Меню
Назад » » »
Абай. Сабырсыз, арсыз, еріншек (үзінді)
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Абай. Сабырсыз, арсыз, еріншек (үзінді)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлы А. Құнанбаевтың шығармашылығымен
Білімділігі: таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға
үйрету.
Дамытушылығы: Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру,
оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып
жаттықтыру, ой – өрісін дамыту, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелілігі: Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ
ұстауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: суреттер мен дидактикалық тапсырмалар, интерактивті
тақта
Сабақтың пән аралық
байланысы: дүниетану, өзін-өзі тану , музыка
Сабақта пайдаланған
әдебиеттер: 1. Ана тілін оқыту әдістемесі
2. Ана тілі оқулығы 4 сынып
3. Абайдың қара сөздер жинағы мен шығармалар жинағы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Психологиялық дайындық

2. Сыныпты 4 топқа бөлу

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күн суытып адамдар қыс мезгіліне дайындық жасайды
- Балалар осы күз айында ,біз қандай мерекелерді атап өтеміз?
- 1 қыркүйек , ұстаздар күні, ҚР рәміздер күні, ҚР Тілдер мерекесі, Ы.Алтынсариннің туған күні.
- Ия Ыбырай атамыздың тұған күнін атап өткен болатынбыз.
- Балалар, Қазақстан Республикасының валютасы Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің өз валютасы енгізіледі. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы теңгеміз президенттің жарлығына сәйкес 1993 жылғы 15 қарашада айналымға шықты. Сондықтанда әр жылы 15 қарашада қазақ теңгесінің туған күнін атап өтеміз. Осыған орай бүгінгі сабағымызды ұлттық теңгемізге арнаймыз.
- Балалар, сендер біздің алғашқы шыққына теңгемңздң көргілерің келеме ? Олар мына бұлтарда жасырынып қалған. Біз мына бұлттарды ашуымыз керек. Оны ашу үшін мынадай тапсырмалары бар. Соларды орындайық.


2. Үй тапсырмасын қайталау
Сұрақ - жауап жүргізу
«Орындалған арман»
1. Мәтіннің аты, авторы
2. Мәтін кімнің атынан берілген?
3. Мәтіндегі болыстың аты.
4. Спандиярдың орнына кімнің баласы қабылданды?
5. Ыбырай неге ренжіді?
6. Бұл оқиға қай жылы болған?
(Оқушылар әрбір сұраққа жауап берген сайын бұлттар ашылады, теңгенң оқушылар көреді. Онда бейнеленген атақты адамдармен танысады. Танымалы адамдардың бірі абайға тоқталамыз. Оның кім екенін, ол туралы мәліметтер айтылып өтеді)
3.Жаңа сабақ
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.


Абай жайында қосымша мәліметтер
Абай Құнанбайұлы - қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Шын аты - Ибраһим.
Абай 10 тамыз 1845 ж. туған. Оның туған жері - қазіргі Семей облысының бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Патша өкіметі ХІХ ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан - Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл-әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол Абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегіндегі ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді.
Абайдың өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қара сөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жанатаевтың атымен жарияланған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі , Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Қазақстан елінің барлық қалаларында Абайдың атымен аталатын білім ошақтары, саябақтар, театрлар бар. Біздің қаламызда Ұлы ақынның атымен аталатын жерлер бар ма? Абайдың әжесінің аты – Зере. Абайдың шын аты Ибрахим. Әжесі оны еркелетіп Абай деп айтатын. Содан ол Абай атанып кетті . Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өсті.
Абайдың атын әлемге әйгілі еткен, өзінің ғылыми зерттеулерімен де, атақты "Абай жолы" дәуірнамасымен де абайтануды үлкен сара жолға салған Мұхтар Әуезов болды. Оның «Абай жолы» романы барлық тілдерге аударылған. Абай 1845 жылы дүниеге келіп , 1904 жылы өмірден өтеді

4 .Өлеңмен танысу
Сабырсыз, арсыз,еріншек
(үзінді)
Аудиодан өлеңді тыңдату
Сабырсыз, арсыз,еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін,
Алты бақан алауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді
Ол — арсыздық белгісі.
Ұятсынбай, ойланбай,
Қой дегенге тіл алмай,
Iс қылмай ма үлгісі?
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады.
Ұрлықпен мал табам деп
Егессе ауыл шабам деп,
Сүйтіп құдай атады


Сөздікпен жұмыс
Алауыз - береке- бірлігі жоқ, ынтымақсыз.
Күндейді - қызғанады.
Мертігед - бір жері сынады, шығады.
Міндейді - мін тағады, жамандайды.
1 - тапсырма
Қырандар - өлеңді сабырсыз, арсыз, еріншек сөздерінің мағынасын айтады.
Сұңқарлар - өлеңдегі жағымсыз қылықтарды теріп жазады.
Бұлбұлдар - өлеңнен ұйқас сөздерді табады.
Қарлығаштар – ақынның өлеңінің негізгі ойын айтады.


(жалмауыз, алауыз. ұятсынбай, ойланбай, тіл алмай, шығам деп, түсем деп, табам деп , шабам деп)
Сабырсыз - байсалды емес, шыдамсыз, төзімсіз, ұстамсыз, тағатсыз, өзін- өзі ұстай білмейтін адам
Арсыз - ұятсыз, бетсiз, бетбақ. шектен шыққан жағымсыз мiнез .
Еріншек - кежip, жалқау, бойкүйез.

5. Абайдың үшінші қара сөзін тыңдату
2 - тапсырма. «Кім жылдам ?» ойыны

Таратпа қағаз
Адамның мінез құлықтары
Жағымды Жағымсыз


Сергіту
Мынау менің- жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау- басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің- оң қолым,
Мынау менің- сол қолым
Барлық істі атқарған

3 – тапсырма. Мақал-мәтел
- Балалар Абайдың тағы басқа қандай өлеңдерңн, әндерін білесіңдер ?
Ән тыңдату. Абайдың әніні «Желсіз түнде жарық ай»
4. Болмасаңда ұқсап бақ !
Оқушылар «Күз» тақырыбына өлең шығарады (балалар тапсырманы орындағанда Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалады )
Қорытынды:
Балалар біз бүгін сабақта не үйрендік?
ББҮ кестесін толтырайық. (INSERT) картасы
Білемін Білгім келеді Үйрендім




Мәуе ағашы


(Жапырағы жоқ ағашқа жапырақтар іліп, жайқалту. Әрбір жапыраққа адамның бойындағы жақсы қасиеттерді жазып, әрбір жапырақты ілгізу)
Ғылым таппай мақтанба
Үйге: өлеңді , мақал - мәтелдердә жаттау



Бағалау парағы

Топтардың аты

Қырандар

Бұлбұлдар

Сұңқарлар

Қарлығаштар Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Абай. Сабырсыз, арсыз, еріншек (үзінді) можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ggggggggggggggggdfsf
Көрсетілім: 386 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar