Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай аудармалары -

Абай аудармалары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3665 | Размер: | Автор: гость
. Алғабас жалпы орта мектебінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сейсенбаева Гүлжазира Оспанбекқызы
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 10-сынып

Сабақтың тақырыбы: Абай аудармалары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға орыс әдебиетін оқып, зерттеуге ден
қойған кезінде орыс ақындары өлеңдерінің Абай бойындағы талантын өршіте түсуі жөнінде түсінік беру.
Білімділік мақсаты: Ұлы ақын өлеңдеріне талдау жасау, мәнерлеп оқу
дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: өз ойларын жеткізіп айта білуге жетелеу,
шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу
(эстетикалық тәрбие) және патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: тестік кеспелер, өлең жолдары жазылған таблицалар.
Сабақ түрі: интербелсенді оқыту.
Өту әдісі: мәнерлеп оқу, эссе жазу, топтық тапсырма.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
ІІ. Күту ағашына сабақтан не күтетіндігін ілу.
ІІІ. Топқа бөлу (сыныптағы оқушыларды жыл мезгілдеріне қарай топтастыру) қыс, көктем, күз.
Жаңа сабақ тақырыбы: Абайдың аудармалары.
Ұлы ақын аудармалары туралы айтқан кезде халық өмірін тарихи көзбен болжап, шындық тұрғысынан суреттеген, халық поэзиясын жақсы білген ұлы орыс ақыны Пушкиннің қазақ ақынына мол әсері болғанын аңғарамыз. Пушкин шығармаларын оқып, зерттей келе оны аударумен 1889 жылы көбірек айналысты. Осы жылы «Евгений Онегиннен» үзінді күйінде 8 өлең аударды. Оның көбі – Онегин мен татьяна арасындағы хаттар. Пушкин шығармаларын аудару арқылы Абай өз ойына ой қосты, тың өлеңдер туғызды.
Абайдың 1891 жылы інісі Оспан, 1895 жылы баласы Абдрахман қайтыс болады. Осы кезде қайғы жұтқан ақын Лермонтовты аударуға көшеді. Барлығы 27 өлең аударған. Лермонтовпен мұңдас болып, қазақ ортасының ұнамсыз жақтарын сынап, сыншылдығы күшейе түседі.
4 тапсырма: Өз топтарының атауына орай мезгілдердің ерекшелігі (2-3 мин. Эссе)
ә) Әр топ өз мезгілдеріне қарай ұлы ақын өлеңдерін жатқа оқиды (4 мин)
б) Интерактивті тапсырмалар (2 мин)
5. Буриме тәсілі. Өлең құрастыру (2 мин)
... ... ... ән оятар,
... ... ... мні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң ... ... ,
Жас балаша ... ... ... .
Әр топтан өз еріктерімен оқиды.
6. Ақын мұнда қазақ әнінің көркемдік қаситетін, адам сезіміне әсер етер күшін суреттей білген. Ендігі кезекте ұлы ақынның бір әнін орындап сергіп алайық. «Желсіз түнде жарық ай».
7. Үй тапсрымасы: Ақын лирикасы (9 мин)
8. «Жасаулы деп, малды деп, байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба,
Ақылы бар, ары бар, ұяты бар,
Ата-ананың қызынан қапы қалма».
Ақын өлең жолдарына үңіле отырып, қазіргі өмірмен байланыстырып, эссе жазыңдар.
9. Тестік тапсырмалар: әр топқа таратылып беріледі (топтық тапсырма – 4 мин)
1. «Абай қазақтың бас ақыны» деп баға берген қаламгер.
А) М.Жұмабев
Б) М.Әуезов
В) А.Байтұрсынов
2. «Евгений Онегинді» кімнен аударды?
А) И.Крылов
Б) А.Пушкин
В) М.Лермонтов
3. Крыловтың аудармаларын көрсет.
А) «Емен мен шілік», «Есек пен бұлбұл», «Түлкі мен қарға»
Б) «Теректің сыйы», «Ағаш ат», «Татьянаның хаты»
В) «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып»
4. Ғашықтық өлең-жырдары.
А) «Қызарып, сұрланып», «Көзімнің қарасы»
Б) «Бойы бұлғаң,» «Болыс болдым мінеки»
В) «Жазғытұрым», «Қансонарда», «Өлең сөздің патшасы»
5. Поэмалары.
А) «Әншілер», «Айттым сәлем, қаламқас», «Е.Онегин»
Б) «Жігіттер, ойын арзан», «Қалың елім, қазағым»
В) «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі»
6. Шәкәрімнің Абайға қатысы.
А) Немере інісі
Б) Баласы
В) Қатысы жоқ

10. «Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге!» - деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай.
Абай туған халқының, қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан ақын. Біз де ұлы ақынның өлеңдерін оқып сусындадық, жаттап, көңілімізге тоқыдық.
11. Сонымен, сабағымызды топтастыру схемасымен қорытынды-лайық. Біз ұлы ақынды кім деп таныдық?
--ақын
--сазгер
--жазушы
АБАЙ --ойшыл
--лирик
--аудармашы
--сыншы
--физик
--әке
--ел қамқоршысы
--ұстаз
12. Біз сабақ басталғандығы күту ағашына қайта ораламыз. Әр оқушы өз жемісін қайта теріп алуына болады. Өздерің жазған сауалдарыңа жауапты өздерің беріңдер. Әр оқушы өз ойын ортаға салады.
13. Барлық оқушы бағаланады. Тапсырмаларды толық орындаған оқушыларға «БЕСТІК» бағасы, қалған оқушыларға «ТӨРТТІК» қойылады.
14. Үйге тапсырма: Ұлы ақын Абайдың әндерін жаттап, әнімен орындай білу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.