Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін пайдалану -

Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін пайдалану

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1467 | Размер: | Автор: гость
. Минасилова Назыгуль Айдаровна,
№25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін пайдалану
Summary: In English lesson I used types of games

Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйренуге ынтасын арттырады. Шетел тілі пәні оқушылардың жан-жақты дамып жетілуіне, дүниеге көзқарасының, санас-сезімінің, рухани және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруына игі әсер етеді. Шетел тілін оқып үйрену барысында оқушылар өз сөзін жоспарлай білуге икемделеді, сөз әдептерін дұрыс пайдалануға дағдыланады. Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс-әрекеттерінің бірі – ойын. Ойын түрлері дұрыс қолданып өткізілген сабақта оқушының тілді үйренуге ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Ойын жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтауға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Оқушының танымдық қызығушылығы екі түрлі жолмен: бірі – дамыта оқыту, екіншісі – тәрбиелік қызмет арқылы қалыптасады.
Оқыту поцесінің әр түрлі саласында ойын түрлері де танымдық мақсатты көздей отырып, оқушының жас ерекшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады
1. Ойлау процесіне, миына көп салмақ түсіруден.
2. Сабақты бірыңғай, бірсарынды жүргізуден.
3. Жазба жұмыстарын мөлшерден тыс жиі жүргізуден.
4. Нашар оқитын оқушыға көбірек көңіл бөліп, сабақты созып жіберуден.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жүмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Ойынға қолданылатын материалдар, қажетті-ау деген үлгілер, суреттер жинақталып сұрыпталады. Егер ойын алғаш рет өтілетін болса, материалдар қатты қағазға желімделгені дұрыс. Ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
1. Алфавитті дұрыс меңгерту.
2. Орфографияны дұрыс оқыту.
3. Лексиканы меңгерту
4. Оқушының дұрыс жазу, дұрыс айту, білу дағдыларын қалыптастыру.
Ойынның өтілу барысында мұғалім басқарушы емес – байқаушы кейде бір ойнаушы рөлінде болады. Тілдік проблемалар болып қалған жағдайда мұғалім көмекке келеді. Қателер, кейбір көңіл аударар ерекше жайттарды не мұғалім, не ойынды басқарып отырған оқушы жазып отырады, бірақ оларды сабақ үстінде түзетуге болмайды.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың жаңа сөздерді еске сақтауға, лексикалық сөз қорын байытуға, оларды ойландыру, іздену, өз бетінше еңбектеніп оқуға баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
«Адасқан сөздер»
1. Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріліп, сол сөздерді орны-орнына қойып, сөйлем құрастыру: there/two/boys/swimming/were/saw/a/swimming pool/He
2. «Сөздердің антонимін тап».
Black-white Old-young Big-small Strong-weak
Good-bad Fast-slow Sly-naive

3. «Ақырғы әріпке сөз құру». Blue - eat – take - …
4. «Мектепке тез жинал!» Оқу құралдарын: кітап, дәптер, қалам, қарындаш,сызғыш т.б аударып, сумкаға салу.
5. «Кім көпірден құламай өтеді?» ойыны. Оқушы әр қадам аттаған сайын сөздерді аударса, көпірден өтеді
6. «Кім тез?» Оқушы бір әріпті атайды. Келесі оқушы алфавиттік рет бойынша келесі әріпті атау керек. Қателескен оқушы ойыннан шығады. Бірде-бір қате жібермеген оқушы жеңеді.
7. «Полиглот». Аталған сөздердің қазқша, орысша баламаларын тап.
8. «Сөзжасам түрлерін тап».
Answer to answer
Hand to hand
Order to order
Smoke to smoke
9. «Әңгіме құра». Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрастыру.
Who is this?
What is this boy?
Is this good or bad?
Ойын соңынан оқушылармен бірге олардың пікірі, көзқарасы, т.б талданады, баға беріледі. Ойын кезінде жазылып алынған кесте бойынша қателер түзетіледі. Ойынды дұрыс ұйымдастыру оның нәтижелі болуының басты себебі екенін есте ұстау ләзім. Оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөздерді меңгеруге ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Шетел тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар оқушылардың таным-түйсігіне жағымды әсер етіп, алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді.
Оқушылардың ағылшын тілі сабағында қызығушылығын арттыру үшін әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуіне, оның ойын түрінде тартымды, қызықты өткізілуіне әрбір пән мұғалімі мұқият дайындықпен келу керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.