Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ағылшын тілі пәнін 1 сыныпта оқыту. -

Ағылшын тілі пәнін 1 сыныпта оқыту.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3123 | Размер: | Автор: гость
. Ағылшын тілі пәнін 1 сыныпта оқыту.
Түркістан қалалық білім бөлімі
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі
ағылшын тілі пән мұғалімі
Ахмедов Мухаммадамин

«ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады,
баланы ересек өмірге дайындайды.
Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды»
С.Л.Рубинштейн
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару – оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекемелерінің алдында күрделі міндет тұр. Ол – оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен ойындырды барынша қолдануда. Әсіресе 1 сынып оқушыларына сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды. 5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болып табылады, сондықтан ағылшын тілін үйрету үшін мұғалім осы факторды ескере отырып әртүрлі ойындарды пайдалану керек. Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сөздерді, сөз тіркестерін үйрете алады. 7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әртүрлі тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп, ойналған кзде ғана нәтижелі болады.
Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т.б. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Негізгі рөл оқушының ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады. Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық , биқарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға,өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.
Осы бағытта Ш.А.Амонашвили мектептегі әрбір күн, әрбір сабақ мұғалім тарапынан оқушыға сыйлық болуы керек. Әрбір оқушының мұғалімімен тілдесуі бала бойына қуаныш пен өмірге құлшыныс беруі тиіс деген. Сондықтан да әрбір ағылшын тілі сабақтары қызығушылықты оятуы қажет. Яғни, мұғалім оқушыларға жымиып, оқушыларман жылы амандасып, хал жағдайларын сұрап, 45 минут ішінде оқушыларды өзіне тарта білуі керек.
Ойын- әрекеттің қажетті түрі арқылы оқушының жинақталған өмірлік тәжірибесі көрінеді, қоршаған ортаға деген көзқарастары терендейді және бекітіледі, оларға қажетті табысты еңбек әрекеттері мен дағдылану, ұйымдастырушылық қабілет тәрбиеленеді.
Ойын-мұғалім әрекеті тарапынан , бақылау мен бағалаудан тыс еркін тәртіп ережелерінен тұратын қызмет түрі.
Ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:
Әліпбиді дұрыс меңгерту;
Орфографияны дұрыс оқыту;
Оқу дағдысын қалыптасыру;
Лексиканы меңгерту;
Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттерім:
-ағылшын тілі сабақтарында ойын элементтерімен танысу;
-ағылшын тілі 1сынып бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау;
-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;
-өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;
-оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;
-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Егер ағылшын тілі сабағында
- ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
- уақытты тиімді пайдаланса;
- тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,
онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады
Күтілетін нәтиже:
-сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады.
-оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.
-ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.
-оқушылардың ойлау қабілеттері айқындалады, сөйлеу тілін қалыптастырады.
Балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ.
1. «Алфавит» (“Alphabet”) ойыны
Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптерін іліп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.
2. «Ойлан, тап» (“Think and find”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.
Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі затты табуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.
Мысалы: «Toy Shop», «Colours», «Animals and Birds» тақырыптарында ойындың маңызы зор, қай оқушының тақырыпты меңгере алмағанын және қай жерден үнемі қате жіберетінін оңай аңғаруға болады. Сондай-ақ үзіліс кезінде білмейтін оқушыларға білетін оқушылардың түсіндіріп, үйретіп жатқанын көруге болады.
Өзім қызмет ететін Түрістан қаласы М.Әуезов атындағы орта мектепте 2013-2014 оқу жылынан бастап 1 сыныптан бастап ағылшын тілі пәні қосылды. Мектепте 1а,ә б, в,г,д,е сыныптары бар. Оқушыларда пәнге деген қызығушылығын оятатын «Алматы кітап» баспасынан шыққан оқулық және дәптері бар. Сонымен бірге әр сабақта өтілетін жаңа әріптерді қайталату үшін CD форматтағы электрон оқулықтар бар. Оның ішінде әндер, тақпақтар, диалогтар құрастырылған. Оқушы осыны тыңдау арқылы жаңа тақырыпты түсінеді. Өзім сабақ беретін бірінші сынып оқушылары сабаққа қызығушылықпен қатысады, оқушылары тәртіпті, мұғалімнің берген тапсырмасын бұлжытпай орындайды. Бұл сыныпта 12.02.2016 күні «My favourite toys» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар сабаққа белсене араласып, өтілген сөздерді естеріне түсіріп қазақ, ағылшын тілінде айтты. Жаңа тақырыпты оқушылар қызығушылықпен орындады. Өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы сурет салып, ойыншықтар туралы жаңа сөздер мұғалімге мүдірмей оқып берді. Бұл оқушыларда ағылшын тіліне деген ынтасы бар екенін көрсетті. Сабақ өте қызықты, тартымды өтті. Сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Сабақ қорытындыланып оқушылар түгел бағаланды.
Төменде 1 сыныпта өткізген ашық сабақ үлгісі.
Class: 1v
The theme: My favourite toy
Aims of the lesson: To learn new words, to develop pupil’s logical thinking,speaking,listening and writing letters Dd, Ee, then pronounce words.
The type of the lesson: new technological way of teaching.
The methods of the lesson: question-answer, interactive methods
Visual aids: a book, toys, an interactive board etc.
The procedure of the lesson
I.Organization moment.
T:-Good morning pupils!
P:-Good morning, good morning!
Good morning to you.
Good morning dear teacher.
We are glad to see you.
Sit down. OK. Let’s begin our lesson.
a)Conversation with a pupil on duty.
-Who is on duty today?
-Who is absent?
b)Checking up the home task.
-What was your home task for today?
-Who wants to say me?
-Our home task to learn the letters Bb, Cc and to learn by heart new words.
II.Warm-up
Тeacher: Pupils, listen to the a poem in Kazakh. What about a poem?
Сәби шақта ойнадым
Қызыққа мен тоймадым
Кей-кезде оны қызықтап
Есіме ап қоямын
Бәрі қазір тізіліп
Ұқыппенен жиналған
Сабақтан бос кезімде
Олармен мен ойнаймын
Pupils: – Ойыншықтар.
Teacher: -Who wants translate into Englishойыншықтар?
Pupils: -Toys.
III.New lesson.
Track 33
D, d, d [d] duck
E, e, e [e] egg
Learn the new letters and new words. Listen.
IV.New words
Duck- үйрекFavourite- сүйікті
Egg- жұмыртқа Doll-қуыршақ
Dog – ит elephant-піл
Toy-oйыншық
Dd is for duck
Ee is for egg
T: Pupils answer my questions
-Madina, what is your favourite toy?
-My favourite toy a doll
-Zhiger, what is your favourite toy?
-My favourite toy a duck
T: Right you are. Very good.
V.Learn the rhyme
I like toys
Cars and balls
Bears and dolls are
My favourite toys
VI.Working with copybook
Ex.1 Draw your favourite toy. Talk about it.
VII.Phonetical exercises.
Hands on the table Hands behind the back
Hands on the hips Hands up and down
Hands on the shoulders And sit down
Hands like this
T: Let’s do some exercises.Pupils, you must draw the favourite toys.
T:Pupils, look at the blackboard. Read and match.
Write the letters. Say the words.
VIII.Conclusion of the lesson.Solve the riddles. A poem about the toys.
1.Екі аяғы да жоқ
Белінде таяғы да жоқ (жұмыртқа-egg)
Who knows? Who wants translate in to English “жұмыртқа”?
2.Көлде жүрген көп сиыр
Жетіп барсаң жоқ сиыр (үйрек-duck)
3.Ойыншығым піл екен
Мұрны ұзын біл оны
Өзімеде ұнайды
Маңғаз оның жүрісі
4.Ойыншығым қуыршақ
Не берсем де жемейді
Еркелігі соншама
Көтермесем жүрмейді
5.Добым-добым домалақ
Тоқтамайсың домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тарелканы сындырдың
Тұрмын сені тепкім кеп
T: Very good. Sit down. You work hard today.
IX.Giving homework.To learn by heart new words.
X.Marks
Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады. Мен сабақта қолданған әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның тәрбиелік маңызын түсінуге тырысамын. Оқушыларға сұрақты қысқа, түсінікті етіп қоямын, ойын үдерісінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрлерін кезектестіріп отырамын
Қорытындылай келе, дидактикалық ойындар оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді

Әдебиеттер тізімі:
1. Рақымжанова С.Қ. «Шетел тілін оқыту әдістемесі», 2007ж, №5.–78 б.
2. Сақтағанова М.С., Алиева Н.Қ., Айтбаева Н.Қ. « Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, №3, 2006ж. 43-бет.
3. Педагогикалық ізденіс. /Құраст. И.Н. Баженова. – Алматы: Рауан, 1990 – 574 б.
4. Merry English Poems and Plays \ Ж.Ж Жалалол\ Кухи нур 1990
5. www/bilimdiler/ kz Ағылшын тілі сабағында ойналатын қызықты ойындар
Жарияланды 29-11-2014, 11:06 Категориясы: Ағылшын тілі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.