Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты -

Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3683 | Размер: | Автор: гость
. Жамбыл обылысы Байзақ ауданы Сыдық Абланов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жүнісова Аңсаған Қайратқызы, Жетекшісі Джуздикбаева Хафуза Ускенбаевна
Тақырыбы: Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты
Жоспар
I.Кіріспе
а) Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
II.Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі
III.Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары.
IV.Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжісі
1.Адамға қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі
2.Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі.
3.Үй-жайға,отбасына қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі
4.Гендерлік қатынастарға байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі
5.Уақыт өлшеміне қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі
6.Тілге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі
7.Еңбекке қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі
8.Қонаққа қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі
9.Ақша,қаражатқа байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі
10.Өнер-білімге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі
11.Өмір мен өлімге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі
12.Табиғатқа,жан-жануарларға қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі

V.Қорытынды.

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республтканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі коммуникацияда қолданылу иқтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын-қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тілі ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал, шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер- фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер. Оның себебін тілдің фразеологиялық, паремиологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасын жете түсінбей, тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырып аудару әртүрлі келеңсіз жағдайларға, «сәтсіздіктерге» ұшыратуы әбден мүмкін. Сондықтан мақал-мәтелдердің тіларалық семантикасын салыстыра зерттей отырып, ондағы жалпы адамзаттық, жалпыхалықтық мәнділіктер мен заңдылықтарды және этностық ерекшеліктерді, сондай-ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да аса өзекті мәселелер қатарына жатады.
Мақал-мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың басқа тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері А.Байтұрсынов,І. Кеңесбаев, Р.Сәрсенбаев, Б.Адамбаев, Ә.Донбаева, Д.Бегалықызының, Ғ.Мұсабаев, М.Рабдуллин т.б жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В.В.Виноградов. Н.Н.Амосова, М.Т.Тагиев, Н.М.Шанский, Г.Л.Пермяков, Л.А.Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен, белгілі. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар-Н:Барли, А.Дундәс, А.Қоикман, М.Куузи, Г.Мильнер, А.Тәйлер, Линда және Роджер Флавәлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алынды.
Дегенмен, халықтық ұғым-түсініктер мен рухани, мәдени құндылықтардан мол мағлұмат беретін қазақ және ағылшын тілдеріндегі аталмыш бейнелі тізбектер халықаралық, экономикалық, саларалық байланыстар кең өріс алған осы кезеңге дейін салғастырыла зерттелмей келді.
«Ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес, қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерің тек тілдік емес, этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру бірлік астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан да өзекті мәселе қатарына жатады.
Сондай-ақ, этнолингвистика мен лингвомәдениеттану малаларының жалпы тіл білімінде дербес пән болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдерді тілдің «таза» ішкі жүйесі тұрғысынан қарағаннан гөрі, олардың тіл мен мәдениеті алшақ жатқан басқа халықтардың тілдік бірліктерімен салыстыра зерттеу арқылы олардың семантикалық құрылымындағы ерекшеліктері мен ұлттық сипатты айқындау аса маңызды болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып,олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді: - зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық,әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;
-қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастық пен айырма белгілерін айқындау үшін прецедентті мәтіндерді сұрыптап талдау; -тілдік бірліктердің мағына межесіндегі сәйкестіктері мен айырмашылықтарын анықтау,олардың себебін айқындау.
Мақал-мәтелдер- сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтелретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдеріндегі зерттеулеріне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В.Виноградов, Н.М.Шанский, В.Н.Телия, М.Чернышева, М.М.Копыленко, А.В.Кунин, И.В.Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т.Қайдар, Б.Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайуымдауларымен танымал А.В.Кунин де жоғарыда айтылғанғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды «коммунативтік фразеологиялық бірліктер» деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, «all is well, that ends well» (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), «Appearances are deceptive» (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, «фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар» аясында қарастырды.
Осы жоғарыды айтылған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар-М.А.Филипповская, Н.Н.Амасова, А.М.Бабкин, В.П.Жуков, М.Т.Тагиев, А.Н.Кожин т.б. Мақал-мәтелдерін фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі олардың ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н.Н.Амосова «мақал-мәтелдердіфразеология қорына жатқызуға болмайды, олардың мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді» деген пікір ұсынады.
Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегімақал-мәтелдердің зерттелуі. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы- XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең-оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым-Ш.Уәлиханов. Ш.Уәлиханов пен Н.Н.Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Ш.Ибрагимов, М.Терентьев,Я.Лютш, А.Е.Алекторов т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.
Халық мұрасын жүзеге келтіру, насихаттауда зор үлес қосқан танымал ғалым-Ә.Диваев. Ғалым жинақталған материалдың барлық нұсқасын толық, қамтуды көздей отырып, өз топтамаларын 1900-1927 жылдар аралығында «Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области», «Этнографические материалы» жинақтарының, «Туркестанские ведомости» газетінің басылымдарында жариялайды.
Қазақ мақал-мәтелдеріне қатысты ерекше орны бар зерттеулердің бірі – Р.Сәрсенбаевтың «Қазақ мақал-мәтелдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясы. Бұл зерттеуінде ғалым мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымын,ерекшеліктері мен жасалу жолдарын жан-жақты талдап таратады. М.Әлімбаевтың «Өрнекті сөз-ортақ қазына» еңбегі аударма мәселесіне арналған. Жұмыста зерттеушінің мақал-мәтелдердің тілде қалыптасу тарихы,тілде қолданылуы,басқа тілге аударылуы жөнінде құнды пікірлері,теориялық және практикалық мәні зор ұсыныстар баяндалады. Еңбектің поэтикалық аудармаға бой ұру басымдылығына қарамастан, бұл-ғылымда өзіндік орны,елеулі үлесі бар еңбек.Сол сияқты Б,Адамбаевтың «Халық даналығы» атты монографиялық еңбегі,Р.Тұрабаеваның, С.Кенжемұратованың,Д.Беғалықызының еңбектері мақал-мәтелдерінің сипатын жан-жақты ашады.
Тіл-тілдегі паремиологиялық жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге арналған жұмыстар қатарының біртіндеп толығып келетіндігі байқалады. Мысалы, А.Нұрмахановтың зерттеуі түрі тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жалпылығы мен кейбір өзгешеліктерін саралауға бағытталса, Э.Мұқышева қазақ және неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен ерекше белгілерін, ұлттық,мәдени компоненттерінін анықтайды. Зерттеу нысаны ретінде алынған тілдік бірліктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қазақ және араб тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жасалу жолдары, типологиялық универсалия және уникалия құбылыстары А.Донбаеваның жұмысына қаралған.
Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның 5 бағытта жүргізіліп келгендігі анықталады: а) тілдік, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс тілдерді салыстыра талдауға; б)әртектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға; в) этнолингвистикалық астарын ашуға; г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.
II Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі
Артына өшпес із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғащқы «A Dialoque Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tonque» атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550,1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe «Bibliotheca Scholastic Instructisshna or6 a Treasure jf Ancient Adagies6 and Sententious Proverbes», 1659 жылы Дж. Хфуельдің «Proverbs», 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің «English Proverbs» атты еңбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың, көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.
Мақал-мәтелдердің шығу төріні, тілде қалыптасуы деген мәселеге келер болсақ, оның күрделілігі де,түпдеректі қалтқысыз табудың қиындығы да түсінікті. Дегенмен, қазақ халқының рухани қазынасын, сөз маржандарын қалыпқа келтіру барысында елеулі еңбек сіңірген Б. Адамбаевтың «Мақал-мәтелдер әуелде аузы дуалы жеке кісінің аузынан шыққанымен, біреуден біреуге, ұрпақтан-ұрпаққа ауыса жүріп өңделген, өзгерген, бүкіл елге тарап, оны халық ақиқат деп таныған қағидаға, тіпті ережеге-заңға айналған» деген ой тұжырымымен толық келісуге болады. Тарихи деректер, ғылыми ізденістердің нәтижелері, танымал ғалымдардың пайымдаулары да жоғарыда айтылған пікірмен өзектес. Себебі, ке-келген сөз-ұрпақтан ұрпаққа жетіп,ақиқат ретінде таныла бермесі хақ. Халықтың дана билері мен шешендерінің қолданысқа енген сөздерінен бірер мысал келтірейік. Майқы би:
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Даналығымен, шешендігімен, жастайынан елді аузына қаратқан Төле би сөздерінің де ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, халық арасында мақал-мәтел ретінде кең қолданыс тапқаны байқалды:
Жаңбыр жаумаса, жер жетім
Басшысы болмас,-ел жетім.
Сондай-ақ, халықтық мақал-мәтелге айналып, жиі қолданылып жүрген «Көпті қорлаған көмусіз қалады» тіркесінің Әйтеке бидің, ал, «Бұлақ көрсең көзін аш» Бәйдібек бидің дуалы аузынан шыққан тілдік бірліктер деген деректер бар, мұндай мысалдарды әрі қарай тізбектеп, қатарын көбейте беруге болады.Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер негізінде қалыптасқан мақал-мәтелдердің де аз еместігі байқалды. Мысалы: Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты , Қайда барсаң да Қорқыттың, көрі т.б.

III Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары:
Тіл біліміндемақал-мәтелдерді топтастырудың бірнеше принципі бар, енді солардың негізгі түрлеріне тоқталайық.
1.Әріптік,әліпбилік (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып тұрғандай,топтастырудың бұл түрінде мақал құрамындағы алғашқы сөздің басқы әрпі негізге алынады. И.С.Гварджаладзенің, Г.Л.Апперсонның, В.С.Смиттің жинақтарында ағылшын мақал-мәтелдері әліпбилік тәсілмен түзілген. Тілдік бірліктерді осы тұрғыдан топтастырудың тиімділігін оның қарапайымдылығымен, қолдануға қолайлығымен, ал кемшілігін басқы әріп негізге алынатындықтан, мағыналас тіркестердің әр басқа топқа саралануымен түсіндіруге болады.
2.Ұйытқысыз арқылы (лексикалық,энциклопедиялық) топтастыру.Зерттеу барысында белгілі паремиологтар А.Жигулиев, М.В.Буковская және бірқатар шетел ғалымдарының осы әдіске зор мән беретіндігі байқалды. Қажет тілдік бірлікті ұйтқы сөзге сүйене отырып, оңай тауып алуға болатындығын аталмыш әдістің ерекшелігі деп танимыз. Ал кемшілігі жоғарыда аталған әдіспен пара-пар, өзара мағыналас мақалдар бөлек, ал. Керісінше, лексемалары бір, мазмұны бөлек түрлері бір топқа енеді.
3. Монографиялық топтастыру.Мұнда мақал-мәтелдер жинақталған уақытына, кезеңіне, таралу аймағына орай жіктелген. «Пословицы, поговорки, загадки в рукописных сборниках XII-XX веков» және «Ақылдың көзі, Ташкент маңы және Сырдария жағалауындағы Қазығұрт пен Қаратау бөктеріндегі ежелден тұратын қазақтардың мақалдары» атты жинақтар монографиялық топтастырудың айқын үлгісі.
4. Генетикалық тұрғыдан топтастыру. Мақал-мәтелдердің шығу төркіні, белгілі бір халыққа, тілге қатыстылығы негізге алынады. М.Брагинскийдің жетекшілігімен жарық көрген «Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері» жинағы осы генетикалық әдіспен түзелген.
5. Тақырыптық (тематикалық)топтастыру.Бұл принцип бойынша мақал-мәтелдер мән мағынасына қарай топтастырылады. Зерттеу барысында көп жағдайда қазақ, мақал-мәтелдерінің осы принциппен топтастырылғандығы байқалды.Топтастырудың бұл принципі мағыналас мақал-мәтелдерді бір топтан оңай тауып алуға болатындығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдер табиғатын арнайы зерттеп жүрген тілші қауымға да аталмыш топтастырудың мәні зор екендігін айтпаса да түсінікті.
6.Инвариантты тақырыптық жұптармен топтастыру.Бұл принцип бойынша, мақал-мәтелдер тобы «жақсы-жаман», «кәрі-жас», «бай-кедей» т.б. деген тақырыптар бойынша жіктеледі Мысалы: «Жақсыға айтсаң ұғар, Жаманға айтсаң күлер» тұлғасының ықшам, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін тілдік орам «Жақсы-жаман» тобына енеді.
7.«Табиғат-Адам-Қоғам» идеографиялық классификация бойынша топтастыру.Академик Ә.Қайдар көп жылдан бергі ізденуі нәтижесінде этнография мен лингвистика ғылымдарында қолданылып жүрген топтастыру принциптерін ескере отырып, қазақ тілінің өзерекшеліктеріне сәйкес, «Табиғат-Адам-Қоғам» деген идеографиялық классификацияны ұсынған еді. Бұл топтастыру бойынша «Табиғат» белгілі төрт тараудан (жануар, өсімдіктер дүниесі, аспан әлемі, т.б ), «Адам» бөлімі (адамның ішкі дүниесі мен сипаты, іс-әрекеті т.б.) он бір тараудан, «Қоғам» бөлімі (қоғамдық қарым-қатынас, шаруашылық, кәсіп т.б.) жиырмадан астам тараудан тұрады. Соңғы аталған принцип ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтетдердің этнолингвистикалық ерекшеліктерін ашуға қолайлы.
IV Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Зерттеу жұмыстарындағы топтастыру үлгілерін негізге ала отырып, мақал-мәтелдер тілдегі қолданысына орай: адамның жеке басына, үйге, діни наным- сенімге, гендерлік қатынасқа, өнер-білімге т.б. қатысты тілдік бірліктер тұрақты тіркестердің негізгі түпдерегі, тілде қалыптасу жолдары, қолдануға даяр тұлғаға айналу себептері анықталды. Тамыры тереңде жатқан тілдік орамдардың этнолингвистикалық астарын ашуда тарих, этнография, психология, елтану т.б. салаларына жинақталған мағлұматтар лингвистикалық деректермен ұштастыра қолданылды.

Адамға қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Зерттеу барысында екі тілде де осы тақырып аясына жататын тіркестердің саны жағынан әлдеқайда көптігі байқалды. Мұның сыры-адамның қоғамдағы шешуші күш екендігінде жатса керек.
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын «Good manners makes a man» (Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Әсіресе, XIVғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талар етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақа-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, If you sit by a worthier man than theyself art ones Suffer him first to touch the meat (Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң,одан үлгі ал, яғни соған карап ас іш)т.б.
«Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас» деген мақал, қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-қатынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне қарамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешім табатын. Балғын жас қыздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі, өгейлігі, нежетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұңын шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.
Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Ағылшын және қазақ тілдерінде наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі «God helps those who help themselves» (өзі көмектескендерге құдай да көмектеседі) тіркесінің шығу төркінін біздің жыл санауымызға дейінгі 570 жылы жазылған «Геракл және күәмеші» атты Эзоптың аңыз әңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпаққа батып тұрып қалған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан, көмекке құдіретті де күшті Гераклді шақырады.Адамның бұл қылығына қатты ашуланған Геракл: «күйменің дооңғалағының артына иығыңды тіреп итер де, өгізіңді алға айда» дейді және алдағы уақытша еш әрекет қылмастан өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVIII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген. Қазіргі уақыттатұрақты қолданысқа ие «God helps those who help themselves» мақалы алғаш рет 1736 жылы Б.Франклиннің «Poor Richard’sAlmanack»атты еңбегінде қолданылды.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде, жаратқан ие, алла тағалаға қатысты мақал-мәтелдерді салғастыра зерттей отырып, олардың семантикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталды. Мақал-мәтелдер арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының, ғасырлар бойға тіршілікте көзі жетіп, көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.

Үй-жайға байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Қай халық болмасын, адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын мақал – мәтелдердің екі тілде де көптен кездесетіндігі байқалды. Мысалы, ағылшындар «My house is my castle» (Өз үйім-өлең төсегім) десе, қазақ халқы «Өз үйім – өлең төсегім» деп, оған бейнелі түрде ерекше сипат береді.
Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған және Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы нормандар басшылығымен байланысты. Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормандар «түнгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек» деген ұйғарымға келіп, батпақтан үй салып, ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған. Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын. Демек, өзге халықтарға тән тарихи қалыптың, дәстүрдің жергілікіті халықтарға сыналап енуі, үйдің ассоциацивті қорғанға балануы «My house is my castle» тәрізді тұрақты тіркестердің қалыптасуына негіз болды деп ойлаймыз.


Гендерлік қатынастарға байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Алам өмірінде отбасының алатын орны ерекше,себебі ол шағын мемлекет іспетті. Осы шағын мемлекетте әйелге артылар жүк те, жауапкершілікте айтарлықтай. Қазақтың құтты босағасында ер адам – отағасы, үйдің қожайыны, алайда, үй ішінің бүкіл тауқыметі , тұрмыс – тіршілігі, бала тәрбиесі, әдеп пен әдет, рухани қарым – қатынас т.б. барлығы әйел адамның құзыретінде. Ағылшын тілінің және қазақ тілінің паремологиялық қорындағы әйелдердің жеке басына қатысты мақал – мәтелдерден әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы мәдени – әлеуметтік орынын айқын аңғаруға болады. Солардың бірнешеуіне тоқталып кетейік: A good wife makes a good husband (Жақсы әйел жаман еркекті би етеді).
Уақыт өлшеміне байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Times a money – Уақыт – ақша.
There is a time for everything – Әр нәрсенің өз уақыты бар.

Тілге байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Good words cost nothing and are worth much – Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесең пышақ қынынан шығады.

Қонаққа қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
A constant guest is never welcome – Бір күнгі қонақ – құт, екі күнгі қонақ-жұт.

Ақша, қаражатқа байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Take care of pense and the pounds will take care of themselves – Береке бір тиыннан.

Өнер-білімге қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Knowledge is power – Білім-күш.

Өмір мен өлімге қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Speak well of the dead – Өлгендер жайлы жақсы айт (Өлі разы болмай, жарлы байымас).

Табиғатқа, жан-жануарларға байланысты мақал-мәтелдерінің этно -лингвистикалық уәжі
Red sky at night,Sherperd is delight: Red sky in the morning6Sherperd is warning – Түңгі қызыл аспан – шопанның қуанышы, таңғы қызыл аспан – шопанның уайымы.

Қорытынды.
Мақал-мәтелдер – халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан,ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерешеленетін тілдік бірліктер болып табылады; мақал көп жағдайда үлгі,өнеге,өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел,сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрінде келіп,көңілдегі ойды емеурін арқылы жеткізеді;
- Ағылшын тіл білімінде мақал мен мәтелдің ара жігі нақты ажыратылмай, біртұтас тұрақты тіркес ретінде өарастрылады;
- Мақал-мәтел өзге тұрақты сөз орамдарына қарағанда,тұлға жағынан ықшам, мазмұны жағынан тұтас, әмбебап болады;
- Мақал-мәтелдердің тұлғасының тұрақтылығы мен тілде бұрыннан «дайын» материал ретінде қолданылатын сипаттары оларды фразеологтзмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мұмкіндік береді;
- Бірқатар қазақ және ағылшан мақал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестіктері байқалады, абсолютті эквивалент, яғни тепе-тең балама түрлері де кездеседі;
- Ағылшын мақалдары көбіне бір сөйлемнен ғана тұрса, қазақ мақалдарының басым көпшілігі екі не бірнеше тармақты болып келеді.Қазақ мақал-мәтелдеріндегі айтылар ойдың басқа бір жағдай не құбылыспен салыстырыла жеткізуін тілдік ерекшеліктер санатына жатқызуға болады;
- Кйбір қазақ мақал-мәтелдерінің түп дерегі қазақ қоғамында қалыптасқан билер институтымен,яғни Майқы, Төое,Әйтеке есімдерімен, Абай,Ыбырай,Жамбыл т.б шығармаларындағы мазмұнды сөзүлгілерімен , қоғам қайраткерлерінің қанатты сөздерімен тығыз байланысты;
- Ағылшын мақал-мәтелдерінің ауқымды тобы қасиетті кітап інжілден, В.Шекспир сынды ағылшын классикалық әдебиетінің ұлы тұлғаларының шығармаларынан бастау алады;
- Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің қайнар көзіне байланысты негізгі айырма мынада: қазақ мақал-мәтелдерінің басым көпшілігі ауызша сөз үлгілері негізінде қалыптасқан, ағылшын мақал-мәтелдерінің көбі қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады, ауызша таралған мақал-мәтелдер жетекші емес;
- Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің құрамында елді-мекендердің, атаулары мен кісі есімдері жиі кездеседі;
- Туыс емес тілдердегі бірқатар мақал-мәтелдердің өзара мағыналас болып келу қазақ және ағылшын халықтарының өмір тәдірибесінің,көзі жетіп, көкейіне түйген ой-тұжырымдарының ұқсастығымен байланысты;
- Тіл-тілдегі мақал-мәтелдер әрбір халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі жөнінде ақпарат көзі, яғни дүниенің тілдік бейнесі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ағылшын-қазақ мақалдарының салыстырмалы сараптамасы // Мир языка. Н.М. Құрманбаевтың 75 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылған «Мышление-Язык-Лингводидактика» атты ғылыми конференция материалдары. Алматы,171-174бб.
2. Ағылшын-қазақ мақалдарының этнолингвистикалық ерекшеліктері// Мир языка. «Аударманың көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары. Алматы,2001. 208-210бб.
3. Қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты// Мир языка. Қазаөстан тәуелсіздігінің 10 жалдығы мен Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 60 жылдығына арналған «Лингвистиканың көкейкесті мәселелері мен шет тілдерін оқытудың әдістемелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы,2001. 187-190бб.
4. Кісі есімдері мен мекен атаулары қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық сипаты// «Тіл әлемі.» М.М.Копыленконы еске алу құрметіне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 2003. 215-218бб.
5. Гендерлік қатынасқа байланысты мақал-мәтелдердегі этнолингвистикалық мотивтер// Тіл тағлымы. Алматы,2003. 215-218бб.
6. Табиғат құбылыстарына байланысты ағылшын және қазақ мақал-мәтелдері// Поиск – ізденіс. Серия гуманитарная. Алматы,2003. 189-191бб.
7. Қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты // Вестник КазНУ им. Аль Фараби. Серия филологическая. Алматы,2003. 207-210бб.

Жүнісова Аңсаған Қайратқызының «Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты» тақырыбына жазған ғылыми жоба жұмысының зерттеу журналы

Р/С Орындаған жұмыс тақырыбы Қайда орындалған Мерзімі
1 Әдебиеттерді іздеу және танысу Кітапханалар 22 қыркүйек 2012ж – 20 қазан 2012ж.
2 Қазақ және ағылшын мақал – мәтелдері туралы деректер жинақтау Кітапханалар, ресурс орталықтары, интернет 26 қазан 2013 ж. – 28 қаңтар 2014 ж.
3 Талдау жасау Мектеп 4 ақпан 2014 ж. – 7 сәуір 2014 ж.
4 Ағылшын тілінде сөйлейтін шет ел волантерімен кездестім. «Rose Kaplan» шет тілдерін оқыту орталығы 11 сәуір 2014ж – 19 мамыр 2014ж
5 Жұмысты талдай отырып сараптау, реттеу, қорытындылау Мектепте 24 мамыр 2014ж – 24 маусым 2014ж
6 Жұмысты сараптау, реттеу және қорытындылау ТарМУ, мектеп 27 маусым 2014 ж – 26 тамыз 2014ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.