Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай шаңырағы.  Кәмен Оразалин -

Абай шаңырағы. Кәмен Оразалин

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1348 | Размер: | Автор: гость
. Атырау қаласы
№9 Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің
Бастауыш мұғалімі:
Жапакова Нура Шегирткалиева

Ана тілі
Тақырыбы: Абай шаңырағы. Кәмен Оразалин
Мақсаты: Оқушыларға Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» әңгімесін оқыту арқылы Абай өмірі жайында мәліметті толықтыра отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыта келе; үлкенді сыйлауға, іззетті болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілік: оқулық, кітапшалар, суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Трамваймен кімдер келе жатты? Шал не істемек болды? Оған кім көмекке келді? Мәуленнің іс-әрекеті атаға ұнады ма? Ата кім жайлы әңгімеледі? Тақыр бас бала не істеп еді? Сол тақыр бас бала кім еді? Ата тақыр басты баланы таныды ма? Шал балаға не деді? Шал қандай мақал айтты?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтінде қандай ақыл,нақыл сөздер айтылады? Өзіңнің қосарың бар ма? «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.» дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау. «Үлкенді сыйлау» дегенді қалай түсінесің?
Ү .Жаңа сабақ: Кіріспе. Абай кім? Ол туралы не білеміз?
Абай Құнанбайұлы

(Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. 1845-1904. Семей өңірінде туған) Қандай өлеңдерін білесің? Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Сөздік жұмыс. (Шымши, ызу, алаша, сүйек төсек). Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың? Абай қайтқаннан кейін оның орнын өзгерпей ұстауды кім міндетіне алды? (Күнжан) Ол қыс бойы қандай жұмыстар істеді? Кімдер келді? Кәкітай не деді? Күнжанға олар не айтты? Әуез қария кімді есіне алды? (Абайды) Неге Әуез қария толқып кетті?
ҮІ . Жаңа сабақты пысықтау: 1. Суретпен жұмыс. Мәтіндегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді тауып оқы. (уық,керегесінің; қызыл күрең сырмен; ақ жүннен киіз; алаша,сырмақ;сүйек төсек; кітап шкабы; үш ішектідомбыра; қызыл күрең кілемнің; қонақ көрпелер;дөңгелек үстел.) Осы сөздерді пайдаланып, суреттегі Абай үйін сипаттап айт.2. Абайдың үйін кім әдемі етіп ұстады? Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?
ҮІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Мәтндегі әр бөлікке ат қой. (Абайдың үйін Күнжанның жабдықтауы. Қонақтардың бағасы. Әуез қарияның толқуы. т.б. өз еркімен)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұны, Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.