Меню
Назад » » »
Аңыз әңгімелер
загрузка...

загрузка...
Жамалова Фарида Климентьевна, №34 А.Чехов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі аңыздар және оның кейіпкерлері туралы түсінік қалыптастыру,танымдық қабілеттерін дамыту. Дамытушылық:Тақырыпты талдау,салыстыру,жіктеу,жинақтау арқылы оқушылардың жүйеліойлау дағдыларын қалыптастыру, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өз ойын еркін еркін жеткізуе білуге баулу.
Тәрбиелік:Өз Отаны мен елін, жерін және оның әдебиеті
мен мәдениетін,тарихын терең оқып үйренуге,адалдық пен
адамгершілікке,бір-бірін тыңдай білуге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ ( деңгейлік тапсырмалар беру арқылы )
Сабақтың әдісі: топқа бөлу,сергіту сәті,сұрақ-жауап,түсіндіру,кері байланыс.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,тірек сызбалар,
бейнефильм.
Сабақтың пәнаралық байланысы:тарих, география.

Күтілетін нәтиже: 1.Аңыздар жайлы біледі.2.Аңыз кейіпкерлерінің ерекшеліктері мен негізгі белгілерін салыстырады.3.Өз ойын еркін жеткізе білуге,қорытынды жасай білуге үйренеді.
4.Талдау жасауға дағдыланады.
5.Әдеби тілмен сөйлеуге,жүйелі баяндауға дағдыланады.
Сабақтың формалары:жеке баламен,жұппен,топпен жұмыс.

№ Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті уақыты

Ресурстар

1 Кіріспе. Ұымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.Оқу құралдарын түгендеу,психологиялық атмосфераны қалыптастыру(Мұғалім оқушыларға үш түсті шарлардың ішінен бірін таңдап алуды ұсынады және оқушыларды сол шарлардың түсіне қарай «Алдар көсе», «Асан қайғы», «Қорқыт ата»топтары болып бөледі.Топ мүшелері шарларды бір-біріне ұшыра отырып қолына түскен шарға ізгі тілектерін жазады). Оқу-құралдарын дайындау.

Топқа бөліну,шарларға тілек жазу, ұшырылған шар ішінен өз шарын тауып алу,әр топтан оқушының қалауы бойынша өзіне арнап жазылған тілектерді оқу. 3мин Оқулық,қосымша материалдар,шарлар.

Топ аттары жазылған кеспе қағаздар
2 Үй жұмысына талдау жұмыстарынжүргізу.Ертегілер және оның түрлері. Тақырыпқа байланысты« Өрмекшінің торы» ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді. 7мин Оқулық,домалақталған тоқыма жіп.
3 Сергіту сәті: « Алдар көсе»фильмінен үзінді көрсету.
Оқушылар фильмді көру арқылы бүгінгі сабақтың кімдер жайлы болатындығын пайымдайды 7мин DVD дискі
4 Аңыздар және оныңерекшелігі жайлы айту. Оқушылар аңыз кейіпкерлері жайлы білетіндерін ортаға салады (Қорқыт ата,Асан қайғы,Жиренше шешен,Қарашаш,Алдар көсе,Қожанасыр ) 5мин Үлестірме
5 Оқушыларға аңыз әңгімелерінің түрлері мен ерекшелігін ұғындыру. Джигсо әдісі бойынша тапсырманы орындайды. Берілген тапсырманы жеке-жеке,жұптасып,топтасып бір-біріне түсіндіреді,постер жасайды және оны қорғайды(Әр топ өз атын қорғайды). 12мин Оқулық, постер,маркер.
6 Аңыз әңгімелердің ерекшелігі туралы ақпаратты қаншалықты меңгергені жайлы мәлімет алу. Жұмыстардың жасалуын, бүгінгі тақырыпты қаншалықты ұққандығын саралау. 3мин Смайликтер.
7 Қорытынды: Тақырыпты түсіну дәрежесін бақылау,бағалау Жиынтық бағалауды пайдаланып, оқушыларды бағалау. 3мин Бағалау парақшалары
8 Үйге тапсырма: Аңыз әңгімелер.Өздерің тұрған жеріңе,сол жердің атақты адамдарына байланысты туған аңыздарды біліп келуді тапсырамын. Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу 2мин Оқулық,жұмыс дәптері, күнделік,
9 Кері байланыс «Екі жұлдыз бір тілек» Өтілген тақырып бойынша өз пікірлерін жазады 3мин Стикер, «Білім ағашы»

Түйіндеме

Қазақстан Республикасы ОҚО
Мақтарал ауданы Мақталы селолық
округі Ордабасы көшесі №36 үй
Телефон: 8 725 42 44 5 0
Моб.8 702 346 86 61
8 777 558 62 27
Электронды почта:Zamflova 1962mail.ru

Жамалова Фарида Климентқызы

Туылған жері айы күні: 03.02.1962ж.Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтарал ауданы Мақталы ауылы

Отбасылық жағдайы: Отбасылы

Білімі: Жоғары ШПИ 1987 қ азақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі

Тіл білуі: қазақ тілі (туған тілі) орыс тілі(еркін)

Еңбек өтілі: 32 жыл

Жеке қасиеттері: Өз ісіне тиянақты,жауапкершілігі мол,
тіл табысқыш,балалардың жүрегіне жол таба біледі, ұжымда өзіндік орны бар

Мақсаты: Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баланың пәнге деген

қызығушылығын арттыру Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Аңыз әңгімелер можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 605 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar