.
.
Қазыбай Салима, Ағылшын тілі сабағында жобалау-бағдарлау технологиясы арқылы тұлға-тұлғалық қатынастарды дамыту
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1784 | Размер: | Автор: гостьБ.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі
ОҚО, Ордабасы ауданы
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында жобалау-бағдарлау технологиясы арқылы тұлға-тұлғалық қатынастарды дамыту
Шетел тілі пәнінің оқыту мақсаты - ортадан жоғары деңгей бойынша шет тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға тілдік қатынасты игерту. Шетел тілі пәндері басқа да жалпы білім беретін пәндер сияқты тәрбиелік, білімдік басқа да маңызды міндеттер атқарады. Оқушыларға шет тілінде оқуды, жазуды, сөйлеуді, бір тілден екінші тілге аударуды үйреткенде, біз оларға басқа халықтың мәдениетіне жол ашамыз, яғни басқа халықтармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туады. Жалпы орта білім беретін білім алу мекемелерінің басты міндеті - білімді, дарынды, тәрбиелі және бәсекеге қабілетті, қарқынды дамып жатқан ортада өмір сүруге бейім, өз мүддесін, сол сияқты қоғам мүддесін қорғауға дайын тұлға қалыптастру болып табылады. Білім алу мекемесінің мықты білім деңгейін меңгеру, өзінің қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болу, қоғамдық өмірге бейімделу ынтасы зор. Білім алу мекемесі дегеніміз уақытында кешенді тәрбие жұмысын қамтамасыз етуге міндетті. Нарық талабы Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесін реформалауды, оның басқару жүйесін модернизациялауды талап етеді. Бұл жерде шешімін таппай жатқан көптеген ғылыми-теориялық және тәжірибелік міндеттер. Қазіргі жағдайда жеке тұлғаның өздігінен әрекет етуі мен субъективтілігінің басым болуы білім парадигмасының шеңберінен шығуды талап етеді. Осыған байланысты білім алушы үшін білім, білік, дағдыны мақсатты меңгеруден өзінің мүмкіндігін пайдалану мен қоғам өміріне белсене араласуы үшін ақпаратты өздігінен іздеу, талдау, тиімді қолдану біліктілігін дамытуға ерекше назар аудару қажеттігі туындайды.
Шетел тілдерін оқытудағы ерекшеліктер оқу мерзімінен, мамандық түрінен, әр түрлі факультативтік, тереңдетілген, кәсіби бағдарлы курстарынан көрінеді. Шетел тілдерін оқыту барысында кәсіби саралап оқытудың объективті және субъективті себептері болуы мүмкін.
Бағдарлы мектепте берілетін білім мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына және тілді білу дайындығының дәрежесіне байланысты құрылады. Сондай-ақ әр тақырыпты өткенде пәнаралық байланыс (тарих пәні, өнер туындылары: кино, спектакль, сурет, архитектура, т.б.) ескертіледі.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мен қазір өз іс-тәжірибемде жобалау-бағдарлау технологиясын қолданып, қызмет етіп келемін. Бұл технология XXI ғасыр сұранысына ие болған ең ұтымды, ең тиімді инновациялық технологиялардың бірі.
Ағылшын тілі, қазақ тілі мен информатика, әдебиет пен тарих пәндерінің сабақтастығы, пәнаралық интеграция ұстанымы оқушылардың білім сапасының көтерілуіне және оқушылар шығармашылығының арта түскеніне әкелді. Басқа пәндермен ықпалдастығы оқушының интеллектуалдық-танымдық, іскерлік сапаларын, шығармашылық әрекетін, қарым-қатынастық біліктілігін, әлеуметтенуге бейімділігін, эстетикалық, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға септігін тигізді.
Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарын, зерттеу жұмыстарын жетістікті орындауға бағытталғандықтан, оқушылардың тұлға-тұлғалық қарым-қатынас жасауы және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстануы, оқу процесінің тиімділігіне әкелді. Шығармашылық ұстанымы практикада оқушылардың жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырды, олардың шығармашылық қабілеттері дамып, жетілуі жалғасуда. Қазақ мектебінде ағылшын тілін оқытуда қолданылатын жобалау-бағдарлау технологиясы – бұл модульдік-ақпараттық-рефлексиялық технологияны оқыту үрдісіне бейімдеп, сіңдіріп, жетілдіруден кейін жүзеге асатын технология екеніне тұжырым жасадым. Алдымен осы әдісті теориялық жағынан оқып, білімімді толықтырып, жинақтап, қазір практикада қолданып келемін.
Жобалау-бағдарлау технологиясы – білімнің тиімділігі мен сапасын оқыту үрдісінде тиімді ұйымдастырумен бірге ақпараттық, зерттеулік, шығармашылық, тәжірибе-бағдарлық жобаларды сапалы түрде жасап, ақпараттық көздерді кеңінен қолдана білуден тұрады. Жалпы әлемдік педагогикада осы технология ешкімге жаңалық емес, барлық елде, әртүрлі салаларда жобалау технологиясын қолдану кең тараған. Жобалау технологиясының негізін салушы американдық философ-педагог Джорж Дьюи. Жоба – «іс-әрекет жасау арқылы оқыту» деген ұғымды білдіреді. Жобалау – бағдарлау технологиясының негізінде оқыту моделі – бұл оқушы тұлғасының бағытталған, жоспарланған оқытудың түрі. Әрине бұл модель оқушы тұлғасының болашағына, өмірден алған тәжірибесі мен мәселелердің сабақтастығына бағытталған. Сондықтан болар осы технологияның «Барлығы өмірден және барлығы өмірге» деген ұраны интерактивтік, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы жобалау әдісімен таным үрдісінде зерттеулер жүргізіп, қоршаған ортаны зертхана ретінде қолданып, қорытынды шығаруға жетелейтін технология. Жобалау сабақтарының негізгі мақсаты – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, тұлғалыққа бағыттау.
Мақсаты:
Оқушыларды өздігінен іздену-зерттеутәжірибесіне жұмылдыру үшін қажетті жағдайларды жасау.
Баланы оқыта отырып жалпы дамыту оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, тұлғалыққа бағыттау.
Білім үрдісінің барлық қатысушыларын: оқушылар мен ата-аналарды, мұғалімдерді, әкімшілікті біріктіру.
Жобалау әдісі бойынша оқытудың сипаттамалары
1. Өзектілік. Оқушылардың дамуын қамтамасыздандыру үшін өзектілік жинақтық жобаларға олардың белсенді түрде қатысуларына негізделеді.
2. Тапсырмалар мен талаптар оқушыларды күрделі міндеттерді орындауға ынталандырады.
3. Оқытудың қызықтыру сипаты. Білім беру барысында оқушылардың «оқимын» деген ішкі қалауы, маңызды жұмыс жасау қабілеті және жасалған жұмыстардың бағалануы.
4. Оқытудың пәнаралық сипаты. Оқушылар өз жобаларында әртүрлі пәндермен өзара байланысқан тапсырмаларды орындауы.
5. Шындығы мен растығы
6. Өзара жұмыс жасауға ынталығы
7. Позитивтік ынта
Оқыту, зерттеу үрдісінде мұғалім мен оқушының рөлі неде?
Мұғалім:
Мақсат, міндет қояды
Оқушымен бірлесіп, мәселе қалыптастырады
Идеялар ұсынады
Берілген шаблон бойынша жобаны суреттейді
Кеңес беруші, сарапшы, менеджер рөлін атқарады, оқушылардың іс-әрекет жетістіктерін және шығарған қорытындыларын бағалайды, әртүрлі сайыстарға жобаларды ұсынады.
Оқушы:
Мәселені талқылайды
Міндеттерді қалыптастырады
Жоспарлайды
Қажетті ақпаратты таңдап, жинайды
Зерттеу әдістерін іздестіреді
Өздігінен жинаған мәліметтерін талдайды
Аралық қорытындыларды талқылайды
Мультимедиялық презентация, фильм, шығармашылық есеп жасап қорғайды
Жобалардың классификациясы:
Оқушылар санына байланысты жоба жеке немесе топтық болады
Оқу пәні мен мазмұнына байланысты бірпәндік немесе пәнаралық болады
Қатысушылар құрамына байланысты әртүрлі жастағы оқушылар, жалпымектептік, мектепаралық, халықаралық болады
Жоба қысқа, орта, ұзақ мерзімді болып бөлінеді
Қысқа мерзімді жобалар мерзімі – 1 апта
Орта мерзімді жобалар – 1-4 апта
Ұзақ мерзімді жобалар – 4 аптадан 1 жылға дейін
Жоба жұмысының қорытындысы – жазбаша немесе ауызша есеп, мультимедиялық презентация, фильм, қойылым.
Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін мәселені көре білу қажет. Мәселе деп күрделі сауалдарды, міндеттерді, зерттеу кезінде кездескен қиыншылықтардың өз шешімін табуын алуға болады. Жобалар тақырыбы әртүрлі болады, ол мәселенің өзіндік түр-сипатын бейнелейді. Мысалы, «Ауыл» тақырыбындағы жоба бойынша төмендегі мәліметтерді жинақтауға болады: а) Ауыл туралы тарихи мәліметтер ә) Ауылда тұратын мамандық иелері б) Ауылдың атақты адамдары в) Ауылдың көрікті жерлері г) Болашақтағы ауыл келбеті
Жоба келесі бағыттарда жұмыс істейтін эксперт тобы құрастырылуы мүмкін:
1. Тарихшылар тобы (ауылдың бұрынғы тұрғындарының естеліктері)
2. Социологиялық топ (социологиялық сұрау жүргізу, сауалнама нәтижелерін талдау
3. Экологиялық топ (ауылдың экологиялық деңгейін зерттеу)
4. Компьютерлік графика тобы (ауылды көріктендіру үлгісін жасау)
5. Экономистер тобы (көріктендіруге альтернативті қаражат көздерін іздестіру)
Берілетін тапсырмалар:
1. Ауылдың экологиясы бойынша мәліметтер жинақтау
2. Табиғатты қорғау тақырыбына материалдар жинау
3. Менің табиғатты қорғауға қосқан үлесім, тақырыбына баяндама жасау
Нәтижеде:
1. Ауылдың экологиясы бойынша мәліметтер жинақтау
2. Социологиялық сұрау: сауалнама жүргізу, ауылдың экологиясы туралы ауыл тұрғындарының пікірі (бейнематериалдар) оқушылар сауалнамасының қорытындысын шығару, талдау.
3. Ауылды көркейту есебімен жасалған шағын-ауданның компьютерлік моделі
4. Ауданның экологиялық жағдайын көріктендіруге қажетті қаражат көздерін анықтау.
• Өздік жұмыстың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып мынадай қорытындылар жасауға болады:
• шетел тілін оқытуда өздік жұмыс ретінде жоба әдісі оқушының ізденуші, зерттеуші әрекеттерін қамтып, оқудың сапасын көтереді;
• шетел тілін оқытуда баланың жобаға қатысушы ретінде әрекет етуі шынайы өмір жағдайларында іске асады;
• оқытуды ұйымдастыруда оқушының интеллектуалды, шығармашылық, коммуникативтік қабілеттерін дамытады;
• топ арасында көшбасшы болуға жетелейді;
• топпен жұмыс жасауда жауапкершілігін арттырады;
• топпен бірлестік, шығармашылық жұмысы артады;
• жұмыс барысында жоспарлауға дағдыландырады;
• баланың шыдамдылық қасиетін қалыптастырады;
• бірлескен жұмыстар жігер береді;
• оқу сапасын көтерумен қатар нақты іс-әрекет етуге үйретеді;
• сөздік қоры молайып, шетел тілінде сөйлеуде тілдік мәдениетке үйренеді;
• өз бетімен жұмыс жасауда қабілеттері ашылады;
• түрлі сөз үлгілерін қолдана отырып, сөйлемдерді, айтатын ойын жеткізуге үйренеді.
Сабақты түрлендіріп өткізу, білім берудің нәтижелігі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты және де үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Сөз соңында айтарым, егер мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт, рухани азық беріп, іздену-зерттеу жұмыстарымен, шығармашылыққа жетелесе, жақсы оқытса, оқушылар да жан-жақты, білімді дара тұлға болып қалыптасады. Тек осылай ғана әрбір технологияның тиімділігі анықталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.