Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Абай дана, Абай дара қазақта» -

«Абай дана, Абай дара қазақта»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2319 | Размер: | Автор: гость
. «Абай дана, Абай дара қазақта»
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың ақындық әлемі мағыналық ауқымы өте кең. Абай поэзиясы- өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкей тесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. Ұлы ағартушы , ақын, сазгер Абай өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Оның өлеңдерінде, қара сөздерінде сол замандағы қазақ халқының өмірінің көркем бейнеленген шындығы жатыр. Артына қалдырып кеткен аса құнды мұраларында Абай адам бойында кездесетін жаман мінез- құлықтарды сынады, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды және жастарға ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті сақтауды өсиет етті.
Биыл ұлы тұлға – Абай Құнанбайұлының туылғанына 170 жыл толуда. Осы мерейтойға орай ақынның туған жері мен өзге де еліміздің қалаларында көптеген іс-шаралар өтуде. Дүбірлі тойға бізде өз үлесімізді қосуды парызымыз деп санап, мектебімізде «Абай дана, Абай дара қазақта» атты ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты - қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттап, сол арқылы жастардың бойына мақтаныш сезімін тудыру және қазақтың бай тілі мен әдебиетін, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңдіру болды. Бұл шараны ұйымдастырудағы мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері – Қайнарова Мереке мен Жалиева Күләйхан апайларымыздың үлкен еңбегін айта кеткім келеді. Жалпы сайысқа мектеп ішінен 5-9 сынып оқушылары арасынан 15-тен аса оқушылар қатысты. Байқау өте тартысты өтті. Қазылар алқасына да қатысушыларды бағалау қиынға түсті. Себебі, сайыскерлердің бәрі дерлік ақынның бес немесе он өлеңін жәй жаттап қана қоймай, оқушылардың мықты дайындығы айқындалып тұрды. Мектеп директоры – К.Турысбекова, ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасар – Д.Жумагазиева, оқу ісі жөніндегі орынбасары – Ж.Бисембектен құралған әділ қазылар алқасы оқушылардың тіл тазалығы жағынан, шығарма таңдау жағынан және ақынның шығармаларын нақышына келтіріп жатқа айтуы мен сахналық мәдениетіне қарай бағалады. Сонымен қатар сайыс соңында сөз алған мектеп директоры – К.Турысбекова, осындай мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып, Абай атамыздың мағыналы да бағалы мұрасын оқып білуге ұмтылған жас ұрпаққа алғысын жеткізіп, жеңімпаздарды жариялады. Нәтижесінде, III орынды 8 «Ә» және «А» сынып оқушылары – Ғалымжанова Айдана мен Жасанбаева Акнур өзара бөліссе, II орын 7 сынып оқушысы – Қалмырза Гулнурға бұйырды, ал 9 «Ә» сынып оқушысы – Ермахан Гулфайруз I орынды жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздармен және өзге де қатысушылардың барлығы белсене қатысқаны үшін марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.
Шынында да, Абай қазақтың атын әлемге таратқан, артына өшпес мұра қалдырған дана әрі дара, ұлы тұлға. Абай Құнанбайұлы – дүние жүзіне танымал әлемдік деңгейдегі ақын. Оған дәлел, ақынның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 1995 жылы дүние жүзі елдерінде мерекеленді. Абай шығармалары әлемде тоғыз тілге аударылып басылып шықты. Бұл басылымдарға өзге елдің дүние жүзі ғалымдары мен жазушылары өз ойларын білдіріп, Абай бейнесін аша түсті. Жоғарыда айтып өткенімдей, Абай өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен қатар, ақынымыз композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосып, өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлады. Халықты басқа елдердің мәдениетін, өнерін білуге шақырды.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап күлмес,
Мені мен менікінің айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес,
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сыйя ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған – дегендей артына өлмейтін сөз қалдырған қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыздың есімі мәңгілікке халық жүрегінде сақталады.

Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы
№272 орта мектептің ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі орынбасары
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.