Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай өлеңдерінің ұлттық сипаты -

Абай өлеңдерінің ұлттық сипаты

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2375 | Размер: | Автор: гость
. Мыңбай Ақмөлдір Мүсірепханқызы,
№49 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиетіпәні мұғалімі
ОҚО, Сайрам аданы
Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдерінің ұлттық сипаты

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ұлы ақынның терең сырға толы өлеңдерінің мағынасын түсіндіру, өлеңдерінің идеясы мен тақырыптық ерекшелігін меңгерту, өнегелі өмірін үлгі ете оқыту.
2. Оқушылардың сөз саптау шеберлігін арттыру, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, рухани көзқарасын жетілдіру.
3. Шешендікке, алғырлыққа, ақынжандылыққа, даналыққа, көпшілдікке, туған елді сүюге баулу, адамдық қасиеттерге, ұлттық болмысқа тән парасаттылыққа, дәстүрді сақтай білетін бәсекеге қабілетті тұлғаға қарай бағытттай тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Ауызша, іздендіру, мәнерлеп оқу, « Бес жолды өлең», эссе, топтастыру, жинақтау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақын портіреті, бүктеме, ақын өлеңдерінің жинағы, слайд, қима қағаздар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты сабаққа даярлау.
II. Қызығушылығын ояту.
А) Сыныпқа шашу шашылады. Тәттілерді үлетіріп алған оқушылар Абай өлеңдері бойынша топқа бөлінеді. 1. Топ. «Табиғат», 2. Топ «Өнер», 3. Топ «Ғылым».
Ә) Топ ережесін шығарады.
Б) Топатын, ұранын қорғайды.
III. Мағынаны тану.
1. Топтық жұмыс.
Абай туралы мәліметтерді топқа тарату, мәтінді оқу, топта талқылау.
« Табиғат» тобына Абай өмірі жайлы, «Өнер» тобына Абай өлеңдері жайлы, «Ғылым» тобына Абай қарасөздері жайлы мәліметтерді ұсыну.
2. Абай тақырыбына байланысты арнайы жасалынған слайдпен таныстыру.
Шын хәкім, сөзің асыл, баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хәкім болған сендей жанның,
Әлемнің құлағынан әні кетпес.
М.Жұмабаев

* Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
(А.Байтұрсынов)
* Халық ағарар, өнер – білімге қонар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар.
(М.Дулатов)
* Абай есімі – арғы-бергіні, тіпті тарих меншігіне әлі алынбағанды қаусырып алардай ұлттық ұғым.
(Х.Ерғалиев)
* Абай әндері – шашырауы жоқ, шамасы жетпейтіні жоқ, үлкен зерде мен қабілеттке ғажайып сезім қосылып туған әндер.
(А.Сейдімбеков)
* ...Ұлы Абай – ұлттық поэзияда реформа жасаған жаңаша ақын. Ол ақындық әлеміндегі шынайы көркемдіктің ауылы қайжақта екенін өз замандастарына да, келешек ұрпаққа да көрсетіп кеткен ақын.
(Ж.Ысмағұлов)
*... Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді. Ол өз заманы мен өз елінің қайғы-мұңын көтергенде соны тарихи даму жолындағы бар адам баласының тақырыбына айналдыра алады.
(Ғ.Мүсірепов)
* ......Абай халық тарихының биік шыңына жалғыз дара шыққан тау ағымы сияқты. Бүкіл халықтың және орыс классикалық поэзиясының кәусар суымен суарылған оның мәңгі өлмейтін шығармалары біздің көзімізге өткен заманнан таң-тамаша қалғандай болып көрініп отыр.
(М.Әуезов)
3. А) Ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыту.

Өлең сөздің патшасы, сөзсарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

«Табиғат» тобытабиғат лирикасынан, «Өнер» тобы адамдық қасиеттер туралы, «Ғылым» тобы оқу-білім туралы өнерлерін мәнерлеп жатқа оқиды.
Ә) Сөздікпен жұмыс. Әр топ ақын өлеңдеріне байланысты кейбір сөздердің мағынасын терең түсіну мақсатында түсіндірме сөздікпен жұмыс жасайды.
4. «Суретші топ». Абай өлеңдерінің тақырыбына сай сурет салып, салынған суретті қорғайды.
I топқа «Қыс» өлеңі, II топқа «Жаз» өлеңі, III топқа «Күз» өлеңіберіледі.
5. Әдебиет теориясымен жұмыс.
А) Топ басшылары өлең құрылысы туралы ауызша түсіндіреді және өзге топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.
1. Тармақ деген не?
2. Ұйқас түрлерін ата?
3. Шумақ нелерден тұрады?
4. Абайдың қайөлеңі ұнайды?
5. Абай өлең жазуды қашан бастады?
6. Абайға бата берген кім?
Ә) Шығармашылық тапсырма.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы? – демекші, әр топқа қалаған тақырыпқа бір шумақ өлең шығару тапсырылады.
6. «Алғыр топ». Абай Құнанбайовқа қатысты алдын-ала жазылған сөздерді тарату. Топ мүшелері адам аттарын бір бөлек, өлең тақырыптарын бір бөлек, ақын әндері тақырыптарын бір бөлек, Абай туралы пікір айтқан ғалымдар есімдері жазылған қағаздарды рет-ретімен топтастырады.
7. «Галереяға саяхат»
Әр топ Абай туралы алған білімдерін, өлеңдеріндегі ұлттық сипат көріністерін «Топтастыру» стратегиясы бойынша көрсетіп, 3 топ та галереяға саяхат жасайды. Топтың бір мүшесі галереядағы жұмысты қорғайды, қалған оқушылар аралап тыңдайды. Саяхат соңында топ мүшелері өз топтарында талқылайды.
ойшыл
Ақын әнші дәстүрді насихаттаушы
ұстаз Сазгер
(1845-1904) аудармашы
Білімді әзілқой
оқымысты қоғам қайраткері
Зәре-әжесі

Анасы-Ұлжан Құнанбай ұлы сыншы

8. Сергіту сәті.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
«Табиғат» тобы «Желсіз түнде жарық ай», «Өнер» тобы «Көзімнің қарасы», «Ғылым» тобы «Сегізаяқ» әндерін нақышына келтіре орындайды.
III. Ой-толғаныс.
«Бес жолды өлең» стратегиясы
1. Абай
2. Дангөй, алғыр
3. Айтады, жазады, тұжырымдайды
4. Абайыбар халықбақытты
5. Аықын
9. Қорыту.
Абай өлеңдерінің ұлтық сипаты – қазақ халқының өн бойынан табылатын рухы биік сипат. Олай дейтін себебіміз – ақынның қай өлеңін алсақ та, халық салтының, дәстүрінің, тілінің, ділінің, тектілігінің, жалпы алғанда, ұлттық болмысының кәусарынан бастау алады. Абай туралы біз алдағы уақытта көп нәрсені білетін боламыз. Абайдың ақындығын әлемге танытқан М.Әуезов болса, Мұхтардың заңғар жазушылығын төрткүл дүниеге паш еткен ұлы Абай екенін естен шығармауымыз керек.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге.
(С.Торайғыров)
10. Бағалау. Топ мүшелері өздерін бағалап, бағалау парағын белгілейді. Жеңімпаз топ анықталады, топ мүшелері мадақталады.
11. Үйге тапсырма. «Осы жұрт ұлы Абайды білер ме екен?» тақырыбында эссе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.