Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай – қазақтың ұлы ақыны -

Абай – қазақтың ұлы ақыны

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2548 | Размер: | Автор: гость
. Османова Шахсаном Илашевна,
№26 М. Қашқари атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
ОҚО, Сайрам ауданы
Сабақтың мақсаты: Абай – қазақтың ұлы ақыны

Білімділік: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру, қара сөздерінің мәнін түсінуге үйрету;
Дамытушылық: СТО стратегияларын пайдалана отырып оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуіне, өз ойын еркін айта білуге, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: ақынның қара сөздері арқылы оқушылардың туған жерін, елін қастерлеуге, қорғай білуге, адамгершілікке, шыдамдылыққа, надандықтан аулақ болуға, қайраттылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Стратегиялары: «Топтастыру», «Екі жақтыкүнделік», «Еркін жазу», «Бес жолды өлең».
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, талдау жасау, өз пікірін қорғау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын шығармалары, Абайдың «Қара сөздері», ақынның суреті, постер, стикерлер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық даярлық. Шаттық шеңберін құру: оқушылар екі шеңбер құрады: ішкі және сыртқы. Ішкі шеңберді құрайтын сыртқы шеңбердегілерге қарап тұрады. Ішкі шеңберді құрайтындар оқушысы қарсы алдындағы сыныптасына жақсы тілек айтып, оң жағына қарай бір адым жылжиды. Осылайша шеңбер бойымен барлығы бір-біріне жақсы тілек айтумен сабақты бастайды.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын «Кубизм» әдісін пайдалана отырып сұраймын, яғни оқушылар кубиктің қай қыры түседі сол сұраққа жауап береді.

1. Мағжан кім? Ол қандай ақын?
2. Ақын туралы қандай даналық ойларды білесіңдер?
3. Даналық ойлардан қандай ой түюге болады?
4. Ақынның «Сүйемін» өлеңі кім, не туралы
5. Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?

Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту:
Ой қозғау әдісі: ақын туралы не білетіндіктерін естеріне түсіру.
Абай атамыз туралы не білеміз
Оқушының өз ойын білу.
Оқушыларға Абайдың портреті жапсырылған парақ беріледі. Оқушылар портреттегі тұлғаны аты-жөнін , тарихи ролін , оның еңбектерін , туған жылын, атқарған қызметін жазады.

Мысалы:


қыс
Күз

Ой шығару: өз ойларын жеке жазып, жұппен талқылайды. Мұғалім оқушылардың білімдерін толықтырады.
А. Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шығыс облысында дүниеге келген . Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы уезіне аға сұлтан болған. Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таныды . Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға берді . Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами , Сағди, Науаи шығармаларын өз бетімен оқып, әдеби мұраларымен танысады .Абай медреседен небәрі үш-ақ жыл оқиды , соңғы жылдары өз бетімен Приходская школаға түсіп орысшада оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып , оны оқудан елге алып келеді . Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шағатай тілдерін жетік білген . Қазақтың халықтық өлен –жырларын, ертегі , қисса, аңыз- әңгімелерін әжесі Зере бәйбішеден естіп, жастай жадында сақтады.
Қара сөз дегеніміз- ғылым туралы , философиялық ойларын, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абай Құнанбайұлының 46 қара сөзі бар. Қара сөз - арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз , дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар .Сонан қашпақ керек . Әуелі-надандық , екінші – еріншектік , үшінші залымдық деп білесің
Интерактивті тақта арқылы Абайдың туған жері туралы бейнекөріністер көрсетіледі.1 топ Абай Құнанбайұлына мінездеме беріңдер.
2 топ «Абай туралы бес минуттық эссе» жазу
Топпен жұмыс.
Оқушыларды топқа бөліп аламын.
Оқулықтан «Жиырма тоғызыншы қара сөзі» оқылады.
Сұрақ: ақын «Жиырма тоғызыншы қара сөзінде» болашақ ұрпаққа не айтқысы келеді ?
Ақынның бойындағы адамгершілік қасиеттерді танытатын қандай өлеңдері бар?
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы постерге жазып, топпен қорғайды.
«Екі жақты күнделік» Оқушылар бірінші жекелей орындайды, екінші жұппен, сосын топпен ақылдасып ортақ бір кестені ортаға шығып оқиды.
Ақын Т.Садиевтің «Абайдың қара сөздері» атты өлеңі интерактивті тақтада слайдпен көрсетіледі. Оқушылар іштерінен оқып, төмендегі сызбаны толтырады.

Бес жолды өлең жазу.
1. Зат есім (1 сөз) Абай
2. Сын есім (2 сөз) дана,дара
3. Етістік (3 сөз) жазады,үгіттейді,насихаттайды
4. Сөйлем (7 сөз) Артына өлмес мұра қалдырған Абай есімі өлмек емес.
5. Мәндес сөз Ақын
Сабақты бекіту
Қорытынды:
Абай туралы не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?


Оқушы білімін бағалау.
Үй тапсырмасы
1. Хрестоматияда берілген қара сөздерінің мазмұны мен танысу.
2. Хрестоматияда берілген қара сөздерін оқып, мазмұны бойынша кесте толтыру.
Қара сөздер Қара сөз түйіні


Рефлекция кезеңі.
Сабақтан алған жерлері туралы ой бөлісу.
Сабақ бойынша ойыңды білдір.
Қандай жаңа білім алдың? Алған біліміңді қолдана аласың ба? Саған қиындық тудырған түсініктер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.