырманның ыстық ықыласына бөленіп жүр, сонымен қатар оқушылардың сырлас досына айналарына сенімдімін.
Жүргізуші:Ауызша журналымыз 8 беттен тұрады.
1-ші бет. Жеті санының қасиеттілігі.
Айтқали Дана: Қазақ жеті санын қасиетті деп есептеген.
Ата-бабамыз қоршаған ортаны, табиғат жаратылысын, пендеге қатысты құбылыстарды жік-жікке бөліп әрқайсысына ат беріп, ен тағып кеткен. Бабадан қалған бағзы сырды ұмытпайық.
2-ші бет. Көңіл, пейіл, ниет.
Көпжасар Нұрай: Көңіл, пейіл, ниет деген сөздердің астарында көп мән жатыр.
Пейілі кең, ниеті түзу адамдардың артында жақсы сөзбен із қалады. Үлкенді сыйлап кішіге үлгі болып жүрсең алғыстан басқа ештеңе айтылмайды.
3-ші бет. Қонақтың түрлері.
Жексенбай Нұрай. Қонақжайлық- ұлтымыздың сүйегіне сіңіп, сүтіне енген ұлы дәстүрінің бірі. Осы дәстүрдің алтын желісі өзіміздің қолымызда. Қонақ көптеген түрлерге бөлінеді. Қыдырма қонақ,құдайы қонақ, арнайы қонақ, қылқыма қонақ. Қазақтар үшін қонақтың аты қонақ.
4-ші бет. Қарыз, қарызды өтеу парыз.
Айшуақ Серік. Ең үлкен қарыз- уәде мен сенім деп білемін. Біреуге, уәде-қарыз. Уақытында орындамасаң сенімнен айырыласың. Қадірің қашады, қадірің қашса азаматтық бейнеңе нұсқан келеі. Көптің ортасында бетіңе шіркеу жамылады.
Біреуге айтқан жылы сөзіңде қарыз, кейде өтеуін тосасың.
5-ші бет. Ерте дәуірден бері мал халқымыздың негізгі тіршілік көзі.
Жеменей Азамат. Мал баққан, өрісін тапқан қазақ ірілі-ұсақты жандығын төрт түлік деп есептеп әрқайсысының иесі, піріне ат берген. Төрт түліктің жасына, бойдақтығына, төлдегеніне байланысты атаулары бар.
Халқымыз- малдың қадір-қасиетін жете білген, тіпті оның психологиясын да үздік меңгерген. Мал баққанға бітеді
6-шы бет. Жақсы мінез- түгенбес байлығың,
Жаман мінез- ғұмырлық азабың.
Шоқан Әзиза. Мінездің адамына қарай алуан түрі болады. Бесік пен көрдің, есік пен төрдің арасында пенде шіркін кіммен кездеспейді, дәмдес, сапарлас болмайды, қаншама мінезбен жолықпайды десеңші!
Жақсының жүзі жақсы жарқылдаған,
Жақсыдан еш сыр қалмас айтылмаған.
Сұңқарға жұмыртқасын шайқатсаң да,
Қарғадан қарға туар қаңқылдаған.
Осы бір шумақ өлеңнің өзінде талай-талай сыр жатыр.
7-ші бет. Сөз деген ұлы құдірет.
Айбол Аягөз. Дүниенің алғашқы бастауы сөз. Біреудің жұлдызы жанса, біреудің жұлдызы сөнетіні сияқты, сөз сөзге жарыған да, көлеңкесін детүсіріп тұрады. Демек, сөзден қорқыңдар, оны абайлап, аялап, орнымен пайдаланыңдар. Сөз- адамның ақыл-ойының, көзқарас көкжиегінің, парасат-пайымының дыбысталу түрі. Жақсы сөз-бұлттан шыққан күндей боп көңілді жадыратады. Жаман сөз- жаныңа мұң құйып, қабырғаңды бір-бірлеп сөгеді.
8-ші бет. Дін- ұлы сенім.
Аманғали Ақбаян. Діннің жаманы жоқ. Бәрі де имандылық жолы. Құдайға жетелейтін шынайы соқпақ. Дін өтірік айтпа. Ұрлық жасама, қиянатқа барма,
Біреудің ала жібін аттама, бойыңды таза ұста, ата-анаңды сыйла, кішіге қамқор бол, о дүниелегіңді ойла дейді.Дін деген бұл ұлы сенім. Ал, сенімдегеніміз-адамзаттың тірегі.
Жүргізуші:Аталардан қалған ақ бата.
Нұрболат Қылыш. Бабалар алтын жағалы болсын!
Ұл мен қыз бақытты болсын
Кешер ғұмыр жақсы болсын.
Бірдің басы екеу болсын,
Жұптың басы жетеу болсын.
Жетеу болған жетпісболсын,
Жетпіс болған көп күш болсын!
Ағайын арасын бәлекет бөлмесін,
Елге нәубет, әлемет келмесін.
Осы ақ батамды,
Көктегі хақ Тәңір, әулие-әмбиелер мен
Ғайып ерен қырық шілтен қолдасын!
Алла- тағаланың құлағына шалынсын!
Әумин!
Қорытынды.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі Д.Матайқызының «Айналайындарым, менің»атты кітабы бойынша ұйымдастырылып отырған ауызша журналымыз аяқталды. Ел сыйлаған қадірлі ана, өмір өткелдеріндегі алуан жайттарды, халқымыздың салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде қағазға түсіріп жүрген апамыздың туындылары әлі талай буынның қажетіне жарар деген ойдамыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.