Меню
Назад » » »
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
загрузка...

загрузка...
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
І. Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев "Ескендір" поэмасы
ІІ. Сабақтың мақсаты: Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру
ІІІ. Сабақтың міндеті: б) Көркем туындыны түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашу
д) Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
т) Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу
ҮІ. Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
ҮІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ҮІІ. Сабақтың әдісі: сөз әдісі, талдау әдісі, тест алу(бақылау)
ҮІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Флипчарттар, дәйексөздер, Абай шығармалары
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру бөлімі: (2 минут)
2) Үй тапсырмасын сұрау: а) Абай аудармалары
ә) Үзінділер жаттау
Актуалдау: Балалар, тақтаға назар аударайық.
Абай шығармалары.
Өлеңдері
Қарасөздері
Аудармалары
Поэмалары
Әндері
- Жақсы, балалар, Абайдың неше поэмасы бар?
- Дұрыс, балалар, Абайдың 3 поэмасы бар екен.
Абай поэмалары
"Ескендір", "Масғұт", "Әзім әңгімесі"
Біз бүгін сол поэмалардың бірі "Ескендір" поэмасымен танысамыз.
- Жалпы, балалар, поэма дегеніміздің өзі не?
-"Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады.
Жаңа сабақ:
"Ескендір" поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып - жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты - жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы - Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. "Ескендір" поэмасы тармақты 42 шумақтан тұрады.
(Оқушылар үзінді бойынша жатқа айтып, мазмұнына талдау жасалынады).
Жоспар
1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары
2. Жорықтағы бұлаққа кездесуі
3. Ескендірдің бұйрығы
4. Күзетшінің сыйлығы
5. Аристотель шешімі
6. Ақын өсиеті
Абай поэмасындағы Ескендір бейнесіне сипаттама беру.
Аристотель кім? Ол поэмаға неліктен енгізілген? (Анықтама беру)
Түсіндірме сөздік
1. Хакім - ғалым
2. Данышпан - оқымысты
3. Иман - дін, Алланы мойындау
4. Ғибрат - үлгі
5. Нәпсі - құмарлық
6. Араны - көз тоймау
Аристотельге мінездеме беру
Ғұлама, байсалды, әділ
Ғалым, ақыл иесі, қазы
Бекіту: Тест тапсырмалары
1. Ескендір патшаның жасын көрсет
а) 43
ә) 32
б) 21
2. Ескендірдің әкесінің есімін тап
а) Филипп
ә) Македония
б) Аристотель
3. Абайдың аяқталмаған поэмасын көрсет
а) Ескендір
ә) Әзім әңгімесі
б) Масғұт
4. "Ескендір" поэмасының негізгі идеясы
а) өнер - білімге шақыру
ә) күреске шақыру
б) тойымсыздықты тыю
5. Абай "Шегіртке мен құмырсқаны" кімнен аударды?
а) Крылов
ә) Пушкин
б) Лермонтов
6. Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударды?
а) 23
ә) 28
б) 27
Қорыту: "Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс, Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз" Н. Назарбаев
Үйге тапсырма:
а)"Ескендір поэмасын оқу.
ә)"Тойымсыздық сыры неде?" (ой толғау жазу)
Оқушылардың еңбегін бағалау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 325 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar