Меню
Назад » » »
Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасындағы қазақ ауылының көрінісі.
загрузка...

загрузка...
Түркістан қаласының білім бөлімі

А. Югнаки атындағы жалпы орта мектебі

Ғылыми зерттеу жұмыс
Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасындағы қазақ ауылының көрінісі.

Жұмысты орындаушы: Мырзақасымова Мөлдір Сәрсенбай қызы.

Түркістан 2015оқу жылы


Жоспар

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

1Абайдың ақындығы мен өмір жолы.

2Абай сусындаған бұлақтар.

3Лирикалық өлеңдердегі табиғат пен адам көрінісі.

4Өлеңнің өлшемі мен тілі.

3.Қорытынды

1Абай өзінің бір өлеңінде былай деді
Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма
Осы екі жолда ақын өмірінің ащы шындығы жатыр
Қазақ мектебінің әрбір оқушысы көзі қара таныған күннен бастап,Абайды жаттап өседі.
Мектепке барған баланың көз алдында құс жолындай
сайрап,ақын өмірі жатады.
Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Абай бұл өлең туралы ғана емес,өзі жөнінде де айтқандай Абай әлдиі мен келіп,өмірден Абай
гөй-гөйімен аттанын тәріздіміз.Қысқасы,Абай-біздің
рухани әкеміз.Ақын өмірін мектеп қабырғасынан байыттап,өлеңін ғұмыр бойы пайымдайтынымыз сондықтан.
Абайдың ғылыми-ғұмырнамасын Мұхтар Әуезов жазды.Ақынның өмірі мен өнер жолын одан асып талдау да толғауда қиын.Абайды зерттеулерден
Т.Кәкішов.Р.Бердібай.С.Қасқабасов.С.Қирабаев, З.Қабдолов,Д.Ысқақовтарды білеміз.Біздің зерттеуімізге арқау болатын осы ғылымдардың пікірі
мен зертеуін сүйеніп,өлеңнің өлшеміне тілі тоқталып өзі тұжырымызды білдіру еді.
Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған тобықты руының ішінде 1885 жылы
туған.Әкесі Құнанбай аталмыш рудың әрі байы,әрі биі,әрі билеушісі болған адам.
3.Абай алғашқы кезде ауыл молдасынан хат танып,он
жасында Семей қаласындағы медресеге түседі.Мұнда бар болғаны үш-ақ жыл оқиды.Медреседегі діни оқуды Абайды қанағаттандыра алмайды.Ол енді өз бетімен білімін толықтырмақ боп одан ізденеді.
Туысқан Орта Азия халықтарының Навои,Низами,
Фирдауси секілді жұлдызды шайырларының шығармаларымен танысады.Солардың әсерімен алғашқы өлеңдерін жазады.
Абай медреседе оқи жүре, бір жағынан сол Семей қаласындағы риходская школаға түсіп,орыс тілін үйрене бастайды.
Қазақ еліндегі қараңғылыққа қарсы қаламмен күреске бел шешіп шыққан Абай бетімен ізденіп Беменскийдің, Чернышевскийдің, Добролюбовтың озат идеялырымен танысты.
Абай орыс классиктерінің көптеген өлеңдерін Пушкиннің «Евгений Он ешнінен фрагменттер, Лермонтов «Қанжар», «Ой», «Теректің сыйы»,
Крыловтың «Қарға мен түлкі», «Шегіртке мен құмырсқа», «Есек пен бұлбұл» т-б.Қазақ тіліне аударды.Орыс ақындарының өлең жазу шеберлігін
пішін сұлулығы мен мазмұн тереңдігін, осыдан туған өршіл пафос пен биік идеяны кемітпей солғындатпай дәл жеткізу-Абай аудармаларының негізгі ерекшеліктері.
3Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Табиғат-адам өмір сүрер,тіршілік етер орта.Онысыз өмір жоқ.Міне,осы табиғат көріністерін,қазақ даласындағы өмірді,тұрмыс-халді сүреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған . Абайдан бұрын табиғат көрінісін мұншалықты шебер,терең һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес.
Абай әсіресе,жылдың төрт мезгілі туралы жазған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз,көшпелі ауылдың,ескі қоғамдық қарым-қатынасыз кейбір куңгірт белгілерін анық,қанық бояумен көрсететін, өз дәуірінің айнасы боларлық сұлу шығармалар.
Табиғат лирикасы-Абайды ұлы талантын,биік мәдениетін танытатын өлеңдер.Абайдың дүниежүзілік озық поэиядан алған тағы бір үлесі-табиғат лирикасы.Табиғат адам баласының еңбек етіп өмір сүретін ортасы.Абайдың жылдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері 1886-1890жылдары жазылған.Абай-лирик ақын оның өлеңдерінде табиғат пен адам тіршілігі ұштастып,сырлы сезім.асқақ ой,ауыл тіршілігі қатар жүреді.Абайдың қай өлеңін алсақта тұнып-тұрған философиялық ойға арқау етілген. Сонымен қатар ақын өлеңдерінде көркем сөз,бейнелеу,астарлау басымырақ,мұның себебі баяндаушының ой мен сезіміұштасуынан туады.
Абайдың бұл тақырыптағы тұнғыш өлеңі 1886 жылы жазылған «Жаз»-өлеңі.Абайдың-ақындық мәдениеті іріленген шебер өнер иесі.Мұнда жазғы
Құбылту немесе троп грекше tropog-иін –иірім сөздерде тура мағынасында емес,бұрма мағынасында қолдану шындықты бейнелеп,кейде тіпті пернелеп, тінту,ой ды ө згертіп,кейде тіпті өңін айналдыра айту
Троптың 6 түрі бар
1Метонимия-алмастыру
2Метафора-ауыстуры
3Синекдоха-мегзеу
4Аллегория-кейіптеу
5Теңеу
6Эпитет-пернелеу
1Метафора немесе ауыстуры грекше метофара көшіру суреттеліп отырған затты н/е құбылысты ақындай ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас затқа балап әсерін күшейту Мысалы
Дем алысы үскірік аяз бен қар
Кәрі құда қыс келіп әлек салды
2Метонимия н/е алмастыру грекше metenymid қайтадан атау-өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану М Ауыл ұйқыда,Теңіз буырқанды
3Синекдоха н/е мегзеу-грекше synekdoshe-арақатынасын ашу-Бүтіннің орнына бөлшекті н/е керісінше қолдану М
Шекпен кіген қойшы,Мұртты жігіт
4Аллегория-грекше allegоria кейіптеп айту.Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстыра суреттеген.
Мысалы:

Ақ киімді,денелі ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

5Теңеу суреттеліп отырған затты не құбылысты өзге нәрселерге теңеп,-дай,-дей,-тай,-тей жұрнақтары арқылы суреттеу.Мысалы :
Бұлттай қасын жауып екі көзі
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып
6Эпитет н/е пернелеу Өлеңде сын есімнің сұрағына жауап беріп, анықтауыштың қызмет атқарады. Мысалы.Ақ киімді,сұр бұлт көрініс, құбылыстардың бейнелері жарқын.
Көгорай шалғыны мен бәйшешегі толысқан жайлау
әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігі түгелдей суретке түседі
Жаздыгүні шілде болғанда
Көкорай шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда
Өлеңнің тілі жеңіл, сөзі ұғынықты,оқырманын тез баурап алады.7-8 буынды, аралас ұйқасқа негізгелген.
Шөбі шүйгін, көк шалғын жайлауға көшкен елдің тұрмыс-тіршілігі көз алдымызға елестедеді.
Өлеңде әзілдесіп күлісіп үй тігіп жатқан қыз-келіншек,ат үстінде мал аралаған ауыл иелері, жылқы соңында салпылдаған жылқышылар, көшпелі ауылдың реалистік тіршілігі мен табиғатын толықтырып тұр.Абай қазақ ауылының көшпелі өмірі мен табиғатты егіз (парализм ретінде қатар суреттеумен бірге ауылдың байларының күнделікті тіршілігін былай деп суреттеутейді.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Байда келер ауылға
Аяңшылы жалпылдап
Сабадан қымыз құйдырып
Жас үлкендер бір бөлек
Кеңесіп күліп сылқылдап
Көріп отырғанымыздай бай-ауқатты кісілердің жүріс-тұрысы да,кеңескен сөзі де,ішкен асына дейін сөз етіледі.
Абай шығармаларын зерттеген М.Әуезов «Өлеңнің ішінде жанды тіршілік,қайнар қызу мол болғандықтан,-түр.Мен өлшеу ұйқастарында аса жанды,қызулы жүрдектік бар... Тұтас бітімді ,келісті келген өлеңнің аяғына шейін орайлас ұйқастар айнымай созылып отырады.Өлең тілінде үлкен байлықпен қатар тапқырлық, дәлшілдік мол»-дейді.
«Қыс» табиғатын Абай бұдан өзгешелеу стильде суреттеген.Бұл-нағыз классикалық поэзия үлгісінен туған өлең.Мұнда табиғат қозғалыс-әрекеттегі күйде алынады.Бірақ бұл әрекет табиғаттан гөрі адамның-жанды тіршіліктің әрекетіне ұқсайды.Жансыз табиғатқа жан бітіріп кейіптеу арқылы оқырманын баурап алады.Табиғаттағы құбылыстарды қимылға келтіріп,жанды бейнеге түсіру үшін ол кейіптеуді қолданылады.
Ақ киімді,// денелі,//ақ сақалды, а
Соқыр, мылқау, //танымас// тірі жанды а
Үсті-басы// ақ қырау//түсі суық б
Басқан-жері//сықырлап//келіп қалды. а
Абайға дейінгі қазақ әдебиетінде қысты жанды адам бейнесінде суреттеу әдеті болмаған.
Өлең 6-шумақтан, әр шумақ 4-тармақтан әр тармақ 3 бунақтан құралып 11-12буыннан тұратын. Қара өлең ұйқасы.
Абайдың ақындық тілінде метофораның жай түрі де ұлғайған түрі де көп кездеседі.Ал бұл өлеңде ақын бір нәрсені екінші нәрсеге балау арқылы немесе бірнеше метафораны қабат қолдану арқылы жасалады
М ысалы :Дем алысы-үскірік,аяз бен қар
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды , - деп теңейді.Қазақтың енжар,бейжай жатқан даласына қорқынышты үрей әкелген қатал бейнеде алады. Мазасыз, сұрампаз, еселеп алып тыйым бермейтін кәрі құданың бейнесі арқылы қыстың да қайталап соғып, көшпелі елдің тіршілігін тарылта беретін жайын суреттейді.
Осы шумақта шашыранды бұлтты-ұшпадай сөзімен алмастырып былай деп бейнелейді.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтын
Аязбенен қызарып ажарланды
теңеу мен метофораны қатар ала отырып қыс суретінің шынайлығын көз алдымызға көрсетеді. Қарды қызықтап әуес көрген жас балалардың беті-қолдары үсіп жаурағанын, шидем мен тонды қабаттап киген малшының аязға,ақ түтек боранға қарсы жүрмегенін малшының бейнесі суреттеледі.
Бұлттай қасы жауып екі көзі,
Басын сіліксе,қар жауып,мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сұрқ етіп долданғанда
Алты қанат ақ орда үй шайқалды
Ақ түтек боран мен қатар бұлттың түнеріп қар жауғаны теңеу,метофара екеуін қатар бейнелеу арқылы қыстың қаһарлы бейнесін шынайы суретпен көз алдымызға әкелді. Сонымен бірге жылқы малының титығытап, жүдеу тіршілігіне қасқырдың қас қылғаны, қоса айтылады.
Қар тепкенде қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр
Малшыларым қор қылма итке малды-деп
Мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі мен пейжазы шыншылдықпен шебер суреттеледі.
Сонымен қатар Абай «Қыс» мезгіліндегі пейжазды аңшылық-саятшылық пен қатар суреттейді.Оның «Қансонарда бүркітші шығады аңға»өлеңі дәлел
Алдымен «Қансонар»-деген сөз қардың қалың жауып, әлі із түспеген сәті. Ақын бұл өлеңде аңшы адамның бүркіт пен аңға шыққаны, ыңғайлы киім киіп жақсы ат пен-тату жолдасын саятшылыққа алып шыққаны суреттеледі
Қансонарда\ бүркітші\ шығады аңға а
Тастан түлкі\ табылар\ аңдығанға а
Жақсы атпен\ тату жолдас\ бір ғанибет б
Ыңғайлы\ ықшам киім\ аңшы адамға. А
деп керемет бейнеленеді.
Осы өлеңде ақын бүркіттің ішкі пасхологияның ойын ортаға салып бүркітше сөйлейді.
Томағасын тартқанда бір қырымнан
Қыран құс көзі көріп самғағанда
Төмен ұшсам,түлкі өрлеп құтылар деп
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға
бұлда ақынның шеберлігі
Қыран құс пен түлкінің айқасқан тұсын ақын жекпе жекке шыққан батырларша бейнелейді.
Сегіз найза қолында,көз аудармай
Батыр да аял қылмайды ертең таңға
Қанат,құйрық суылдап ысқырады
Көктен қыран сорғалап құйылғанда
Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады
Жеке батыр шыққандай қан майданға
Біреуі-көк біреуі-жер тағысы
Адам үшін баттасып қызыл қанға.
Абай осы өлеңде шендестіру түрін де қолданады.Бұл түр әдетте,ұқсамайтын екі нәрсені қарама-қарсы суреттеп,соның арасынан үшінші бейнені таныту үшін пайдаланылады.
Қар-аппақ, бүркіт-қара, түлкі-қызыл
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға
Қара шашын көтеріп екі шынтақ,
Ол да бүлк-бүлк етпей ме сипағанда
Аппақ ет,қып-қызыл бет,жап-жалаңаш
Қара шаш қызыл жүзді жасырғанға
Мұнда үш нәрсе(ақ қар,қара бүркіт,қызыл түлкі бір-біріне қарсы қойылып , содан төртінші нәрсе-шомылып жатқан сұлу.-(еті аппақ,шашы қара,беті қызыл көзге елестейді.Сол арқылы ақ қардың үстінде қара бүркітке қызыл түлкіні алдырған аңшылық көріністің бейнесі толық ашылады.
Көкіректе жамандық еш ниет жоқ
Аң болады кеңесін құс салғанда
Ешкімге зияны жоқ өзім көрген
Бір қызық ісім екен сұм жалғанда-деп жырлайды ақын ағынан жарылып.
Мұндай өлеңді өмірде терең білген аңшылық кәсіпті жақсы білетін аңдарды арба суы мен аласын дәл байқай білген адам ғана жаза алады.
Абайдың табиғатты суреттеудегі жаңаша ізденісін өсу-өрлеуін танытатын туындылыры Күз өлеңі.Бұл өлеңде ақын 1889 жылы жазған.Бұл өлеңде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық-көркемдік тұрғыда берілген.
Алдыңғы екі өлеңде ақын назар аудармаған көшпелі елдің жүдеу тіршілігі,таптық,қоғамдық қайшылықтар соңғы өлеңдердің негізгі мазмұнын құрайды.Көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін жансыз табиғатқа жан бітіріп кейіптеу,теңеу арқылы береді.
Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай
Жастар күлмес,жүгірмес бала шумай
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп
Жапырағынан айырылған ағаш қурай-деп ойын нақты жеткізеді.Өлең де күз айындағы табиғат құбылысындағы өзгешелікті,суық күнді ақын
Сұр бұлт,түсі суық қаптайды аспан
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан-деп суреттеген ақын ізінше-ақ осындай ортадағы кедей үйдің тұрмысын көрсетуге ауысады. Күз суықтағы бай мен кедей үйлерінің тіршілігін бір-біріне қарсы қояды.Үлкен адамдар ғана емес,жас бала,кемпір-шалға дейін атап,осылардың өз ортасындағы күнкөріс шындығын ашады.
Біреу малма сапсиды,салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үй-деп қыс мезгіліне кедейдің дайындығын көсетеді
«Күз» деген өлеңіне ілесе жалғасып,тақырып жағынан ұласа ұштасып «Қараша желтоқсан мен сол бір-екі ай» деген өлең сөз жоқ Абайдың саяси лирикасының ең түйінді бір тұсы.Әуелі қысқа ғана табиғат суреттерін өрнектеп одан шаруа-жайға көшіп,іле мұнан туған қоғамдық қарым-қатынасты суреттейді де,азамнаттық пікірін қорытады
Кедейдің өзі жүрер малды бағып
Отыруға отын жоқ үзбей жағып
Тонған иін жылытып,тонын илеп
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып
Бұл-Абай заманындағы типтік көрініс түндей қараңғы қапас тұрмыста қоңыр іңірдей күңгірт мұны,арман-сыры бар кедей үйінің жабырқау өмірі.Бұл-бір көрініс кедейдің қоңыр лашығындағы күй-жай.Осыған салыстыра ақын бай үйінің бір қалпын көзге елесте
Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі-
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
Ода қылған кедейге үлкен сыйы-деп тағы да өз ортасындағы тапшы тұрмыс жайын айтып,теңсіздік сырын баяндайды.
Қар жауса да тоңбайды бай баласы
Үйі жылы киіз тұтқан айналасы
Уайым жоқ,қайғы жоқ, тамақ тоқ,көйлек көк, бұлаңдап өскен бай баласы.
Абай өзі суреттеп отырған өмір шындығынан көрінген кедейдің ауыр ауыр тұрмысына оқушысының аяныш сезімін туғызып,тілегі ауып мейірімі түсіп тұрады.
Жыл мезгілдерін сиппатау үстінде әр түсті ақындық бояу арқылы оқушының көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді. жайқалған гүл-бәйшешекті «көк орай шалғыны» мен күркіреген өзені бар тамылжып тұрған шыбынсыз жазда сонда,ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар,қылышын сүйреткен
қырау қабақ қытымыр қыста та сонда,аспанын бұлт торлап,гүлі солған сарғыш даласын шық басқан сұрғыт күз де сонда...Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді де,ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тірлік-кәсібіне,шаруа-жайына көшеді.
№3Абайдың табиғат лирикасы туралы әңгімемізді қорыта келіп,оның шығармаларының мәні ақынның өзі өмір сүрген қоғамдық ортағы әлеуметтік теңсіздікті көре білуінде,халық тұрмысына назар аударуында,лирикасында анды дүние құбыла құлпыран көркемдік тілінде,асқан реалит ақын екеніне көз жеткіздік.Оқушысының сана-сезімін нығайтуында жатыр.
Абайдың творчествосының осылардан туатын тағы бір тарихи мәні-өзіне дейін болып көрмеген тың ұйқастар мен бунақтарды,тақырыптарды жыр етіп,оған биік идея,терең мазмұн,тың пішін беруінде қазақтың әдеби тілін байыта,дамыта қалыптастырып, жаңа жазба әдебиетінің негізін салуында.қазақ поэзиясын сыншыл реализмнің шырқау сатысына көтеруінде болып табылады.

Пайдаланған әдебиттер

1. З.Қаддолов Арна Алматы «Жазушы» 1988ж

2. Бес ғасыр жырлайды 2том Алматы «Жазушы»1992ж

3. С.Қирабаев «Шындық пен шығарма» Алматы «Жалын»1989,2002ж

4. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы

5.М.Әуезов 4том Алматы «Жазушы» 1987ж

6.З.Қабдов әдебиеттануға кіріспе «Атамұра» 2003ж

7. Ж.Әбілов Этнодефармация Қазығырт 2006ж

Ж.Әбілов Этнодефарамация Қазығұрт 2006ж

1.З.Қаддолов Арна Алматы «Жазушы» 1988ж
2.Бес ғасыр жырлайды 2том Алматы «Жазушы»1992ж
3.С.Қарабаев «Шындық пен шығарма» Алматы «Жалын»1989,2002ж
4.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы
5М.Әуезов 4том Алматы «Жазушы» 1987ж
6З.Қабдов әдебиеттануға кіріспе «Атамұра» 2003ж
7Ж.Әбілов Этнодефарамация Қазығұрт 2006ж

Пайдаланған әдебиттер.
1.З.Қаддолов Арна Алматы «Жазушы» 1988ж
2.Бес ғасыр жырлайды 2том Алматы «Жазушы»1992ж
3.С.Қарабаев «Шындық пен шығарма» Алматы «Жалын»1989,2002ж
4.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы
5М.Әуезов 4том Алматы «Жазушы» 1987ж
6З.Қабдов әдебиеттануға кіріспе «Атамұра» 2003ж
7Ж.Әбілов Этнодефарамация Қазығұрт 2006ж
Мекен жайымыз: Оңтүстік ҚЗ Облысы Түркестан қаласы,жүйнек ауылы А.Югнаки атындағы жалпы орта мектебі қазақ тілі әдебиеті пән мұғалімі: Мырзақасимова Мөлдір Сәрсенбай қызы телефон: +7771 258 58 39 Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасындағы қазақ ауылының көрінісі. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 409 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar