Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай Құнанбаев “Он сегізінші қарасөзі” -

Абай Құнанбаев “Он сегізінші қарасөзі”

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4014 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев “Он сегізінші қарасөзі”
Сабақтың мақсаты: Ақынның қарасөзіндегі негізгі ойды түйіндей отырып, шығармада көтерілген мәселелерге сыни тұрғыдан баға береді, салыстырады, өмірмен байланыстырады, шағын зерттеу жұмысын жасай алады.
Күтілетін нәтиже 1. Абайдың он сегізінші қарасөзінің негізгі ой түйінін анықтайды;
2. Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді саралай отырып, Абайдың пікірімен салыстырады, өздерінің көзқарасы тұрғысынан баға береді;
3. Әдеби- көркем тілі дамиды, дүниетанымы кеңейеді
Сабатың түрі: проблемалык окыту
Сабактың әдіс-тәсілі: жаңа тәсіл: диалог, топтык әңгіме
СТО: Ойлан. Жұптас.Бірік. Постер дайындау.Эссе, “5-5-1”
Окыту формасы: жеке, топтык, жаппай
Дереккөздер, көрнекіліктер: Абай шығармаларының екі томдық жинағы.
АКТ: таныстырылым, аудиожазба.
Флипчарт, маркер.
Сабақтың барысы
Кіріспе
Ұйымдастыру, дайындық, сабаққа жұмылдыру
Үш топқа бөлу
Тұсаукесер
Алда тұрған мақсатты айқындау
А.Құнанбаевтың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін мәнерлеп оқу
- Ұлы ойшыл "Адам болам десеңіз", - дей отырып, өз ұрпағына қандай өсиетке баса назар аудартады? Ұрпағының қандай адам болғанын мақсат етеді?
- Адам бойындағы қандай сипаттарды бір-біріне қарама-қайшы қойып отыр?
- Біз бүгінгі сабақта адамда кездесетін қандай жағымды және жағымсыз қылық пен мінез ерекшеліктерін бағалаймыз немесе сынаймыз екен? Абай айтқан бес асыл іс пен бес дұшпан қазіргі қоғамда да адам бойынан кездесе ме?
Бүгінгі сабақтың табыс критерийін оқушылармен бірлесе отырып анықтау
1. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді бағалай алады.
2.Адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықтарды сынай отырып, мәтін тілімен тарата, сыни көзқарас білдіре алды.
3. Өз ойларын қазіргі қоғаммен байланыстыра отырып айта алады, қоғамдық мәселені анықтайды.
Негізгі бөлім
- Ұлы ақын өзінің өлеңдері мен қарасөздерінде мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жасап, кейінгі ұрпаққа өнегелі де өмірлік ғибраттар қалдырған. Біз бүгінгі сабағымызда Абайдың "Он сегізінші қарасөзімен" таныса отырып, ақынның адам бойындағы тағы да қандай кемшілікті сынға алып, қатты түйрейтінін, өз ұрпағын нені өсиет ететініне тағы да бір мәрте көз жеткіземіз.
Жаңа сабақтың тақырыбы:
Абай Құнанбаевтың "Он сегізінші қарасөзі "

1.Аудиожазбадан тыңдайды
Қарасөздегі өзекті мәселе Абайдың сыны Өз пікірім

2. Кестемен жұмыс

3. Проблемалар мен мақсатты өздігінен айқындауға бағыттау
Әр топқа тапсырма беріледі:
1. Абайдың осы сөздерімен қазіргі заманды сипаттауға бола ма? Қазіргі қоғамдағы жастар бойындағы қандай қасиеттерді бағалар едіңіз?
2. Қандай жағымсыз қылықтарды сынар едіңіз? Күнделікті өмірде кездесетін өрескел іс-әрекеттер туралы ойлайсыз ба?
3. Сегіз аяқ” өлеңінің шумақтарының соңғы екі жолында айтылған нақыл сөздердің мәнін ашыңыз
/ постер дайындайды, қорғайды/
4 Шығармашылық жұмыс “Ақыл-ғылым, ар, мінез- адамдықтың белгісі”
5 минуттық эссе
Қорытынды
"5-5-1" әдісі бойынша рефлексия жасау
Бүгінгі сабақтың қорытындысын 5 сөйлеммен жаз…
Бүгінгі сабақтағы маңызды 5 сөз…
Толғандырар бір сұрақ….

/Оқушылар сабақтан алған әсерін, тәлім-тәрбиесін, білімін қорытындылап жазады./

(9-сыныпқа арналған "Абайтану" курсы бойынша сабақ жоспары)


Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы
Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Уксукбаева Бибінұр Қонысқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.